Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" (2-сынып)

02 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жеті жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1. Таныстыру
Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
1. Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Жансұлтан
Көрінген күштің басынын
3. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол Дияс
4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Бегайдар
5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Мұхаммедамин
6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерлан
7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Нұрман

2 - кезең «Білгенге маржан»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
1. Төрт түлік малды ата.
2. Түйенің сүтін ата.
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
4. Сәби баланың төсегін ата.
5. Ер жігіттің бес қаруын ата.
6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам

3 - кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.
1. Нұрым «Сұлу қыз» әнін орындайды.
2. Дияс «Қара жорға» биі
3. Жансұлтан «Жаяу Муса» әні
4. Бегайдар «Сиқырлы сандық» сиқыр көрсету
5. Ерлан «Анашым» әні
6. Мұхаммедамин «Шофёр» биі
7. Нұрман «Ауылым» әні

4 - кезең. Қамшы өру
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
5 - кезең. Күш сынасу
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)
6 - кезең. Сән үлгісі
Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.
Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
41 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді сахна мәдениетімен таныстыра отырып, өз өзін ұстауға, салмақтылық пен әдептілік ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
Мұғалім: еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын айрықша өткізіп келеді. Наурыздың 22 - ші жұлдызында күн менен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі.
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×