Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің елім – Қазақстан»» «Көк ту» (Саусақпен сурет салу әдісі)

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі.
Өтпелі тақырыбы: Менің Қазақстаным
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану. Сурет салу.
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан»» «Көк ту» (Саусақпен сурет салу әдісі)
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту.
Балаларға сұқ саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң ыдыстағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек екенін түсіндіру. Қазақстан жалауын әшекейлеуге, лайықты бояу таңдай білуге үйрету.
Балалардың қиялын, көркемдік талғамын дамыту. Бояу түстерін пайдалануға дағдыландыру. Балаларға Қазақстанның мемлекеттік жалауымен таныстыруды жалғастыра отырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, мақал – мәтел, сурет салу.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер, Елорда Астана.
Билингвальды компонент: Отан – Родина -, Туған жер – родная земля –
Технологиялық қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының картасы (слайд). Еліміздің, жеріміздің молшылығын бейнелейтін бейнетаспа. Жер шарының кішкентай макеті (глобус)
Балалар залға «Көк тудың желбірегені» әнімен кіреді.
Ән ұран орындау, экраннан Қазақстан Республикасының рәміздері мен көрікті жерлері көрсетіледі.

Сәлемдесу:
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел, қосылып айтайық бір - бірімізге...
Балалар: Сәлем! Хэллоу!
Балалар «Еліміз, жеріміз аман болсын!» - деп бәрі бірге тілек айтады.
Тәрбиеші: Балалар, тілектерің қабыл болсын. Ал, балалар сендер білесіңдер ме,
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалардың жауабы: Қазақстанда.
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалардың жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев.
- Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала?
Балалардың жауабы: Астана қаласы.
- Қазақстан Республикасының неше рәміздері бар?
Балалардың жауабы: Әнұран, Елтаңба, ту.
Ғажайып сәт: Пошташы келеді:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бұл «Еркемай» балабақшасының «Жұлдыз» тобы ма?
Балалар: - Сәлеметсіз бе, апай.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, бұл « Жұлдыз» тобының балалары.
Пошташы: Жарайсыңдар, балалар. Мен пошташымын, сендерге хат әкелдім.
(Пошташы хатты беріп, шығып кетеді)
Тәрбиеші: Бұл хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін.
- Здравствуйте дорогие дети из Казахстана! Пишут Вам дети из России. Мы очень хотим подружится с Вами. Напишите нам о себе, расскажите о своей Родине. Мы посылаем Вам свой рисунки: это мы в национальной одежде. Ждем вашего письма.
- Балалар, мына хата біздің көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды.
- Балалар, сендерҚазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?
Амина.
- Наша родина Казахстан. Наш президент Нурсултан Назарбаев. Казахстан моя родная земля.
- Отан туралы не білесіңдер?
Назерке:
- Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз, Отан деген – Қазақстан Республикасы, Отан дегеніміз - Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.
(Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін тақпақтар арқылы білдіреді)

1 - бала Али
Отан сенің ата - анаң,
Отан досың - бауырың.
Отан өлкең - астанаң,
Отан аудан - ауылың.
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елін, өз халқын.

2 - бала Муса
Отан - өлең, Отан - жер.
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл.
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.

3 - бала Айназ
Отанды жас, кәрімізде,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - Ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел.

Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі: Ундаганова Айслу Хамитовна

Менің елім – Қазақстан»» «Көк ту» (Саусақпен сурет салу әдісі). жүктеу
31 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Күн
Күн
Саусақтарды бояуға малып қағазға ізін түсіріп күннің суретін салу. Балалардың саусақ бұлшықеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
Балалардың тілдік қарым - қатынасқа, дұрыс сөйлеу тіліне назар аудара отырып, көкөніс туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×