Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арулар – асыл жандар (тәрбие сағаты)

30 мам 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Арулар – асыл жандар.
(тәрбие сағаты)
Мақсаты: қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.
Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: ана, бала, отбасы туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, түрлі түсті шарлар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті, сымбатты, қыздарымыз! Бүгінгі «Арулар – асыл жандар» атты ой – толғау кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал, оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу – бірінші ата – ана міндеттері дейтін болсақ, екінші кезек – қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы. Қыз баланың алғашқы қалыптасуы, оның көпшілік ортасында өзін – өзі ұстай білуінен, достарымен тіл табысып, сондай – ақ мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен байқалып жатады. Мектеп – білім берумен қатар тағылымды тәлім – тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды.

1 – бөлім: Сұрақ – жауап.
Жүргізуші: Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйді арманысың.
Дәл қазір алдымызда сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, - дей келе сұрақ - жауап бөліміне шақырамын. Мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.
1. Халық арасына бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген. Соларды атап өтсеңіз? «Әдемі қыз, көрікті қыз, әсем қыз, ажарлы қыз, шырайлы қыз, ару қыз)
2. Қазақ халқында халықтың құрметіне бөлінген, ақылына көркі сай ару қыздарды атаңыз? «Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Күләш Бәйсейтова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова)
3. Қыз балаларға арналған атауларды атаңыз? (қыз, бойжеткен, келіншек, әйел, жар, ана, апа, әже, қарындас, сіңлі)
4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын атаңыз? (шолпы, шашбау, сырға, білезік, жүзік, шашқап, шоқ, шаштеңге, үкі, күміс түйме, балдақты сақина, қобдиша, талмоншақ, қолазы, маңдайша, т. б.)
5. Қыздың бойына тән қылықтарын атап көрсетіңіз? (нәзіктік, сұлулық, сыпайылық, әдемілік, рухани байлық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, инабаттылық)
6. Анасы қыз баланы жастайынан қандай міндеттерге үйретеді? (үйді таза ұстауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, т. б)
7. Қазақ қызының ұлттық киімін атаңыз? (көйлек, сәукеле, тақия, желетке, ішік, белдік, етік, кеудеше, т. б.)

2 – бөлім: Мақал – мәтел.
Жүргізуші: Сәулетті ана болғанда даналық ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі – жайнаған осы жауқазындар. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт – байлық ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім – тәрбие алатын қасиеттің ұясы. Ал әйел – сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы. Халық аузында қыздар туралы мақал – мәтелдер аз емес. Сол мақал – мәтелдерді атаңыздар.
1. Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер.
2. Қыздың қырық жаны бар.
3. Жақсы қыз – жағадағы құндыз.
4. Қыздың қабағында құт бар.
5. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.
6. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
7. Қыздың көзі қызылда.
8. Қыздың жолы жіңішке.
9. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
3 – бөлім: Өнер көрсету.

Жүргізуші: Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз бүгін әке – шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Қазақ қызына тән міндеттерден кім қандайын меңгеретін жөнінде және қандай міндетті атқара алатындарыңызды айтыңыздар. Ол міндеттер: айран ұйту, алаша тоқу, ас пісіру, іс тігу, нан басу, сиыр сауу, ұршық үйіру, кепе кесу, т. б. (Әр қыздың жауабы мен іс нәтижесі көрсетіледі).
Келесі тыңдайтындарыңыз оқушылардың орындауында сымбатты әрі сұлу қыздарымызға арналған ақын өлеңдерінен үзінді. Қабыл алыңыздар!
Арулар – асыл жандар (тәрбие сағаты) жүктеу
6 225
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арулар асыл жандар
Арулар асыл жандар
Арулар асыл жандар (қыс сыны) Қос жанарлар гауһардай мөлдіреген, Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген, Кербез басым, мың бұралған аруларым. Құтты болсын, сәтті болсын қадамдарың.
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Анаға қарап қыз өсер
Анаға қарап қыз өсер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №64 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Райханқызы Жанар
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×