Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала Сұлтаннан бастау алған тұлға

28 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласы,
№ 23 орта мектеп, орыс тілі пәнінің мұғалімі
Бозжигитова Ляззат Конакбаевна

Тақырыбы: Бала Сұлтаннан бастау алған тұлға
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент», «Балалық шағымның аспаны» көркем фильм

Жүру барысы
Мұғалім сөзі: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Ал осы Елбасымыз туралы не білеміз? Оның өмірі туралы қаншалықты хабардарсыз? Ендеше, мен бүгінгі кездесуімізді Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы мен жастық шағына дейінгі өмірі жөнінде айтпақпын. Себебі сіздер қазір мектеп қабырғасында оқып жатырсыздар. Өмірлерің алда. Қандай мақсат қоясыз, қандай жол таңдайсыз? Осының бәрі сіздерді мазалайтын сұрақтар. Ал осындай ел мақтанышына айналған адамның өмірі кім кімге де үлгі.

Нұрсұлтан Әбішұлының дүниеге келуінің өзі ерекше екен. Көптен балдары болмаған соң әулиенің басына түнеп, құдайдан сәби тілеген екен ата-анасы, сол күні анасы түс көріп, түсінде теңіздің түбінен күміс мылтық тауып алып шығады екен. Міне, осының өзі баланың болашағы жарқын екенін, көп нәрсеге қол жеткізетінін білдірген ғой. Елбасы дүниеге келгенде қатты жаңбыр жауған екен. Мұны нұр жауды деп атын Нұрсұлтан деп қойған екен. Қараңдаршы, біз осындай жағдайларды біле бермейміз. Елбасымыз туралы көркем фильм түсірілген екен. Бұл «Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. 2011 жылы 7 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болып, фильмнің тұсаукесерін тамашалады. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады. Міне бірінші бөлімі осы жайында екен. Соңында біз бұл фильмді тамашалаймыз. Ал қазір шарамыздың негізгі бөліміне келейік. Мен сіздерге қазір мәтін таратамын. Сол мәтінді бәрің дұрыстап оқып, түсініп, осы мәтіннің ең негізгі жерлерін басқа топқа түсіндіріп айтып бересіздер. Осылай барлығың еліміздің тұңғыш Президентінің балалық шағы, жасөспірім шағы және жастық шағы туралы білетін боласыздар. ( әр топқа таратылады)
Жасөспірім шағы

Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.
Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын».

Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.
Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.

Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді.
Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.
Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Жас Назарбаев бұлшық еті мен мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей білді.
1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтың қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды.
Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді.

Жастық шағы
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.
Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының диспетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.

Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды.
Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті. Ол онда Теміртауда тұратын талапкерлерден жасақталған ЛП-62-2 (қара және түсті металл құйма өндірісі) тобына бөлінді.

Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-вузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты.
Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы «Қармет» жанындағы зауыт - вузды бітіріп, экономист дипломын алды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді қызықтыруға және соңына ерте білуге қабілеттілігі байқалып, бағаланды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.

Біраз уақыт өткен соң ол бұл маңызды іске қызу араласып кетті. Қалың көптің ортасында солардың мүддесі және арман-тілектерін сезіне отырып тіршілік ету, оларды басқару мен ұйымдастыру Назарбаевтың қанында бар қасиет болып шықты.
Бірге жұмыс істеген жандардың көбі кейіннен оның адамды және оған қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны туралы айтып жүрді.
Болашақты бастап берген бала шақ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері, кіндік қаны тамған кіші Отаны – Алматы іргесіндегі Қаскелең, соған жалғас Шамалған ауылы, оның аржағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауы. Қазақстанның болашақ Президентінің балалық шағы осы жерлерде өткен. Сол балалық шағында-ақ бойындағы асыл қасиеттердің алғашқы белгілері бой көрсетіп, бүр жарған. Әрине, Нұрағаңның перзенттік сағынышының бұлжымас Қағбасындай осынау туған өңірдің қасиет қайнарлары бөлек әңгіменің өзегі. Ал туған жер, балалық шақ, бала күнгі достар әрдайым Елбасы көңілінің төрінде. Туған ауылға Нұрсұлтан Әбішұлы мүмкіндігінше ат ізін салып тұрады, балдәурен балалық шақтағы достарды, бірге оқыған сыныптас жора-жолдастарды ұмытпайды, достық дәнекерін үзбейді. Ел Президентінің болашағын бастап берген бала шағы туралы сыныптас достарының әңгімесіне көз жүгіртейік.

