Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзің таңдаған өмір

20 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Үздік сынып жетекші» аудандық конкурсында өткізілетін тәрбиелік іс-шара сценарийі

«Өзің таңдаған өмір»

Бұл тәрбиелік іс-шараның бағыты осы жас аралығындағы балалардың тұлғалық өсіп жетілуі мен денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл тәрбиелік іс-шара балаларды түзету мақсатында ғана қолданылмайды, сондай-ақ, барлық балалармен жұмыс істеуге тиімді.
Тәрбиелік іс-шарада қолданылған диагностикалық жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді:
Ашық тәрбиелік іс-шараның негізгі тапсырмалары:
• қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау;
• оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;
• өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету;
• негативті импульсті шығару, жою.

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.
Керекті заттар: түрлі-түсті маркер,топқа флипчарттар,әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.
Ашық тәрбиелік іс-шараның барысы:
Мұғалім: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.
Алдымен,сынып оқушылары үш топқа бөлінеді, карточкада бейнеленген смайликтер арқылы.

І. Сергіту-жаттығуы: «Мейірімді жануар»
Мұғалім: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлар-дың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

ІІ. Ойлануға жаттығу: «Балықшы»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш – бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам, онда...
Мұғалім: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.

ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»
Мұғалім: ХІV ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы таңбалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз.
15 минут уақыт беріледі.
Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.
Мұғалім: Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз керек:
- ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
-жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзі туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

ІV. Өзің таңдаған өмір. Өмір бұл-... топтық жұмыс.

V. Рефлексия.
1. Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3. Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?

VІ. Қоштасу: «Шеңбер бойымен қол соғу»
Мұғалім: Сендердің таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін, бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан. Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін.
5 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Баланың жеке тұлғалық тұрғыда дамытуға бағыттылық, адамгершілік, коммуникативтік, эстетикалық және дене дамуын қалыптастыру. Оқу мекемесінің ерекшелігіне және оның қызмет түріне қарай қоғамға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру.
Қайырымдылық – асыл қасиет! Мектептен тыс іс шара
Қайырымдылық – асыл қасиет! Мектептен тыс іс шара
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыта отыра, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Қылмыс және жеткіншек
Қылмыс және жеткіншек
Атырау қаласы, №33 орта мектебінің мұғалімі Макимова Нұржамал Жекенқызы
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылы. информатика пәні мұғалімі Хамитова Лунара Максотовна
Студенттік өмір несімен қызық?
Студенттік өмір несімен қызық?
Алматы қаласы, №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық колледждің педагогика пәні оқытушысы Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×