Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арулар асыл жандар

05 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Арулар асыл жандар
Мақсаты:
Танымдық: Халықтың тұрмыс - тіршілігіне байланысты киіп келген әрбір киімнің мәнін, сырын ұғынып, жадында сақтауға және жүйелі мазмұнмен ұлттық ұғымдар беру.
Тәлімдік: Бойжеткендердің ұлттық киім үлгілеріне деген құрмет сезімін туғызу.
Көрнекілік: Қабырға газеттері. Ұлттық ұғымдар туралы шиырма.
Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар және патша көңіл көрермендер!
2 - жүргізуші: Сіздерге арналған «Ақ моншақты арулар» атты қыз сынына қош келдіңіздер.
1 - ж: Сіздерді «8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймыз!
Тотыдай таранған,
Алтындай ардақты.
Жібектей созылған,
Мақпалдай масатты.
2 - ж:
Қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты,
Құралайдың көзіндей мөлдіреген.
Раушан гүлдей, хош иісті,
Айнадай таза,
Сәуледей жарқыраған арулар сіздерді көктем мерекесімен Тағы да құттықтаймыз.
2 - ж: Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1 - ж: Қыз өссе - елдің көркі деп халық айтқандай, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі.
2 - ж: Қыздар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты дағы
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
1 - ж: Жаны сырлы, жанары таң қыздар - ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар - ай.
Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар - ай.
Аруларымызды қошеметтеп ортаға шақырамыз. Реттік номерлерін білу үшін жюрилердің алдынан ақ парақты таңдап әркім өз орынына тұруын өтінеміз.
2 - ж: Бірінші қыз.............
Меңгерген бар ілімді.
1 - ж: Екінші қыз............
Алады тез тіліңді.
2 - ж: Үшінші қыз.............
Ағарып таң атқандай.
1 - ж: Төртінші қыз............
Қос жанары мөлдіреп.
2 - ж: Бесінші.............. шығады,
Бұрымдары желбіреп.
1 - ж: Алтыншы қыз............
Бойыңда жоқ бір мінің.
2 - ж: Жетінші қыз..........
Айдай көркем болғаны - ай.
1 - ж: Сегізінші............
Төгеді бар өнерді.
2 - ж: Қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайысымыздың 1 - ші: бөлімі «Мен - қазақ қызымын» дей отырып, өздеріңізді таныстырудан бастайық.
Қазақ көйлек киемін,
Қос етегі бүрмелі.
Кестелеген жиегін,
Кең даланың гүлдері.
Камзол кием қынай бел,
Толған ою өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел,
Өнерімді көрмекке.
(Ә. А. Б. С.)
1 - ж: Қос жанарлар гауһардай мөлдіреген,
Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген,
Кербез басым, мың бұралған аруларым.
Құтты болсын, сәтті болсын қадамдарың.
2 - ж: Биязы, сөзі тәтті балдай екен,
Ақ жүзі албыраған таңдай екен.
Қырдағы қызғалдақтай тұрған жайнап.
Инабатты, ибалы қыз қандай екен. – дей келе сайысымыздың 2 - ші бөлімі өз өнерін көрсетуге береміз.
1 - ж: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
2 - ж: Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай - ақ жан салыпты.
1 - ж: Абырой күнмен жарасқан,
Көкірегінен әсем ән ұшқан.
Талғамы биік заманда
Атағы кеткен ғаламда
Елімнің ару қыздары - ай!
2 - ж: Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
Арулар асыл жандар. жүктеу
2 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Қыз өссе-елдің көркі
Қыз өссе-елдің көркі
Бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна Тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі» Мақсаты: а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Мен қазақтың қыздарына қайран қалам...
Мен қазақтың қыздарына қайран қалам...
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтанова Гүлсім Дәуітбайқызы
«Арулар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы
«Арулар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №5 кәсіпітк лицейдің математика пәнінің мұғалімі Қараев Дархан Жылқайдарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×