Нүсіпхан НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ, зейнеткер, Шамалған ауылы:
– Өзім есімді біліп, көзімді ашқаннан ауылда алғаш таныған балам Нұрсұлтан еді. Бірінші класқа да бірге бардық, бірге оқыдық. Осы Шамалғанда “Колхозная” деп аталатын бір көшенің бойында тұрдық. Әбіш ағаның үйі, менің әкемнің Тұзақ, Жұмақан деген бауырларының үйі – бәрі қатар орналасты. Біздің үй мен ол үйдің арасында Әбет деген кісінің үйі болды. Қазақы ұғымға салғанда, бәріміз бір атаның баласымыз. Сонда да болса Әбіш аға біздің шалды, менің кіші әкем Жұмақанды сондай жақсы көретін. Екеуінің көңілдері өте жақсы болды. Дос. Құрдас. Бір-бірін туған бауырдан артық сыйлайтын. Бір-бірін көрмесе, “қайда жүр?” деп сағынып іздейтін. Бастары қосылса, әңгімені соғып таңға дейін отыратын.

Ал енді Нұрсұлтан сабағын өте жақсы, кілең беспен оқыды. Өте зейінді, зерек бала болды. Мұғалімнің айтқан бір сөзін де қағас жібермей, қағып алып отыратын. Бала кезде не болмайды? Біз жүгіріп ойнап кетеміз. Сұлтан болса, қолынан кітап түспейді, оқитыны – тек кітап. Әрқашан салмақты, байыптылығынан жазбайды. Қақ-соққа кіріспейтін, өте ұстамды болатын. Бір ғажабы, бала да болса өзін үлкен кісілер қатты сыйлап тұратын.
Қарасаев Жылқыбай деген бір мұғалім болды. Өзі соғысқа барып келген кісі еді. Ол кісі жүргенде мектепте ұшқан шыбынның ғана ызыңы естілетін. Сондай сұсты, қатал адам болатын. Бірде бәріміз шуылдап, ойнап, апыр-топыр болып сыныпқа кірдік. Сөйтсек, Нұрсұлтан жайымен ғана партада отыр. Осыны көрген Қарасаев әлгі жерде: “Мына Нұрсұлтаннан басқаларың бәрің өгіз айдайсыңдар. Алысып-жұлысып, түйебас ойнап жүргендерің мынау!” деп ұрысты бәрімізге. Сол ұстазымыз сонда нағыз әулиенің сөзін айтқан екен.

Шара ҚАТУБАЕВА, зейнеткер, Шамалған ауылы:
Үшқоңырда мектеп болмағандықтан, мен бесінші-алтыншы сыныптарды Шамалғанда, Әбіш ағалардың қолында оқыдым. Аға-жеңгем өз қызындай мәпелеп ұстады. Әсет шешем менің 13 жасымда қайтыс боп кетті. Содан соң Әлжан жеңешем мені бауырына тартып, жаны ашып, жақсы көріп, қамқор болатын.

Нұрсұлтанды үйде бәріміз Сұлтан дейміз. Сұлтан ақылды, жақсы бала болып өсті. Үй ішіне де, әке-шешесіне де жайлы. Әкесінің бір сөзін екі етпейтін. Сол үйдегі баланың үлкені болғаннан кейін қарды күреу, отынды жару, көктемде бау-шарбақ отырғызу сияқты барлық жұмыстар Сұлтанның мойнында еді. Ол анау-мынау деп қиқаңдап, кейбір балаларша жұмыстан қашпайтын, сабағын да үлгеріп үздік оқитын. Әке-шешеге жасынан қайырымды, мейірімді болды. Артындағы екі іні, бір қарындасына да жаны ашығыш еді. Сатыбалды деген інісі еркелеу болып өсті.
Әбіш ағамыздың өзі момын болса да, сондай сабырлы, тереңнен ойлайтын, еңбекқор кісі еді. Еңбекқорлығы сол, наурыздың соңы, сәуірдің басында жеделдетіп картобын отырғызып тастайтын. Жаздың ортасында оны қазып алып сатып тастайды. Орнына қайтадан картоп салып, күзде қайта қазады. Осының бәріне бел шешіп көмектесіп, басында жүретін Нұрсұлтан.

Мектепте оқудың озаты. Бірақ ол “мен мынандаймын” демейді. Қарапайым. Кішіпейіл. Жан-жағына мейірімді бала болды. Ойға алғанын істемей қоймайтын қайсар. Бала күнінен батыр еді. Мектепті бітіре сап 17 жасында сонау Украинаға тартып кетуі – о да батырлығы ғой. Беталды бала бара ма? Кейбіреу баласын жетектесе де бармас еді сол жерге. Бұл болса өзі жарып шықты. Әйтеуір әкесі малын сатып, ақшасын салып, жолына көлденең тұрмай, бара ғой деп батасын беріп, тілегін тілеп отыратын. “Әке – балаға сыншы” дегендей, осы баламнан бірдеңе шығады деп байқайды ғой.
Әбіш ағаның үйі үлкен екі бөлме болды. Сұлтан екеуміз қатар сыныпта оқыдық, сабақты бір үстел басында отырып дайындаймыз. Сатыбалды ініміз жармасып, менің қасымда отырады. Өйткені, ол да мен сияқты орыс сыныбында оқыды. Мен сабағын қарауға көмек¬тесемін. Өзім математикаға шорқақпын. Маған Сұлтан көмектеседі. Жазып беріп, көшіріп ал демейтін. Есепті қалай шығарудың жолын түсіндіріп қана айтатын. Өзі қазақ сыныбының бағдарламасын місе тұтпайтын. Орыс әдебиетін орыс сыныбының оқулығынан оқитын. Шығарма жазса бағдарлама шеңберінде қалмай, ұлғайтыңқырап жазып отыратын. Қазақ сыныбында оқыса да орыс әдебиетін орыс сыныбының дәрежесінде білетін. Пушкин, Чернышевский, Некрасов. Фадеевтің “Молодая гвардиясы”. Басқа да кітаптарды көп оқитын. “Ботагөз”, “Абай жолы”, “Робинзон Крузо”, “Гулливердің саяхаты”. Дәу-дәу кітаптарды кітапханадан алып оқиды. Бірнеше кітапты қатар бермесе, маған алғызады. Түнде майшаммен оқиды. Сосын Әбіш аға үйге елден бұрын электр жарығын кіргізді.

Пікірлесу
Сұрақ: Балалар, өздерің Президенттің өмірі жөнінде не білдіңіз? Қаншалықты әсер қалдырды? Өздеріңнің оған ұқсайтын жерлерің бар ма? Жеке қасиеттерінің ішінде өзіңе үлгі алатыны бар ма?
Тұңғыш Президентінің бала кезінен көріне білген қасиеттерін атаңдаршы
( тақтаға қасиеттерін жазады)

Қорытынды бөлім.
«Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмінен үзінді көрсетіледі. Балалық кезі, жасөспірім кезі және жастық шағы кезіндегі фотосуреттер көрсетіледі.
Автор орындығы. Әр оқушы отырғышқа отырып, бұгінгі шарамыздан қандай ой түйді, нені үлгі ретінде өміріне алады сол туралы ашық ойын айтады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
9 676
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»
1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»
Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу. Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×