Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!

20 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды - ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: 9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата - аналар және балалар! Бүгін 9 - мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да, соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата - әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.

Ойлап - ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
— Қуанышты мереке —
Жеңіс күні қай күн? — деп.

Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:
— Дұрыс, — десті, — сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де —
Жеңіс күні, шырағым!

Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау - қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.

Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ән: «Жау - жау жаңбыр»
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т. б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.

Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды.
Бейбітшілік болса,
Балалар болады аман,
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса.

Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ…

Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар,
Жиырма сегіз мың болып.

Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік.

Барлық елдің бөбегі,
Бір - біріне туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
Отан - сенің ата - анаң

№1 Егіндікөл орта мектебі
Дайындаған: Абишева Ж. Б.

9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын! жүктеу
10 417
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.
Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.
9 - мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Жеңіс туы желбіре!
Жеңіс туы желбіре!
Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Ер есімі-ел есінде
Ер есімі-ел есінде
Хромтау қаласы, №5«Ақбота» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК әдіскері Есжанова Света Ташкенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×