Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам бетінің пропорциясы

04 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам бетінің пропорциясы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың адам басының құрылысы жайлы таным - түсінігін кеңейту.
ә) Дамытушылы: Адам қаңқасындағы күрделі бөліктерін салуда жұмыс істеу әдіс - тәсілдерін арттыру, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Көрнекті құралдар: Адам басының қаңқасының суреті және негізгі мүшелері (көз, ауыз, мұрын, құлақ)
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету, сурет салу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
7. Үйге берілген тапсырма:
8. Адам денесінің пропорциясы.

Жаңа сабақ:
Адам басының негізі оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін – келбетін бейнелеу үшін ең алдымен бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адам басының сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек. Адам басының пішіні 4 түрге бөлінеді.
Адам басын бейнелеу екі сатымен орындалады.
Біріншісі - суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау.
Екіншісі – кескіннің құрастыру құрылысы мен көріністегі қолданылуы.
бастың сыртқы құрылысы терімен қапталғандықтан оның мүшелері (құлақ, мұрын, көз, ерін) ерекше бір әдемі пластикалық пішін түзеді. Олар адам басының ең қажетті мүшелері, адамның мінез құлқын, бет пішінінің бұзылуын бейнелеуге тікелей әсер етеді.
Адам басының суретін салу жүйесін жақсы игеру үшін әр түрлі адамдардың бет бейнесін қағаз бетіне нобайлап жылдам бейнелеуге жаттығу керек. бұл адамның бет құрылысын, бет пішінін әрі жақсы әрі дұрыс бейнелеуге үйретеді. Егер адам басын сәл еңкейтсе, онда иық, мұрын қысқарады. мұрынның ұшы ерінді жауып кетеді. Ал адам шалқайса, онда маңдай тарылады, тамақ керіледі, төбе көрінбейді, жақ сүйектердің етектері қырланып шығады. Осыған байланысты адам басының пропорциясы түрліше өзгеріске тап болады. Адам басының құрылысының пропорциясын меңгергеннен кейін адамның тұлғасын оңай бейнелеуге болады.

Сурет салу: Көмекші сызықтар арқылы адам басының қаңқасын бейнелеу:
1. Жұмыртқа тәрізді бас өлшемін сызамыз
2. Тігінен бір көмекші сызық сызамыз
3. Көлденеңінен көз тұсынан сызық, мұрын ұшының тұсынан сызық, екі еріннің орта тұсынан көмекші сызықтар сызамыз.
4. Осы сызықтар арқылы мүшелерін орналастырамыз (кз, мұрын, құлақ, ерін )

Бекіту сұрақтары:
1. Адам басының қаңқасының негізгі сүйектері?
2. Ада басының дамуы туралы не білдіңдер?
3. Адам басын бейнелеудегі екі сатыны түсіндір?
4. Бастың негізгі мүшелері?
5. Адам басының негізгі мүшелерінің орналасу реті?
Үйге тапсырма беру: «Мен ұнатқан кейіпкері тақырыбына сурет салып келу.

Мұғалімі Г. Дүйсенбаева
Адам бетінің пропорциясы жүктеу
5 954
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам тұлғасын бейнелеу
Адам тұлғасын бейнелеу
Адам анатомиясы туралы түсінік беру, адам тұлғасының құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
Үйлестіру заңдылықтары
Үйлестіру заңдылықтары
Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Суретшілер шығармаларын талдау
Суретшілер шығармаларын талдау
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сурет салудың әдіс – тәсілдері
Сурет салудың әдіс – тәсілдері
Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз. Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді - кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.
Адам тұлғасының суреті
Адам тұлғасының суреті
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.
Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.
Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×