Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тісті күте білейік

28 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы,
Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Малаева Индира Жақсылыққызы

Сабақтың тақырыбы: Тісті күте білейік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай жуып кетіруге болатыны жөнінде әңгімелеу, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Жан - жақты білім беру, қиялын, сана - сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкеннің тілін алуға, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: баяндау
Әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауар, топтау.
Көрнекіліктер: суреттер, мақал - мәтелдер.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Ой қозғау
- Балалар бізде неше тіс бар?
- Сендер оларды қалай күресіңдер?
- Ненің көмегімен?
- Тамақтан соң жуып - тазалауды ұмытып жүрген жоқпыз ба?

Сен білесің ба?
Тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын араб еліндегі мұсылмандардан тараған. «Арак» ағашынан дайындалған тіс щеткасы «мисуәк» деп аталған. Бертін келе, тіс щеткасын 1448 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Көп ұзамай, оны саудагерлер Еуропаға апарған. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданылыпты. Уақыт өте келе, бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-тың «Дюпон» фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын шығарды. 1961 жылы АҚШ- та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Қазіргі біз пайдаланып жүрген тіс щеткасының қысқаша тарихы осындай.

Тіс щеткасын таңдағанда:
Балаларға арналған тіс щетка сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.
- Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.
- Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет. Себебі тіс еттеріне зақым келсе, сему (атрофия) ет ауруын тудырады.
- Басының ұзындығы 25-30мм тіс щеткасымен күрек тістердің қуысын жуа аласыз.

Тістегі дақтарды қалай кетіруге болады?
Никотин, шай, қызыл шараптан қалған дақтар тіске жабысып, ұзақ уақыт кетпей қалатын жағдайда құрамында ағартқыш заттары бар тіс пасталарын пайдаланыңыз.
Ал туа біткен дақтарды жоюға арналған тіс пасталары әлі ойлап табылған жоқ. Тіс ағартқыш пасталарды тек дақтармен күресу кезінде ғана пайдаланған дұрыс.

Тісті қалай жуу керек?
Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал. Таңертеңгісін, кешке астан соң, ұйқы алдында. Себебі астан кейінгі қалдықтар тіс қуыстарында қалып қойған, тістің шіруіне алып келеді.
Дұрыс жуылған тіске құрт түспейді. Тісті кем дегенде, үш минут жуу қажет. Өйткені тіс пастасы тісті қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Тіс жуғанда, щетканы күрек тістен азу тістерге дейін жеңіл қозғалыспен айналдыра ысып шығасыз. Одан соң, күрек тістер арқылы екінші жақ бөлігін, ысып шығасыз. Үстіңгі және астыңғы тістерді де кезек - кезек ысқылайсыз.

Тамақ қалдықтары тістің астыңғы жағында көп тұрып қалады. Сондықтан жеңіл қозғалыспен тістің ішкі қабатын ысып тұру қажет. Пародонтит, гингивит секілді тіс ауруларын емдеуде тісті осылай тазалаудың көмегі көп.

Жағымсыз иістер
Ауыз іші құрғап кеткенде, тіс зақымданғанда, тіс еттері ауруға шалдыққанда, ауыздан жағымсыз иістер шығады. Құрамында спирті бар заттармен ешқашан ауыз шайқамаңыз. Себебі спирт ауыз терісін күйдіріп, одан әрі құрғатып жібереді. Жағымсыз иістерден құтылудың ең оңай жолы - мамандарға қаралып, кеңесіне жүгіну. Уақтылы ауызды шайып, тісті мезгілімен жуып тұру. Мөлшерден тыс пайдаланған тәтті тағамдар тіс ауруына алып келеді.

Қорыту
- Тіс күтімін жақсы біліп, оны үнемі жуып жүрсек, ас қорытуы бұзылмайды. Тамақты жақсы қорытамыз.
Іш ауырса, тіс ауырса
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала,
Оны жақсы көреді.
20 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тісті күте білейік
Тісті күте білейік
Балаларға тісті тазалаудың пайдасын түсіндіру Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай жуып кетіруге болатыны жөнінде әңгімелеу, білімдерін кеңейту.
Тіс сұлулығы
Тіс сұлулығы
Тақырыбы: Тіс саулығы
Тісіңді сақта
Тісіңді сақта
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің мұғалімі Нурмашева Шарбану Насырқызы
Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз
Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Баймұратова Айсауле
Тістің құрылысы және гигиенасы
Тістің құрылысы және гигиенасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия, биология пәнінің мұғалімі: Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы
Тәуелсіздіктің ақ жолы
Тәуелсіздіктің ақ жолы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы Тәуелсіздік күніне арналған слайд "Тәуелсіздіктің ақ жолы" 1,2
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×