Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сегіз қырлы...(кәсіптік сайыс)

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс жұмыс
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: оқушылардың мамандыққа сүйіспеншілігін арттыру; еңбекке баулу; жеке тұлға дамыту; адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; ұжымдық еңбекке үйрету.
Түрі – сайыс.

Көрнекіліктер: топ атаулары, эмблемалар, бейджиктер, практикалық құрал - жабдықтар, сұрақтар, жіп, бағалау беттері, белгілер.
2 топ қатысады: «Жарық» тобы «Электрон» тобы

Жоспары:
І. Топ атымен, эмблемасымен таныстыру. 2мин
ІІ. Жарнама «Менің сүйікті мамандығым» 2мин
ІІІ. «Мамандық негізі» 4мин
ІҮ. «Ассоциация». Сергіту сәті 4мин
Ү. Шеберлік сыры. Практикалық жұмыс 2мин
ҮІ. Аудиториямен жұмыс -- "Кім шапшаң? 2мин
ҮІІ. Топ басшыларының сайысы «Жекпе - жек» 3 мин
ҮІІІ. Аудиториямен жұмыс «Шартты белгі» 2мин
ІХ. Өнер сайысы 2мин
Х. «Анаграмма» шешу 2мин

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, шеберлер, оқушылар!
«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» атты апталық аясында өтіп жатқан 290 - топтың «8 қырлы...» кәсіптік сайысына қош келдіңіздер!
Сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтемін.
Сабақ сайыс түрінде өтетін болғандықтан, төрешілер алқасын сайлаймыз. Әділ қазылармен таныстырып өтейін: ----------------------------
Уақыт төрешісі Әлия Оралбайқызы Қазмұханбетова
Әділ қазыларға бағалау парағын ұсыну. Бағалау шартымен таныстыру (1, 2, 3 ұпаймен бағалау)

Жүргізуші: - Мақсат айқын, әділ қазылар орнына жайғасты, оқушылар дайын. Олай болса, сайысымызды бастаймыз.
Сабақ жарыс түрінде өтетіндіктен, оның шарттары болады. Онымен әр кезеңде таныстырып отырамын. Ал, енді,
Шартым осы,
Осыған шыдайсың ба?
Шыдамасаң тынасың, құлайсың да.
Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың,
Шыдайсың ба, бағыңды сынайсың ба? – деп Мұқағали ақын айтқандай, ойынды бастаймыз. Сайыстың қызық та, қиын кезеңдері алда. Қай топ 1 - бастайтынын жеребе арқылы анықтаймыз.

І кезең. Таныстыру
Топтың атын, эмблемасын қорғау, таныстыру. 2 мин

Шарты: әр топ атын, эмблемасын қорғайды, таныстырады.
Талаптар:
1. Мағынасы
2. Нақтылығы
3. Жеткізу шеберлігі

ІІ кезең. «Менің сүйікті мамандығым». Жарнама 2 мин
Талаптар:
1. Мағынасы
2. Нақтылығы
3. Жеткізу шеберлігі

ІІІ кезең. «Мамандық негізі» 4мин
Шарты: әр топқа 4 сұрақтан қойылады.
1 - топқа: 1. АППВ, АС, АТРГ маркаларын оқып бер. Қайсысы кабель екенін тап.
2. Сымның стандарт қималарын айт.
3. Электрлік жарық көздерін және олардың айырмашылығын айт.
4. Мына схемадағы ұмыт қалған элементті тап.

2 - топқа: 1. ППВ, АНРГ, АСРГ маркаларын оқып бер. Қайсысы кабель екенін тап.
2. Кабельдер қандай стандарт кернеуге есептелген?
3. Электрлік қондырғылық бұйымдарға не жатады?
4. Мына схеманы толықтыр.

ІҮ кезең. Ой сергіту «Ассоциация» 3мин
Шарты: әділ қазының бірі мамандыққа қатысты бір сөзді айтып, 1 - топтың 1 - оқушысына жіпті ұстатады, ал ол сол сөздің мағынасын түсіндіреді немесе сол сөзге қатысты өз ойын айтады. Сосын өзінің сөзін айтып жіпті 2 - топтың 1 - оқушысына ұстатады. Ол өз кезегінде жаңағы шартты қайталап, жіпті 1 - топтың 3 - оқушысына, ол 2 - топтың 4 - оқушысына т. с. с. жалғасады. Сонда жіптен жылан ирек жасалады. Егер, түсіндіре алмасаң, ойынды тоқтатпай, өз сөзіңді айтып жіпті жалғастыруың керек. Ойын тоқтамауы тиіс. әр топ 12 ұпай жинау керек.
Шарт: сөз мамандыққа қатысты болуы керек.

