Білімділер поралы

Мектепке сағыныш атты түлектерге арналған кеш

Мектепке сағыныш атты
10 жылдық кездесуге келген ХІХ түлектерге арналған кеш
Жүргізуші:
Болғандай кәусар жырға құт,
Өмірдің жырын жырлатып
Жас жүректерді нұрлантып,
Кездесу де бір бақыт,
Сырлау да бір бақыт, - деп білім нәрімен сусындатқан, алтын ұя мектебімен, өзін оқытқан аяулы ұстаздарымен, сыныптас достарымен арада қанша жыл өтсе де сағынышпен аңсап жеткен 10 жылдық кездесуге келген қонақтар қош келдіңіздер!!!
Келесі кезекті мектебіміздің 7 - сыныпты бітіруші оқушылардың дайындаған концертіне кезек береміз.
Арай:
Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылықтар,
Жүрегінде маздаған жылылық бар.
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым,
Ұстаздағы сан сырды ұғынып қал.
Біз мәңгі қарыздармыз ұстаз саған,
Құдіретіңе бас имей қалған ба адам?
Мінезіңе байсалды ғашық болып,
Бізде өзіңдей болуды армандаған - деп 10 жылдық қонақтардың сынып жетекшілеріне сөз кезегі беріледі. Бөлтекова Райса, Өтеулиева Айымгүл
Ұстаздарымыздың құрметіне «Ұстазым менің» әні

Жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге
Балғындар шын пейілмен жыр арнады - 7 сынып оқушылары 10 жылдық қонақтарға арнау оқиды.

Арай: Кетсе дағы сол күндер алысқа қалып
Жетті міне олар өмірде табысқа анық
Түлектермен бір кезегі мектеп ана
10 көктемі өтті де қауышты анық

Олар бүгін басынан кешті нені?
Сол жылы туған перзент ес біледі
10 көктемі өтіпті оларға анық
Соңғы қоңырау дауысын естігелі.

Талпындырып өренін баққа бөлеп
Мектеп ұя олармен мақтанып еді
10 көктемі өтіпті оларға анық
Қоштасқалы шәкірттік шақтарымен.

Шақырғанда болашақ думанға бір
Шығарып сап ұл - қызын тұрған ауыл.
10 жылдық белестен соң мектебіне
Қауыштырды перзентін туған ауыл

Мектеп ана дәл бүгін мақтанып ал
Ілікті өмір жолда баққа бұлар
Енді бүгін 10 жылдық аясында
10 жылдық сағыныш артта қалар.

Кешегі ұл - қыз кешегі бала бүгін
Толқиды қайта көріп дала гүлін
Өмір сыны есейткен ұрпақ еді
Сағынышпен еске алар бала күнін.

Жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Балғындар шын пейілмен жыр арнады – деп 7 - сынып оқушыларына кезек береміз

Назерке:
1. Оқуов Қуат
Мамандықтың бәрі жақсы,
Таңдай білсе жүрекпен.
Машинамен желдей ақты
10 жыл болған түлектер!
Зиноллаұлы Қуат ағам,
Темір тұлпар мінгені
Он күн сайын ауыл көрмей
Мұнай тасып жүргені.

2. Тастемірова Айгерім
Ертеңіне нық басып жол ашатын.
Ұрпақ қамын, ұлтының болашағы
Болашақтың бесігін тербеткенде
Заңғар тұлға десе де жарасатын
Шаңыраққа шуақ болып шашылған
Ағайынға ақ жүрек боп ашылған
Тастемірова Айгерім Ғалымқызы
Үлгілі ұстаз, аяулы ана, асыл жар

Әсемжан:
3. Жылқыбеков Сәбит пен Ақмырзаев Балғын
Білім алып темір жол саласында
Ағайынға жанашыр дарасын да
Машинисттік қызметте Сәбит аға
Өз орныңда жұлдыздай жанасың ба?
Күре жолда тағы Балғын ағамыз
Қауырт істер қарбаласар кей шақта
Ұжымыңда көтерілсін бағаңыз.

4. Демегенова Құралай.
Қыз қызғалдақ сұлулықтың белгісі
Құралай апай жайма шуақ лебізі
Қазақ тілі мұғалімі болғанмен
Отбасында ағайынға тек ізгі

Келесі кезекті биге береміз
Флешмоб
Айкүміс:

5. Көкімбетов Жасұлан
Мамандық бар электрик деп аталатын
Свет сөнсе олар қалай жата алады
Әметқали ағамыздың қызметін
Жасұлан аға вахтада атқарады.
Білмеймін жарқыратып шам жаға ма
Әлде олар тоқ қарай ма машинадан
Әйтеуір аман жүрсін Жасұлан аға
Тоқ десе тітіркеніп, шошиды адам.

6. Оңайбаева Нұргүл
Ішім пысып, кірсем ылғи инстаға,
Нұрланып отырады инстада
Осы әлемге кірмей мүлде ұйықтамайтын
Инста әлемнің жұлдызы Нұргүл апа
Мектепке сағыныш атты түлектерге арналған кеш жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 85
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 85
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика