Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүлдіршін-Ару

06 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ШҚО, Аягөз қласы, К.М.М.
«К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі»
бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нұргүл Мұратқызы.

Тақырыбы: «Бүлдіршін-Ару» атты сынып ішіндегі қыздар сыны байқауы.
Мақсаты: 1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.
Шарттары: 1). Қыздың сыртқы бейнесі, киім киісі, шаш үлгісі, жүріс-тұрыс мәдениеттілігі.
2). Өзін таныстыру(тегі, туған жері, әуесқойлық ісі т.б.).
3). Білім деңгейіне көңіл бөлу.
4). Өнерге бейімділігі.
5). Қолынан іс келетіндігі, шеберлігі.
6). Мәнерлеп әдеби өлең оқу қабілеті.
7). Сән көрсету үлгісі.
8). Мақал-мәтелді қаншалықты біледі.
Осы шарттарға басты назар аударып көңіл бөлу.
МАРАПАТТАУЛАР:
БАС ЖҮЛДЕ-1
І-орын-1
ІІ-орын-1
ІІІ-орын-1 және арнайы номинациялар( «Білімді ару», «Өнерлі ару», «Сүйкімді ару»)
1). «Ана-біздің күніміз»
2). «Қыз-өмірдің қызғалдағы»
3). «Қыз-өссе елдің көркі, Гүл-өссе жердің көркі»
4). «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ»
5). «Оқыған жетер мұратқа» т.б.
6). Суреттер, шарлар, гүлдер т.б.

Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. «құрметтесек ананы құрметтейік» дегендей, мереке қарсаңында біз де осы аяулы ата-аналарымыздың басын қосып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.

Гүлім: Жаным анам, жүзіңнен нұр шашылған,
Қысылғанда табыласың қасымнан.
Талай-талай шаршатқаным еркелеп,
Көрініп тұр қырау шалған шашыңнан.
Елнұр: Қуанышпен күлім қағып қарайсың,
Сәбиіңді шаттығына санайсың,
Тілегіңді жүрегіңнен сыйлайсың,
Сен – мен үшін аппақ таңсың арайсың – дей отырып кезекті аналарға арналған «әдеби монтажға» береміз. (Оқушылар тақпақтарын айтады.)
ІІІ. Негізгі бөлім.
Гүлім: Кешімізді ары қарай жалғастырамыз.
Келесі кезекті еліміздің ертеңгі болашағын жалғастырушы, «Бүлдіршін-Ару» сайысына қатысушы бүлдіршін аруларымызға берейік.

Елнұр:Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Алдымен сәлем беру-салтым менің.
Шығады көркем ару, сұлуларың,
Қарсы алып құрметтейік туған халқым.

Гүлім: Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың,
Қарсы алайық құрметтеп аруларды,
Ұстанған қазағымның ата салтын.
(Саппен қыздар ортаға келіп тұрады.)

Елнұр: Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:
1). Тәрбие ісінің меңгерушісі-
2). Бастауыш бірлестігінің жетекшісі-
3).Бастауыш сынып мұғалімі-

Гүлім: Сайысқа қатысушы қыздар бір-бірден келіп реттік номерлеріңізді алыңыздар.
Елнұр: Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныттыршы өзіңді.
(Қыздар реттік нөмірлері бойынша өздерін, ортаға шығып таныстырады.)

Гүлім: Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

Елнұр:Ұрпағымыз жаңа өмір-жаңа ғасыр,
Оттылық, тектілік бар көзімізде,
Шешендік, көсемдік бар тілімізде деп кезекті
«Мақал-сөздің мәйегі» сайысына береміз.
(Қыздар арасында мақал-мәтел сайысы болады.)

Ән: Ананың тілі.
Гүлім: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолыңда - дей отырып аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.
(Қыздар жеке-жеке өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)
Елнұр:Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне - деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз.
(Қыздар сандықшадан екі реттен сұрақтарды алып жауап береді.)

Гүлім: Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-ана жолынан.
Шебер қолдар, қол өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті «Шебер қолдар» сайысына берейік.
(5 минутта өз қолымен, бір зат жасап көрсетеді.)
Би: Қара жорға.

Елнұр: Арайлап ата берсін ақ таң күліп,
Жүретін анашым бар мақтан қылып.
Жүзің нұрға шаттыққа тола берсін,
Арнаймын осы өлеңді анашыма-дей отырып, «Анаға тарту» сайысын тамашалайық.
(Үйден дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқиды.)
IV. Қорытынды.
Гүлім: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Елнұр: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
3. Сыныбымыздың қоғамдық жұмыстарына араласып жүрген аналар марапатталады.
4. Қорытынды сөз.
37 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Көктем аруы - 2019
Көктем аруы - 2019
қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың
Ару қыздар байқауы
Ару қыздар байқауы
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
Ару қыздар байқауы
Ару қыздар байқауы
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына
Ең сүйкімді бүлдіршін
Ең сүйкімді бүлдіршін
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
"Балқаш қаласы №15 жбб орта мектебі"КММ Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×