Ү. Шеберлік сыры. «Практикалық жұмыс» 5 мин

Нағыз достар – бір - ақ қалып, шындап берік сүйіскен.
Бір - біріне сыр ақтарып, сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры – берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін достың досы - ақ ақтарған.
Ақын жырлаған сырдың бірі - шеберлік сыры неде? Ол сырды бір - біріне балалар қалай ашады екен?
Шарты: екі топқа бір тапсырма беріледі, әрқайсысы өзінше қорғап шығуы керек. Әділ қазылар сұрақ қоя алады. Талаптар:
1. Жауаптың дұрыстығы;
2. Уақытты тиімді пайдалануы;
3. Қауіпсіздік техникасын сақтауы;
4. Сұраққа жауап беруі.

Тапсырма: Сымдарды дәнекерлеп жалғау технологиясын қорғау.
Шарты: топ оқушыларына сұрақтар қойылады, олар ұпайларын өздері қалаған топқа бере алады.(Тақтада жазулы тұрады)
Шам ------------ Амперметр ------------------- Резистор
ЭҚК - і көзі ----- Гальвани элементі --------- Сақтандырғыш
Реостат -------- Тұрақты ток ------------------- Өткізгіш
Вольтметр --- Айнымалы тоқ --------------- Генератор
Түйін --------- Гальвани батареялары ----- Кілт

ҮІІ кезең. «Жекпе - жек» - топ басшыларының сайысы 1 мин

Шарты: топ басшыларына бір ғана тапсырма беріледі. Біреуі жауап бергенде екіншісі шығып кетеді. Екеуінің бір сұраққа көзқарасы анықталады.
Сұрақ. ХХІ ғасырда елдің әлеуметтік жағдайын күрт көтерген қандай ғылыми жаңалықтар болды?
Жауабы:
1) Атомдық энергияның ашылуы.
2) Электронды есептеуіш машиналарды, компьютерді ойлап табу.

ҮІІІ кезең. Аудиториямен жұмыс 2 мин

Шарты: топ оқушыларына сұрақтар қойылады, олар ұпайларын өздері қалаған топқа бере алады.
1. Өткізгіш кедергісі оның көлденең қимасына кері пропорционал дегенді түсіндіріп беріңіз.
Жауап: өткізгіш неғұрлым жуан болған сайын оның кедергісі соғұрлым аз, сондықтан ток көп өтеді.
2. Тросты сымдар қай жерлерге жүргізіледі?
Жауап: өндірістік ғимаратқа, цехтарға, далаға

ІХ. Өнер сайысы 2мин
Шарты: әр топ өз өнерін көрсетеді, қалаған тақырыпты алады.
Талаптар: қызықтылығы, мазмұны

Х кезең. «Анаграмма» 2мин
Шарты: 2 топқа 2 түрлі тапсырма беріледі, 1 мин ойланып жауап береді. Әріптерді орындарына қойып сөздерді табу.
Е К Э Р Л Т -электр О О К Т Л - лоток
М С Ы -мыс, сым Ң Р Е К Е Е З -- резеңке
Н Л Й Ю И А М И-- алюминий У А Ш Ғ Қ О Ы Л А Ш - оқшаулағыш
Е К У Н Ә Р Д Л Е Е -дәнекерлеу Ж О Н Д Т А У М А-- монтаждау

Қорытындылау. Марапаттау.

Бағалау парағы
Дұрыс жауап – 3
Жартылай дұрыс - 2
Қанағаттанарлық - 1
Дұрыс емес жауап – 0

Топтардың жауабына қойылатын талаптар:
1. Жауаптың дұрыстығы;
2. Уақытты тиімді пайдалануы;
3. Қауіпсіздік техникасын сақтауы;
4. Сұраққа жауап беруі
5. Мағынасы, нақтылығы, жеткізу шеберлігі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 688
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай
Толағай
• екі командаға бөліну • командаларға ат қою
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Ана тілім - байлығым
Ана тілім - байлығым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тажибаева Жанат Каналбаевна
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Қолданбалы қолөнер
Қолданбалы қолөнер
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Сызу және қолөнер
Сызу және қолөнер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің бейнелеу, сызу, технология пән мұғалімі Рыскалиева Галия Сайпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×