Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам өміріндегі эмоция рөлі және оның түрлері

23 қазан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тренинг тақырыбы:«Адам өміріндегі эмоция рөлі және оның түрлері».
Мақсаты:
1. Балаларға әр адамның жеке тұлға, өзінше ерекше екенін ұғындыру.
2. Балаларды өздеріне сырт көзбен қарауды, ішкі жан дүниесі мен тәні жайлы көзқарасын қалыптастыру.
3. Баланың зейінің, сөйлеуін, өз ойын еркін жеткізу және балалардың коррекциялық қимылы мен белсенділігін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, стикерлар,

Барысы:
І. Тренингке қатысушылармен танысу:
Келесі сызба бойынша әр қатысушыдан ақпарат алу.
Аты(есімі)
Сені еркелеткенде қалай атайды?
Есіміңді кім қойды?

II. Тренингтен күтетініңіз.
(Қатысушылар өз нұсқаларын стикерге жазып, өңдеуге тапсырады).
Ашықтық
Қуаныш
Әртүрлі ақпараттар алу

III. Тренинг ережесі:
Тапсырма: Ұсынылған ережелерден 3 ереже шығару.
- Тренингтің ережесі мен шарттары бәріне бірдей.
- Ешкім ешкімге ренжімейді: Бір−бірімізге қателесуге және оны түзетуге мүмкіндік береміз.
- Басты мақсат бір−бірімізге көмектесу.
- Құпияны сыртқа шығармау.
VI.«Суреттер бізге не дейді?»
Эмоция түрлерін ажырата алу қабілетін анықтауға арналған жаттығу.

IV. Сергіту:
Дене «тілі» мен адамның эмоционалдық жағдайын дамытуға арналған жаттығу.
- Сенің иығын «Мен білмеймін» деп қалай айтатының көрсет;
- Сенің арқаң қалай «Мен өте қарт адаммын» дейтінің көрсет;
- Сенің саусағың қалай «Бері кел» дейтінің көрсет;
- Сенің басың қалай «Иә, жоқ» дейтінің көрсет.

«Мимика»
Балалар сендер білесіңдер біз әр түрліміз, біздің көзіміз, шаш үлгіміз, жасымыз да әр түрлі. Әйтседе бір жағдайда бәріміз бірдейміз. Көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз болғанда жылаймыз. Бұл адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді.
Адамның ішкі сезімінің сырт көрінісі бет әлпеті арқылы көп жайтты аңғаруға болады. Мұны мимика деп атайды. Мимика бет әлпеттің тілі. Көңіл күй адам жанының көрінісі. Эмоция екі түрлі болады: жағымды және жағымсыз. Олай болса, балалар адамның жағымды эмоцияларын атап өтейік: бақытты, қанағаттану, келісу, қуану. Ал, жағымсыз эмоциялар: көңілсіздік, қайғы, стресс, т. б.
V.«Рөлге ену» жаттығуы.
Мимика және пантомимика арқылы көңіл күйді білдіруді қалыптастыруға арналған жаттығу.
А) Арқан бойымен жүріп өту.
- Сен цирк акробаты емессің, бірақ саған жерден биікте тартылған арқан бойымен жүріп өтуің керек. Сол кезде бойыңды қандай сезімдер билейді? Рөлге ен.
Ә) Оттан өту.
- От ыстық, айнала өртеніп жатыр. Қалай өтесің, қандай сезімде боласың? Көрсет.
Б) Желім жағылған еденнен өту.
- Бір бөлменің еденіне толығымен желім жағып қойған. Сол бөлменің бір шетінен екінші шетіне өтуің керек. Қалай өтесің? Көрсет.
В) Шөл далада жүру.
- Шөл далада айналада қызарып тұрған күннің астында ысып тұрған құм. Қалай өтесің? Қандай сезімдер бойыңды жаулап алады? Көрсет.
Г) Өзен жағасында жүру.
- Ыстық күні өзен жағасында салқын суда жүрсің. Қандай сезімде боласың? Көрсет.

Әңгімеден үзінді
Енді, мен сендерге Дастан деген баланың басынан кешкен мына оқиғаны айтып берейін, тыңдаңдар.
Бірде Дастан әжесіне қонаққа келді. Аулаға шықса, сол ауланың балалары ойнап жүр екен. Олармен танысқысы келген Дастан, балаларға жақын келіп:
- Сәлем! Мен Дастанмын. Мен сендермен ойнаймын – деді.
Қалай ойлайсыңдар, балалар ойнайды ма? Неге?
- Балалар Дастанның өз - өзіне сенімді бұйыра сөйлегенін, менсінбеген түрін ұнатпай онымен достаспады. Ренжіген бала әжесіне келді. Ал, әжесі немересіне өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын әңгімелеп берді. «Кеудеңді көтерсең, достарыңнан айырыласың». Бұл оқиға сендердің де естеріңде болсың.

VII.«Пантомимика ойыны»
Бұл ойын баланың мінез құлықты эмоциясы арқылы танып білуге көздейді. Мысалы: топтарға бөлініп, түрлі мимикамен түсіндірілетін тапсырмалар беріледі.
А) Ауырған немесе шаршаған анасын баласы қалай аймалайды?
Ә) Оқушы қарт кісіні жолдан қалай өткізу керек?
Б) Ренжіскен екі дос бір – бірімен қалай татуласады?
Ал енді осыны көрсетеміз.

VIII.«Қолды таңдаймын»
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.
Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады).
«Тыңдаңыздар. Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыз. Ол қандай? (кішкентай, нәзік, батыл, суық, т. б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретінің тыңдаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір біріне тигенде не сездіңіздер?»
«Мен өзімнің жағымсыз көңіл - күйімнен арылу үшін....» сөйлемді аяқтау.

X. Рефлексия: «Бүгін мен түсіндім (көрдім, сездім, білдім)»

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылы,
Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алишер Жанатұлы Абжанов
20 253
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогтарға арналған тренинг
Педагогтарға арналған тренинг
Тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қабілетін арттырып, бір - біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастырып, ұжым арасындағы қарым - қатынасты дамыту.
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Педагогтардың ұжымдық сыйластыққа, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Көлбеу жазықтық
Көлбеу жазықтық
Сабақтың тақырыбы: Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы, №11 «Балауса»балабақшасының педагог – психолог Айсұлу Пазылова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×