Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйем сені, туған елім!

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Сүйем сені, туған елім!
Мақсаты: Өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге баулу.
Түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: Қазақстанның жалауы, рәміздер, даналық сөздер, проектор, батырлардың портреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті қонақтар, келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Біз сіздерге шын жүрегімізден шуақты күн, ашық аспан, бейбітшілік пен амандық, ырыс тілейміз!
- Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, сылдырай аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алтайдың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып, жасарып жатыр. «Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Негізгі бөлім:
1 - оқушы:
- Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.
2 - оқушы
- Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шағатай, Қарасай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерліктері үлгі – өнеге.
3 - оқушы
- Өз елінің бостандығын, теңдігін аңсаған Мағжан, Сәкен, Ахмет, Шәкәрім, Бейімбет, Ілияс сынды ағаларымыз жазықсыз құрбан болып кетті. Тарихта өшпестей іздерін қалдырды.
4 - оқушы:
- XXI ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз өткенді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
5 - оқушы:
- Туған жер алтын босағам,
Аттандым сенен қияға
Анам мен Отан қос анаң
Қондырған мені ұяма.
Туған жер алтын мекенім,
Бақытым сенсің аңсаған.
Мәңгі де бақи өтемін,
Қарыздар болып мен саған.

6 - оқушы:
Отан дейміз – от жаққан жерімізді,
Отан дейміз – өсірген елімізді,
Отан дейміз – туған жер – Атамекен.
Биік тау, орман тоғай, көлімізді.
Отан дейміз – кең байтақ Астананы.
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

7 - оқушы:
Елімнің бәрі есімде,
Уақыт болса көшуде.
Тыңда игеріп қазағым,
Қиырсыз дала төсіңде.
Өмірдің мына жайын - ай
Шығады кімдер арымай.

Қазағым қайрат танытып,
Нарыққа келді мойымай.
Тәуелсіздігім – намысым
Алысқа тартар ар үшін.
Қияға көзін тігеді,
Қазақстаным – барысым.
8 - оқушы:
- Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағынан үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – Қазақпыз! Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз!
9 - оқушы:
- Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін! Қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөздеріне зер салайық!

Көрініс: «Қазақтың үш биі».
- Тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі сайыс түрінде өтеді. Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт - дәстүрі, табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге төрт топ көмекке келеді.
- Топтар кезекпен келіп бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшалардан сұрақтарын алып, орындайды. Топтар жауап бере алмаған жағдайда көрермендер жауап береді.

Бірінші «Тарих» бекеті:
1. Қазақтың үш биі? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
2. Қазақ халқының атақты үш батыры? (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай)
3. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
4. Қазақстанның ең алғашқы астанасы? (Орынбор)

Екінші «Тау мен дала» бекеті:
1. Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс Қазақстан облысы)
2. Қазақтар қандай дала өсімдігін Отанның символы деп есептейді? (Жусан)
3. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан - Тәңірі)
4. Қазақстанның таулары? (Алатау, Алтай, Тарбағатай, Қаратау т. б.)

Үшінші «Әдебиет» бекеті:
1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата? (а. Құнанбаев, Ж. Жабаев, М. Жұмабаев, М. Мақатаев, Ш. Құдайбердиев)
2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар? («Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тазша бала», «Керқұла атты Кендебай», «Жыл басы» т. б.)

3. Отан, туған жерге байланыста мақал - мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:
Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
Отан оттан да (ыстық)
Туған жерге (туын тік)
Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас)

4. Жұмбақтарды шешіңдер:
Иінінде құлағы,
Ішінде бұлағы.
Көмейіне от салсаң
Ызындап тұрады
(Самаурын)
Мал төлдер әр ауыл, пісіреді ақ бауыр. (Уыз)
Басы құдық, сабы сырық. (Ожау)

Төртінші «Ән - күй» бекеті:
1. Қазақтың әйгілі композиторларын атаңдар? (Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, А. Жұбанов т. б.)
2. Қазақ халқының атақты күйшілері? (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Дина)
3. Қандай халық әндерін білесіңдер? («Елім - ай», «Әй - әй бөпем», «Бір бала», «Бесік жыры» )
4. Ұлттық аспаптарды атаңдар? ( Домбыра, жетіген, шаңқобыз, дауылпаз т. б.)

Бесінші «Салт – дәстүр» бекеті:
1. Қазақ халқының ежелгі мейрамдарын атаңдар? (Наурыз, Айт мейрамдары)
2. Қазақ халқының ұлттық тағамдары? (Бесбармақ, қазы - қарта, қымыз, жал - жая, құрт т. б.)
3. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар? (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік, кебіс т. б.)
4. Қазақ халқының ұлттық сувенирлері? (Түйе, домбыра, киіз үй т. б.)

Алтыншы «География» бекеті:
1. Қазақстанның көрші елдері? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан)
2. Қазақстанның шекарасының ұзындығы?
3. Қазақстандағы саяси маңызы бар қала? (Байқоңыр)
4. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

Қорытынды:
- Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың.
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
Салтанатпенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған
Бақытым, ата мекенім!

- Қазақстаным, мекенім
Ынтымақпенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің,
Даламды бабам мұра еткен.
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын.
Ауылымды арай нұр еткен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алай жүрекпен! – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтайық.
Хормен: «Атамекен» әнін айту.
12 693
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Эссе «Қазақстан - кеше, бүгін, ертең»
Эссе «Қазақстан - кеше, бүгін, ертең»
Менің туып өскен жерім - Егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік - биік асқар тау, мөп - мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеттері бар шөптер өседі. Қазақстан
Қазақстан жер байлығы
Қазақстан жер байлығы
Еліміздің жер байлықтарымен таныстыру. Елімізде өндірілетін қазба байлықтар жайлы түсінік беру. Балалардың өз отанын, туған жерін сүюге және туған жер табиғатына қамқорлықпен қарауға, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Отаным деп жыр арнаймын
Отаным деп жыр арнаймын
Тақырыбы: Отаным деп жыр арнаймын.
Отаным - менің Қазақстан
Отаным - менің Қазақстан
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет. Осы мақсатта 5 - сынып оқушыларының Отанымыздың тарихын қаншалықты меңгергендіктерін байқап көреміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×