Білімділер поралы

Мейірбикелер күніне арналған ашық тәрбие сағаты

12 - Мамыр мейірбикелер күніне арналған ашық тәрбие сағаты
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар, медицина мамандары! Сіздерді бүгінгі 12 мамыр «Мейірбикелер» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2 - Жүргізуші: Уа, көпшілік, халайық,
Сөзге құлақ салайық.
Келген мына қонақтарды
Дос пен туыс санайық.
Кешті ашпай алдымен,
Амандасып алайық.
Сәлем бердік бәріңізге
Тегіс аман болайық!
Ән: «Асыл ана» - орындайтын Тәжібеков Даулет.
1 - Жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамытуды көрсетіп отыр.

2 - Жүргізуші: Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлердің ең көп саны мейірбикелер болып табылады, сонымен қатар тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңыздың сапасына байланысты.

1 - Жүргізуші: Құрметті мейірбикелер! Қазіргі уақытта мұндай кәсіптің қажеттілігі туралы дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, ол кез - келген елде денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегіне айналған.
2 - Жүргізуші: Бұл мерекенің тарихы бір ғасырдан асады, бірақ 1971 жылдан бері ғана ресми түрде аталып келеді. Сол жылы әлемнің 141 елінің мейірбикелері өздерінің кәсіби қоғамдық ұйымы – Мейірбикелердің Халықаралық Кеңесін құрды.
1 - Жүргізуші: Халықаралық мейірбикелер күні Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай 12 мамырда атап өтіледі. Оның есімі мейірімділіктің символына айналды. Халықаралық Қызыл Крест ұйымы екі жыл сайын Флоренс Найтингейл атындағы ең мәртебелі медальді әлемнің үздік 50 мейірбикесіне табыс етеді.

2 - Жүргізуші: Дүниежүзі бойынша мейірбикелер үшін ең құрметті және жоғары марапат - Флоренс Найтингейл атындағы медальдің лауреаты болған қазақстандықтарды мақтан етеміз. Олар:
-
-
1 - Жүргізуші: Соғыс жылдарындағы аса ауыр жағдайларға қарамастан ондаған мың Отан қорғаушыларды құтқарып, қатарға қосқан ардагер - мейірбикелерге тағзым етеміз.

2 - Жүргізуші: Олардың ерлік шежіресі ұрпақтан - ұрпаққа асылдардың асылындай сақталып, аңыздары жырлана берсін.

1 - Жүргізуші: «Өмірдің бір қызығы өлең деген,
өлеңмен жер қойнына кірер денең»,
атамыз Абай айтқан жолымен тек
жақсылар, жыр тыңдаңдар бірер менен.
-«Қазақ елі» туралы ән - Абілпаттаева Салтанат

2 - Жүргізуші: Шын ұстазға мақтанады еліміз,

Ғалымы көп елге сай жеріміз.
Ұстазынан шәкірт озса, шіркін - ай,
Ауырмас еді басымыз бен беліміз.
1 - Жүргізуші: Еңбегі көп дәрігер саласында,
әсіресе, Түркістан қаласында.
Жағдай жасап, оқытты жай халықтың
Сан мыңдаған қызы мен баласын да. Түркістан көпсалалы медицина колледжі директоры, м. ғ. к. Рысбеков К. О. ағамызға.

2 - Жүргізуші: Ән: «Ақ халаты абзал жандар» - орындайтын Абілпаттаева Салтанат, Әлжан Жұлдыз.

1 - Жүргізуші: Айналайын, кешегі түлектерім,
Ұмытпаңдар шәкірттік күн өткенін,
Ата - анаға, ұстазға, туған елге
Таза болсын қашан да жүректерің.
Демекші бүгінгі мерекелік кешімізге арнайы келіп отырған қонақтарымызбен таныс болыңыздар:
1.«Талғат - К» клиникасының бас мейірбикесі -----------
2. Балалар ауруханасының мейірбикесі -------------
3.«Санитас - ЕСО» бас мейірбикесі ------------
4. ----------------- - балалар аймақтық емханасының мейірбикесі
2 - Жүргізуші: Ән күйсіз кешімізден сән кетеді демекші келесі әнді қонақтарға жолдаймыз. «Бахыт» әні -

1 - Жүргізуші: Сәлем беру үлкенге – адамдықтың белгісі.
Тыңдай білу кісіні – кішіліктің белгісі.
Қателігін кешіру – үлкендіктің белгісі
Жайын сұрау кісінің – көргендіктің белгісі.
Білмегенді білдіру – білгендіктің белгісі,
Сөзін бөлмеу үлкеннің – ізгіліктің белгісі.
Болмас істі сөз ету – езбеліктің белгісі.
Ісін тастап келу – құрметтеудің белгісі - дегендей
Келесі сөзді және сұрақты қонақтарымызға береміз.
«Талғат - К» клиникасының бас мейірбикесі --------------- (Сахнаға шақырамыз)

1. Сұрақ: Не үшін осы мамандықты таңдадыңыз? Жас болып қалай бас мейірбике дәрежесіне дейін көтерілдіңіз?
2. Сұрақ: медициналық эмблема - жылан мен тостағанша нені білдіреді, соның мағынасын ашып берсеңіз.
(Интерактивті тақтада жылан мен тостағанның эмблемасын көрсету).

2 - Жүргізуші: 2 - ші қонаққа сөз және сұрақ.
Көріне бер биіктен – тілегіміз,
Аман жүрсін қашан да түлегіміз!
Кіл жастардың қолдаушы, қорғаушысы -
Туған халқы, өз жұрты – тірегі біз.
ЕСО «Санитас» клиникасының бас мейірбикесі ---------------------------.

1. Сұрақ. Студенттік кездеріңізде алдыңызға қойылған мақсаттарыңызға жете алдыңыз ба?

2. Казіргі студентермен сіз оқыған кездегі студенттердің арасында айрымашылық барма?
1 - Жүргізуші: 3 - шы қонаққа сөз және сұрақ
Ұзақ өмір, денсаулық берсін сізге,
Үлгі болып жүріңіз кілең бізге.
Тәлім - тәрбие беріңіз кіл жастарға,
Тілегім жоқ қоятын бұдан өзге демекші сөзді Балалар ауруханасының аға мейірбикесі ----------------------------- береміз.

1. Біздің студенттермен жұмыс барысында қарын - қатынаста болып жүрсіз. Олардың тәжірибе сабақтары сапалы өтуі үшін, болашақта білікті маман болуы үшін аурухана тарапынан қандай шаралар жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?
2. Қызыл крест және қызыл ай эмблемасы нені білдіреді?
(Интерактивті тақтада қызыл крест пен қызыл ай суреті)

2 - Жүргізуші: 4 - қонаққа сөз.
Дәрігер адам емші ғой жүрек жалғайтын,
Шапағат нұрын себетін шуақ таңда алтын.
Сен дағы сондай антыңа адал арусын,
Ақтасаң іспен аялар сені ел - халқың
Әр науқас сенің көзіңе қарап тыңаяр,
Болмаса тіпті үмітін үзіп мұңаяр.
Бәрінде соның баурайсың жылы сөзіңмен,
Ал сенде нәзік жүрек бар жылу ұялар.
ЕСО «Санитас» клиникасының мейірбикесі -------------------------------

Сұрақ: 1. Сіз Түркістан көпсалалы медицина колледжі түлегі екенсіз, сіз осы колледжде оқып жүрген кезіңіздегі ұмытылмас, қызық өткен күндеріңіз жайлы не айта аласыз? Түркістан көпсалалы медицина колледжінің басқа колледждерден айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
2. Мейірбикелердің ІІ съезді қашан болды?

1 - Жүргізуші: Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы демекші

Сіздерге сыйлық ретінде білімдеріңіз өрістей берсін деп кітапты беруге жөн көрдік. Сый құрметімізді қабыл алыңыздар.

2 - Жүргізуші: Осымен Мейірбикелер күніне арналған кешімізді ----------------------- антымен аяқтауды рұқсат етіңіздер..

Мейірбике ісі негіздерін қалаушысы Ф. Найтингейл АНТы:
І. Біз барлық қатысушылар салтанатты түрде ант береміз!
1. Өзімнің өмірімде және жұмысымда шыншыл, адал болуға.
2. «Зиян келтірмеу» талабына сүйенемін.
3. Науқасқа зиян келтіретін дәрілерді енгізбеуге.
4. Өз мамандығымның міндеттерін қолдауға және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасауға.
5. Өз тәжірибемде қол жететін науқастың және оның жанұясының жеке мәліметтерін құпияда сақтауға міндет етемін.
6. Дәрігердің жұмысына барлық сеніммен тырыса көмектесіп, маған деген сенім білдірген науқастардың күтіміне толық өзімді арнаймын.

1 - Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің ең көрнекті, ең мағыналы газетімізді марапаттап баға берсеңіздер.
Марапаттау сөзін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -------------------- ханымға береміз.
2 - Жүргізуші: Осымен «Мейірбикелер күніне» арналған кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге үлкен рахмет. Жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Ән - «Жаса Қазақстан» - орындайтын Ұзақов Мақсат.

Преподаватель Абдужаппарова Октам Рашидовна
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика