Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйемін туған тілім - ана тілін

08 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырып: Сүйемін туған тілім - ана тілін
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, еркін сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік: егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге және баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап өсуіне тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.

Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар!
2 - жүргізуші: Добрый день, дорогие учителя и гости!
3 - жүргізуші: Good day dear teachers and guests!
4 - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі тіл мерекесіне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!

1 - жүргізуші:
Сүйемін туған тілім - ана тілін,
Бесігімде жатқанда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

2 - жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы!
Тілім барда айтылар сыр ойдағы!
Өссе тілім мен де бірге өсемін!
Өшсе тілім мен де бірге өшемін!

3 - жүргізуші:
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам тілі - өз тілім!

4 - жүргізуші:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім бар менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып ақ алыңдар

Әнұран: «Елім менің»

3 - жүргізуші: Every day. On the twenty first of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kasakh, Russuian and English, because the knowing of languages is our treasure!

Президент нашего государства Нурсултан Назарбаев выступает за знание нескольких языков. И сегодня мы, нынешнее поколение, изучаем казахский, русский, английский. А теперь послушаем наших детей, они нам приготовили на трех языках.

Арина:
Ана тілім арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Ангелина:
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің өркенің.
Ана тілің – ертеңін,
Қадірде ана тіліңді.

Жасұлан:
Осень, осень,
В гости просим!
Осень, осень,
Погости недель восемь.

Айболат:
Yellow red and green and brown
Dancing dancing in the breeze
Falling falling from the trees
The leaves are falling

Каусар:
I am so happy today
It’s a wonderful day
The sun is Yellow
The sky is blue

Мурат:
The leaves are falling
One by one
Summers over
Schools began

4 - жүргізуші: Тілден биік асқар жоқ. Тілден асқан байлық жоқ. Тілден терең теңіз жоқ. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды. Олай болса сіздердің алдарыңызда біздің бүлдіршіндеріміздің 3 тілде дайындаған мақал - мәтелдері мен жұмбақтарын тыңдап көрелік.

Марина:
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Сарвиноз:
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Максим:
Қазақтың ақылы - көзінде,
Қасиеті сөзінде.

Жүргізушілер:
Всегда во рту а не проглотишь – (язык)
Красная лисица из своей норки не выходит – (язык)
Если б не было бы его, не сказал бы ничего (язык).
Острый как бритва,
Сладок как мед.
И друга отыщет,
И врага обретет – (язык)
Санжар:
All that glitters is not gold
Айару:
An Englishman’s home is his castle
3 - жүргізуші: Each people must know their language, culture and traditions.
2 - жүргізуші: Казахстан – многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы.

Сейчас вокальная группа исполнит для вас песню на 3 - х языках «Пусть всегда будет солнце».

4 - жүргізуші: Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Т. Молдағалиев былай деген туған тілім – тірлігімнің айғағы. Тілім барда ашылар сыр ойдағы. Өссе тілім, менде бірге өсемін. Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- дей отырып Хадиша бөбекжай балабақшасының саз жетекшісі: Жолдасова Ақмаралдың орындауында: «Құстар қайтып барады».
№ 57 Хадиша бөбекжай балабақшасы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Беркинбаева Улайша Ерболқызы
Сүйемін туған тілім - ана тілін. жүктеу
6 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы М. Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманкелди Аскерхан
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×