Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күш – білімде

22 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Күш – білімде.
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
2) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру;
3) өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын
зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, картішкілер, суреттер, презентация, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, тақтадағы суреттер

Сабақтың барысы:
Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабының әр бетін

Ұйымдастыру:
1. Сайыстың мақсатын айту;
2. Сайысқа қатысушылармен таныстыру;
3. Жеңімпазды анықтау.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 2 сыныптар аралығында өткелі отырған «Күш – білімде!» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Сайысымызға барлық оқушылар қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болайық.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең белгілі бір пәнге арналады және өз ұпайлары бар, сол арқылы ұпай жинайсыздар. Сонымен дайын болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілеймін. Алғашқы кезең қазақ тілі пәніне арналады.
1-кезең
Қазақ тілі:
5 ұпай сөздерді буынға бөлу: жазбаша.
1. Қоңырау, бала, кітап, қалам, дәптер
10 ұпайдың сұрақтары:
1. Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді? Д
2. Дауыссыз дыбыстар қандай түрге бөлінеді?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Ө дыбысы қандай дыбыс? О дыбысы қандай дыбыс?
5. І дыбысы қандай дыбыс? Ы дыбысы қандай дыбыс? Ұ қандай дыбыс? Үдыбысы қандай дыбыс?

Сөздік жұмыс:
Білім - знание
Кітап - книга
Кітап оқу - читать книгу
Жазу - писать
Білім алу - получить знание
Күш білімде - сила в знании

2 - кезең
Математика:
5 ұпай. Жазбаша. Есеп шығару.
60 + 30 =90 10+20 = 10+10 = 1+6 =
10 ұпайдың сұрақтары:
1. аптада неше күн бар? 6+7
2. 1 айда неше күн бар? 30 - 31
3. 1 айда неше апта бар? 7+7+7+7
Сергіту сәті

3 - кезең
Дүниетану.
10 ұпай.
1. Ағаш діңін тоқылдатып, оның қабығының астындағы қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін табады. Ол не? (тоқылдақ)
2. Егер біреуі ауыр олжа тапса, оған басқалары қолма - қол жәрдемге келеді. Олар олжасын сүйретіп, бір ізбен шұбайды. (Құмырсқалар)
3. Күндіз демалады да, түнде қорегін аулауға шығады. (Жапалақ, үкі)
4. Көктем мен күзде түлеп, түсін өзгертеді. Желаяқ жүйрік және секіргіш. (Қоян)
5. Тауыққа ұқсайтын кішкентай құс, қалың шөптің арасын шұңқырлап, ұя салады. (бөдене)
6. Мысық тұқымдас жабайы аң, биік тау басында тіршілік етеді, ақылды, күшті, сымбатты. (барыс)

4 - кезең
«Әдебиеттік оқу»
10 ұпай.
Мәтінді тізбектеп оқы, мәтінді аудар, мәтіннен жаңа сөздерді ата. Прочитай текст переведи, найди новые слова.
1. Алтынсарин көшесiнде кiтап дүкенi бар. Дүкен тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен оқулық, сөздiк сатып алдым.
2. Сары, үлкен қауын жедік. Жәнияның қызыл добы бар. Қайрат қызық кітап оқыды. Қалада зәулім үйлер бой көтерді. Бақытжан қолын көтеріп, жауабын айтты.
3. Күз келді. Күн суыта бастады. Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.
Құрметті сайыскерлер! Оқушылардың ұпай сандарын есептейік.
Қолдарыңдағы ұпайларды қоса қойыңдар.
Ең жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.

Қорытынды.
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Күш - білімде» атты білім сайысы өз мәресіне жетті. Сайысымыз осы жылда алған білімдеріңізді көрсетті. Сайыс барысында өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер! Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар және нағыз білгірлер болады деп сенеміз!
Нәтижелерін шығару, мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс ету.
3 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
Ақылдылар мен тапқырлар
Ақылдылар мен тапқырлар
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы «Ленин атындағы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Күш - білімде!
Күш - білімде!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Озық ойлы дарындылар
Озық ойлы дарындылар
Атырау қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Динара Тастемірова Ерболқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×