Білімділер поралы

Қазақстан – достық мекені

Тақырыбы: «Қазақстан – достық мекені»
Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.
1. Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттарының тілдері мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған «Қазақстан – достық мекені» атты фестиваліне қош келдіңіздер!
2. Жүргізуші:
Қазақстан Республикасында 130 - дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.

1. Жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп
Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдіретті.
2. Жүргізуші
Бүгінгі «Қазақстан – достық мекені» атты мерекелік кешіміздің ашылу салтанатына құттықтау сөзді мектебіміздің директоры --------------------------- беріледі.
1. Жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.
1. Жүргізуші:
2. Жүргізуші:
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Әр ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз
1. Жүргізуші:
Қазақ ұлты 2 а - сынып, орыс ұлты 4 ә - сынып, өзбек ұлты 1 - сыныптар, түрік ұлты 5 - сыныптар, үнді ұлты 4 а - сынып, грузин ұлты 10 - сынып, қытай ұлты 6 - сынып, армиян ұлты 2 ә - сынып, татар ұлты 3 – сынып, украин 8 – cыныптар, 7 - сынып шешен ұлты, 9 - сынып әзірбайжан ұлты.
2. Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын
Гимн
1. Жүргізуші:
Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян
Қазақ осы – айтатұғын елге сыр,
О ағайын, халық емес ол көл - көсір.
Қазақ осы – аңғал – саңғал жабусыз
Қазақ осы – ағыл тегіл, көл көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,-
деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім дей келе Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар.
2. Жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың - дей отырып ортаға өзбек ұлтын өз өнерімен қошеметтеп шақырамыз.
1. Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- дей отырып келесі кезекті Грузин ұлтына береміз.
2. Жүргізуші
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып,
ортаға Армиян елінен келген қонақтарымызды өнерін тамашалауға шақырамыз.
1. Жүргізуші
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған
Ортаға корей елінің өнерін тамашалаңыздар.
2. Жүргізуші
Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтай ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден.

Келесі кезекте орыс ұлтының өнерін тамашалаңыздар
1. Жүргізуші
Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- дей отырып, ендігі кезекті республикамызды тағы бір өкілі Украин ұлтының өнерін тамашалауға шақырамыз.
2. Жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1. Жүргізуші:
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Ендеше ортаға Татар ұлтының өкілдерін шақырамыз.
2. Жүргізуші:
Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз
Қазақстан – достық мекені. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 49
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 49
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика