Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңіске рух берген әндер

18 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 мектептің тәлімгері
Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы

Тақырыбы: «Жеңіске рух берген әндер»
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.

Көрнекіліктері: Жеңіске арналған плакаттар, тақырып жазылған билборд.
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Ұлы Жеңіс,
Бүгінде 65 жасқа толды міне.

Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Жеңіс күні біз бүгін ән саламыз.

Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! 9 мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
Сіздерді 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Келесі құттықтау сөзді Майлыбас ауылдық округінің әкімі ---------------- ағайға береміз.
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең.

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. 2. 3.
Байқауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі және ұпайы бірден хабарланады.
Жоғарғы ұпайы - 10
Төменгі ұпай – 5
І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.

Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би - билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастаймыз біз.

Таңданайық өнерге тамсанайық,
Биші – Бақнұр ортада қарсы алайық.
Шабыттансын, көңілі көтерілсін
Өнерліні мадақтап жар салайық.
Би:

Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!

«Отаным» орындайтын 5 сынып оқушысы:

Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.

«Мәншүк» орындайтын 6а сынып оқушысы:

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім?
«Қазақстан елі» орындайтын 9б сынып оқушысы:

Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,
Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.
«Сарбаздар « орындайтын 7б сынып оқушысы:

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
«Атамекен» орындайтын 9асынып оқушысы:

Қыр қызы орындады, берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты
«Мәншүк туралы жыр» орындайтын 6а сынып оқушысы:
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!
10 сынып оқушысы ----------------- орындауында «Саржайлау» әні

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар - қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның - соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.
6б сынып оқушысы ----------------- орындауында
«Егеменді ел Қазақстан» әні

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең - елең.
«Катюша» орындайтын 8а сынып оқушысы:

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Кенжебектей баламыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.
«Қазақ жігіттері» орындайтын:

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
10 сынып оқушысы ----------------- орындауында
«Синий платочек»
Армысың ата - қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.
«Атамекен» орындайтын 5 сынып оқушысы:
Батыр болған бабалар
Ел бастаған даналар
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздар қазақтың сарбаздары
«Сарбаздар» әні орындайтын 8б сынып оқушысы:
Астанам – нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
«Астана» орындайтын 9а сынып оқушысы:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі.
«Қазақ жігіттері» орындайтын 9б сынып оқушысы:
Бейбітшілік жанымыздың
Гүл саясы шешек атқан
Ырғағы ол әніміздің
Көгершіндей қанат қаққан
«Ақ көгершін» әні орындайтын:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
«Тәуелсіз қазақ елі» орындайтын:
Осымен байқауымыз тәмамдалды. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды.
34 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр жеңіс күні сценарий балабақшада
9 мамыр жеңіс күні сценарий балабақшада
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні, Жақсы үміттің шырағы жанды міне! Аспан бетін қаптаған қара тұман Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Жеңіс көктемі
Жеңіс көктемі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×