Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы оқушы

29 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сыныпты безендіру.

Сайыстың барысы. І Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді, жастар екені даусыз. Осы мақсатпен біз 3 - сынып оқушыларымен бірге күнделікті алған білімімізді ортаға салып, байқамақпыз.

III. 3 сыныптар арасында «Озық ойлы оқушы» атты топтық сайысының ережелерімен танысып алайық.
1. «Кім зерек?» бөлімі. Мұнда оқушылар пән бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

2. «Жүйрік ой» бөлімі. Бұл бөлім бойынша оқушыларға тірек сөздер беріледі, сол сөздерді пайдаланып, оқушылар шағын мәтін құрастырады. Оған 2 минут уақыт беріледі.

3.«Сөз құрақ» бөлімі. «Тәуелсіздік» деген сөзден 2 минутта көп сөз ойлап шығару керек.

4. «Кім шапшаң?» Берілген геометриялық фигуралардан бір бейнені құрастыру.

5. «Полиглот». Бұл бөлімде 3 мақал - мәтел, 3 жұмбақ беріледі. Сол тапқан сөзді қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару.

6. «Әуенді тап». Мұнда бір әуеннен үзінді ойналады, сол үзіндіні әрі қарай жалғастыру керек.

7. Қорытынды.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныс болайық.
(Әділ - қазылар алқасымен таныстыру).
1. -----------
2. ------------
3. -----------

. Ортаға 3 «а», сыныптардың оқу озаттарын шақырайық:
1. 3 «а» сынып. «Алғырлар тобы.
2. 3 «ә» сынып «Тапқырлар» тобы.

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер!
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, сайысымыздың «Кім зерек?»» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бірінші қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сонымен оқушылар, іске сәт.

I. «Кім зерек?»
1. Мемлекеттік тіліміз? (қазақ тілі)
2. « Менің атым Қожа» әңгімесінің басты кейіпкері? (Қожа)
3. 9 бен 6 ның көбейтіндісіне 15 ті қос. (69)
4. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? (1991 жылы)
5. Тауық 2 аяғымен тұрса 5кг, ал 1 аяғымен тұрса неше килограмм? (5 кг)
6. 2 кг тас ауыр ма, 2кг мақта ауыр ма? (Тең)
7. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
8. Тірі табиғат мүшелерін ата. (Адам, жануарлар, құстар, өсімдіктер)
9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
10. Қазақстан Республикасының елбасы кім? (Н. Назарбаев)
11. Соңғы ұшқан қазақ ғарышкер кім? (Айдын Айымбетов)
12. Төртбұрыштың бір қабырғасын кесіп алсаң неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
13. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Оның біреуін аңшы атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды)
14. Жұмадан кейінгі қай күн? (Сенбі)
15. Аң аулағанда қай құсты алып шығады? (Бүркіт) 16. Биыл тәуелсіздікке неше жыл? (25 жыл)
17. Достықтың неше түрі бар? (2 түрі бар)
18.. Көкжиектің тұстарын ата (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
19. Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола)
20. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
21. Биыл Жамбыл Жабаевтың неше жылдығы тойлануда? (170 жылдығы)

II. «Жүйрік ой».
Бұл сайыста бірнеше сөз беріледі, сол сөздерге шағын мәтін құрау.
(Аулада, күн, көктем). (Астана, Бәйтерек, жас).

III. «Сөз құрақ» бөлімі. « Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз құрап жазу.
Мысалы: (Тәу, ел, сіз, әуел, елсіз, елдік)

IY. «Кім шапшаң?» бөлімі. Берілген геометриялық фигурадан 1 минут ішінде,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, құрастыру.

Y. «Полиглот» бөлімі. Берілген мақал - мәтел, жұмбақты 3 тілде айту.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... жарады. (бас)
2.------ - кеме, білім теңіз. (Мектеп)
3. Бала, бала деп, түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)
4. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Ол – не? (Сызғыш)
5. Бір – бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу, кім білді? (Сегіз)
6. Ұлды отыз үйден тыю,
Қызды --------- үйден тыю. (Қырық)

VI. «Әуенді тап» бөлімі. Әуеннен үзінді тыңдап, әрі қарай жалғайсыңдар.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
VII. Қорытынды. (Әділ қазылар мүшесі қорытындысын айтып, көп ұпай жинаған топты марапаттайды.
11 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күш – білімде
Күш – білімде
Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі»
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна
Ақылдылар мен тапқырлар
Ақылдылар мен тапқырлар
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы «Ленин атындағы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Білім тарландары
Білім тарландары
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×