Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары

08 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
«Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейханның туғанына - 150 жыл»
Мақсаты: Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру, Алаш партиясы бағдарламасын қазіргі кезеңдегі қоғамдық - саяси жағдайға сай салыстыра отырып, баяндау. Алаш партиясы тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау.
Көрнекілігі: Фото суреттер, слайд, бейнебаян, интерактивті тақта, шарлар, плакаттар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.“Алаш автономиясының құрылуы туралы деректі фильм” бейне түсіріліміне назар салайық!

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.

2 - жүргізуші: Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт - азаттық қозғалыс. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін - өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру.
Міржақып Дулатовтың «Алашқа» өлеңі.
Орындайтындар: Амантай Ш, Черников Н, Байдуллаев Т
Ән: «Көңілді күн» Серимбет Шаттықтың орындауында

1 - жүргізуші: 1917 жылдың 5 - 13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ - қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесін құру мәселелері болды. Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру, сондай - ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.

2 - жүргізуші: Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт - азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті.

Кезек: «Батырлар» өлеңі – Көпбосын Бейсейіт.
«Алаш туы астында!» өлеңі Төлебек Ақнұр, Алдан Динара.
1. Жүргізуші: «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды. Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов. ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,
«Бөкейхан» атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Рыскулова Эльмира Эмирасановна
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары. жүктеу
2 830
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Атырау қалалық Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сапарова Әзиза Мұратқызы «Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев» Жетекші: Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі Қуатова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×