Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Толағай (отбасылар сайысы)

07 қыркүйек 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

2 - жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 7а класс оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 4отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ: «Шаңырақ»
2 - топ: «Босаға»
3 - топ: «Алтын бесік»

«Шаңырақ» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Босаға»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Алтын бесік»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
7 класс орындауында «Толағай» әні

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Дене шынықтыру пән мұғалімі Қуан Нұрбек
2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тойжан Нұрсәуле
3. Ата - аналар комитетінің төрайымы Абдулина Гүлшат
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады

1- кезең: «Теңбілдоп»
Шарты: Бұл ойында топ мүшелерінің әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
1. Футбол добын аяқпен теуіп жүгіру.
2. Баскетбол добын ұрып жүгіру.
3. Ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру.

2 - кезең: «Қақпашы»
Шарты: Бұл ойында топтың бір мүшесі топтарына қарама - қарсы 10 метр жерге барып қолына шелек ұстап тұрады. Қалған ойыншылар біртіндеп волейбол добын лақтырады. Шелек ұстаған ойыншы лақтырған допты
қолындағы шелекпен қағып алуы керек.
Би: 7 класс оқушылары «гимнастика»
3 - кезең: «Тасымақ»
Шарты: Бұл ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып арқаларын түйістіреді де орталарына доп қыстырып алып жүгіреді. Белгі бойынша ойынды бастап белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Нұрлыбек Нұрсая мен Ғалым Нұржанаттың орындауында «Тек алға» әні
4 - кезең: «Жеміс жидек жинау»
Шарты: 2 - 3 метр шеңбер сызылады соның ішіне алма шашылады. Анасының басына шелек кигізіп қызы жетелеп шашылған жеміске қарай бағыттайды. Мамасы тездете жинайды.

5 - кезең: «Шығыршықпен бір - бірін тасымалдау»
Шарты: Әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы тұрған ойыншы 1 шығыршықты жерге қойып бәрі ішіне тұрады. Екінші шығыршықта осылай қайталанады.

6 - кезең: «Кім көп секіреді?»
Шарты: Ата - анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы секіртеді. 10 - нан асыру керек.

7 - кезең: «Білімді кенгуру»
Шарты: Ата - анасы, баласы кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек.
Би: 7 кластың орындауында «Жастар биі»

8 - кезең: «Эмоцияны немесе іс - әрекетті қайтала»
Шарты: Ата - ана кезекпен кезек тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішінде жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата - ана соны шешу керек.

9 - кезең «Жеңіске жету»
Шарты: Ата - ана, бала кезекпен - кезек кедергілерден өтіп скакалкамен ту тұрған жерге барады. Туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына алып барады. Және соңғысы алып келеді.
«Шаңырақ» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Босаға»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Алтын бесік»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.

Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет
«Толағай» әні
20 176
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
«Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» спорттық сайыс
Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара. Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×