Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға кескіндеменің өнеріндегі тақырыптармен сурет салуда мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т. б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру, құралдармен жұмыс жасай білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құрал - жабдықтар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 3 - сынып оқулығы және тағы басқа құрал жабдықтар, слайд. Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауға себепкер болады.

Кескіндемесіндегі тарихи тақырыптағы көркем туындылар нақты бір тарихи жанр шеңберімен шектеліп қалмады. Тарихи тақырып тарихи тұлғалар образын қайта жандандыруда тарихи портретте, тарихта нақты болған әскери жорықтар мен соғыс көріністерін бейнелеуде батальдық жанрмен мығым байланыс тауып отырды. Жоғарыда атап өткеніміздей, тек тарихи сюжетке негізделген композициялармен шектелу тарихи жанрдың негізгі мәнін, мазмұнын ашпайды. Ал, оны нақты тарихтан, әскери жорық көріністерінен бөле - жарып қарау мүмкін емес. Тарихи портрет, тарихи табиғат көрінісі және тарихи батальдың сюжеттер тарихи жанрдың құрылымдық бөліктері, оны жасаушы негізгі факторлар болып табылады.

ҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Америка бейнелеу өнеріндегі тарихи кескіндеменің даму барысына көз жүгірте отырып, тәуелсіздік идеясының жетекші рөл ойнағанына куә боламыз. Америка бейнелеу өнерінің, әсіресе, портреттер мен тарихи тақырыптағы кескіндемелердің романтикалық сипатта көрініс табуы оқиға барысын идеяландыру, ұлықтау, қастерлеу сезімдерінен туындаған көркемдік мәнер болды. Бұл ерекшеліктерді Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тарихи тақырыптағы кескіндемелік жұмыстармен салыстыра қарастыру барысында екі топтан да азаматтық және адамгершілік ұстанымдарының негізгі принцип болғанын байқаймыз.

Қазақстан бейнелеу өнерінің алуан түрлі сипатта болғанын жоғарыда атап кеттік. Дегенмен, тарихи кескіндемелер де осы адамгершілік позициялар негізінде өз жалғасын тапты. Осыған байланысты, бүгінгі Қазақстан бейнелеу өнеріндегі, әсіресе, кескіндемедегі жанрлардың даму барысын, олардың дамуының шекаралары мен жетекші рөлге ие болғандарын анықтау қазіргі қазақ кескіндемесі дамуының бір ерекшелігі болып табылады. Тарихи тақырыпқа қалам тартқан Қазақстан кескіндемесінің бүгінгі өкілдері М. Муллашев, Ж. Қайрамбаев, А. Дүзелханов, Ө. Жұбаниязов, Д. Қасымов, Д. Әлиев, Ш. Ноғайбаев, М. Қаспақ, Қ. Әжібеков, Б. Мырзахметов. А. Ахмедияров, Т. Тілеужан, т. б. кескіндемешілердің шығармашылығында қазақ тарихы әртүрлі сипат пен мәнерде шешім тауып, кескіндеме дамуының негізгі ерекшеліктері мен шекараларын анықтап берді.

Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою
1. Кескіндеме өнері дегеніміз не?
2. Кескіндемеге қандай өнер туындыларын жатқызуға болады?
3. Кескіндемеші суретшілер кімдер?
Үйге тапсырма Тақырыпты оқу, құралдар әкелу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретшілер шығармаларын талдау
Суретшілер шығармаларын талдау
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Бейнелеу өнерінің түрлері
Бейнелеу өнерінің түрлері
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×