Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық мейрамы

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Мақтарал» мектеп - гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: Бакирова Д.
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық мейрамы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру. Қазақ халқының аыз әдебиеті мен шешендік өнері туралы баяндау.
Дамытушылығы: Ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау, оқушының ой өрісін, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін, сөйлеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету. Елін, отанын қадірлей білуге еңбек сүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, кеспе қағаздар, сөз жұмбақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу
2. Сабаққа дайындығын тексеру
3. Сабаққа назарын аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау?
1. Қазақ халқының шешендік сөз өнері?
Біздің ата - бабаларымыз жүйесін тауып, орынды сөйлеуді үлкен өнер деп санаған. Шешендік сөз өнері ерекше маңызға ие.
2. Рухани мәдениетке нелер жатады?
(Халықтың әдет - ғұрпы, салт - санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял - ғажайып әңгімелері, діни наным - сенімдері)
3. Ауызша деректер нешеге бөлінеді?
1. Тарихи аңыздармен шежірелер
2. Мифтік аңыз әңгімелер
3. Ертегілер
4. Мақал - мәтелдер
5. Жұмбақтар
6. Шешендік сөз өнері
4. Қазақстанда мекендеген ру - тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда не деп атаймыз?
(Фольклор)
5. Фольклорға нелер жатады?
(Ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз әңгімелер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар,
эпостық жырлар)
6. Қай ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты?
(ХҮ – ХҮІІ ғғ)
7. ХҮ – ХҮІІ ғ қазақтар қандай жазуды қолданған?
(араб)
8. Шешендік сөз өнерінде билердің алатын орны?
Билер қашанда ел басына қиындық түскен заманда өздерінің жүйелі сөздерімен жауыныңда, досының да тілін таба білген.
9. Қазақ халқының шешендік сөз өнері дамыған дәуір?
ХVIII ғасыр
10. Қазыбек бидің Жоңғария қонтайшысына айтқан сөзі?
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөзді асырмаған елміз
Дәм тұзым ақтай білген елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды.
Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сөз жұмбақ
Т
А
Р
И
Х

1. Қазақ хандығы заманында, шығыс әлеміне танымал болған қала?
2. 1740 жылы 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылайханды босатып әкелген кім?
3. Халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы?
4. Тарих атасы Геродот Сақтарды не деп атады?
5. Адамзат қоғамының өткенін жан - жақты зерттейтін ғылым саласы?

ІІІ Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1. Қазақтың ұлттық мейрамдары.
2. Наурыз мейрамы.

Қазақтың ұлттық мейрамдары. Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт – дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті болады. Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік салт – дәстүрі және әдет – ғұрыптары ба. Әдет – ғұрыптар шаруашылық, дүниетанымдық, отбасылық, қоғамдық сияқты түрлі тармақтарға бөлінеді.

Солардың біразы қазірге дейін сақталған. Қазақ халқының ертеден ертеден келе жатқан дәстүрлерінің ішінде қонақжайлылық, ас беру, түрлі той – думандар өткізілудің маңызы жоғары болған. Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан. Олар: бесік той, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той т. б. Үйлену той – ежелден келе жатқан дәстүр. Жалпы қазақ халқында ертеде қыз бен жігітті бала кезінен атастырған. Жігіт жағы қыздың ата – анасына қалың мал төлейді. Қыздың ауылында «қыз ұзату», ал келін түскен үйде «Беташар», «Жар - жар» сияқты ән – думандар өрнектелген той өтеді.

Наурыз мейрамы. Наурыз - көне иран сөзі, қазақша мағынасы «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыздың 22 - сі қазақтар үшін жыл басы – жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын – Ұлыстың ұлы күні деп атаған. «Ұлыс» деген сөз мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді. Жер беті бусанып, қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл уақытты «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағы деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы көкке тиіп, бір жасап қалады.

Наурыз күні жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алады. Бір – біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Бір – біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Тіпті, осы наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. «Самарқанның көк тасы да жібиді» деген сөз содан қалса керек.

Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарқаны бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын – сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткіздік.
Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді. Бәйге, күрес, көкпар, қыз қуу, айтыс, жамбы ату сияқты ұлттық сайыстар өткізіледі.

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған.

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.

Талипов Орынбасар: Бата
Әуелі, құдай оңдай көр,
Оң жолына бастай көр,
Адасса жолға сала көр,
Сүйсінсе қолдан ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр!
Жұлдыздармен жалғастыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!

ІҮ Қорытындылау:
Ү Сабақты бекіту:
1. Қазақ халық халқының ұлттық салт – дәстүрлерін ата.
2. “Ұлыстың ұлы күні” деп қандай күнді айтады?
3. Наурыз мейрамы қалай тойланады?
4. Наурызға қатысты қазақта қандай бата тілектер бар?
5. Қазақтың қандай дәстүрлері ұлттық ойындарын білесіңдер?
6. Наурыз көже қанша тағамнан жасалады?
7. Наурыз күні қай күні тойлана

Қоғамдық өмір өрістеп
Сан ғасыр зулап өтседе
Наурыз тойын теріс деп
Айтпаған ешкім әйтсе де
Өйткені оның бойында
Еңбек бірлік достык
ҮІ Оқушыларды бағалау:
ҮІІ Үйге тапсырма: §39, 40 оқу
“Наурыз мейрамы” тақырыбына реферат, буклет орындау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
Діннің пайда болуы. Қазақ халқының діни наным сенімдері
Діннің пайда болуы. Қазақ халқының діни наным сенімдері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 18 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Аманджолова Эльза Балтабековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×