Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер ғажаптары

26 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Туған жер ғажаптары»
Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.
- Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайдтар, күннің және гүлдердің маскасы, Арасан аулының көрікті жерлерінің суреттері, Арал теңізінің, Қазақстанның қорықтарының суреттері.

Сабақтың жүру барысы
1. Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді шаттық шеңберінде көргеніме қуаныштымын.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Туған жер ғажаптары» деп аталады. Бүгін сабақта біз Отынымыз, туған жеріміз жайлы әңгімелесеміз. Туған жеріне әр адам қалай қамқорлық жасауы керек екені жайлы ой қозғаймыз. Табиғаттың әдемілігіне тағы да бір назар аударамыз.
Жалпы, туған жерін сүймейтін адам кем - де кем. Ендеше, қазір бәріміз бір - біріміздің қолымызды ұстасып, үндеместен жанымыздағы достарымыздың туған жерге деген ықыласын, алақандарымыз арқылы сезініп көрейік. (Сезіндік пе?)
- Енді бойымыздағы әсерімізден арылмаған күйі «Құлпыра берші, кең дала!» атты өлеңді бәріміз қосылып айтайық.
- Құлпыра берші, кең дала!
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін
(- Балалар, сендерге рахмет айтамын. Енді орындарың отырыңдар. )

2. Әңгімелесу.
а) ә) Сұрақтар қою:
- Сендердің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар?
- Сендер Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Неліктен осы аталған жерлеріңді көрікті жерлер, ғажап жерлер деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптарын түйіндеу
(Слайдтар: Арасан ауылының көрікті жерлерін көрсету. Слайд № 2 - )

3. Мәтінмен жұмыс «Күн мен гүлдер.»
«Өзін - өзі тану» оқулығы, 112 – бет.
Оқушыларға туған жердің ғажайып көркін сезіндіру мақсатында мәтін бойынша шағын көрініс жүргізіледі
«Күн мен гүлдер»
Автор: Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалы қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің сәулесі мүлгіп тұрған гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
Күн: - Оу, шоқтай, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды.
Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.
Автор: Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді.
Шұғынық: - Қазір, Күн көке,... қазір, ақ Сәуле.
Автор: Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.
Күн: Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Көкжелкен: Қазір, ашайын көзімді, қазір...
Сәуле ары сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербеледі.
Күн: - Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт!
Автор: - Жарайды,- деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан
Гүлбадан: «- Қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын.»
Автор: Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.
Күн: Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Атқұлақ: - Қазір, алтын Күн!
Автор: Атқұлақ керіліп - созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз - қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.
Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап. Жер бетін сәндендіріп жіберген.
3. а.) Мәтін бойынша сұрақтар қою.
- Гүлдерді, шөптерді кім және қалай оятады екен?
- Осы көріністі өздеріңнің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстырып, әңгімелеп беріңдер.
- Мәтіннің соңғы екі сөйлемін оқығанда сендер нені елестетесіңдер?
(Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап. Жер бетін сәндендіріп жіберген.)
- Әдемілікті, әсемдікті елестетеміз.
- Табиғаттағы әдемілікті, әсемдікті байқағанда, көргенде сендер қандай сезімде боласыңдар. (Жайқалып гүл өсіп тұрған даланың суреті көрсетіледі.)
Интерактивті тақтада, мынандай сөйлемдер жасырулы тұрады.
«Неткен көркем, неткен сұлу!
Осы менің туған өлкем!» деген ой келеді.
«- Әдемілік, әсемдік мені бақытты сезіндіреді.
- Әдемілік, әсемдік мені шаттыққа кенелтеді.
- Әдемілік, әсемдік мені мақтанышқа бөлейді»

4. Салыстырып көрсету.
Арал теңізінің әр жылдардағы көлемі. – Арал неліктен тартылып кетті деп ойлайсыңдар?

5. Сергіту сәті:
Күн нұрыңды төге бер!
Жерге дәнін себеді ел,
Өскін жайып жапырақ,
Құлпырады атырап

6. Назар аударыңдар. Осындай келеңсіз жағдайларға жол бермей, айнала қоршаған ортаның, табиғаттың сұлулығын сақтап қалу үшін Қазақстанда он қорық ұйымдастырылған. Олар:
р/с --- Қазақстан қорықтары --------- Қай жылы құрылды ----- Қай жерде орналасқан
1.--- Ақсу - Жабағылы қорығы ------- 1926ж -------- Оңтүстік Қазақстан.
2.--- Алакөл қорығы -------------------- 1998ж --------- Алматы обл.
3.---- Алматы қорығы ------------------- 1964ж -------- Алматы обл.
4.--- Барса - Келмес қорығы ---------- 1939ж -------- Қызылорда обл. Арал
5.--- Батыс - Алтай қорығы ------------ 1992 ж -------- Шығыс Қазақстан обл.
6.--- Қаратау қорығы -------------------- 2004ж -------- Оңтүстік Қазқстан обл.
7.--- Қорғалжын қорығы --------------- 1969ж -------- Ақмол обл.
8.---- Марқакөл қорығы ---------------- 1976ж -------- Шығыс Қазақстан обл.
9.---- Наурызым қорығы ---------------- 1931ж -------- Қостанай обл.
10.--- Үстірт қорығы1984ж ------------- 1984ж --------- Маңғыстау обл.
Туған жерді қорғауға алу дегеніміз - туған жердің әсем табиғатын сақтау, болашақ ұрпақ үшін табиғатқа қамқорлық жасау дегенді білдіреді.

7. Дәйексөз. «Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.»
Түсіндіру: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.» деген даналығында үлкен мән бар. Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан, әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.

8. Тапсырма «Ойды толықтыр.» (Дәптермен жұмыс.)
«Егер айналадағы табиғатты қорғауға алмасақ, оған қамқорлық жасамасақ, онда....»

9. Топпен жұмыс. «Күн» және «Гүл» топтары.

1 - топқа плакат беріледі. Ол плакаттың дәл ортасында күн бейнесінің ішінде «Табиғат бізге не береді?» деп жазылған. Оқушылар оның жан - жағына түрлі «нұр»
таратады. Мысалы: табиғат бізге ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа, сусын, шығармашылық шабыт, қуаныш, дәрі - дәрмек, танып - білу, білім, қазба байлықтар
Осы сөздер нұр болып таралады. Бұл жерде «соғыс, ашаршылық, табыну» сөздері жарамайды, сондықтан себетке тастаймыз

2 - топқа да гүлдің ортасына «Біз табиғатқа не бере аламыз?» деп жазылған плакат беріледі. Аяушылық, қамқорлық, қорғаныш, аялау, жылылық, мейірімділік, қайырымдылық махаббат, реніш, қорқыныш, жирену деген сөздердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелерін құрастыру. Керек емес сөзді себетке тастау.

10. Жүректен – жүрекке.
Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені.......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
Мен табиғатты қорғаймын, өйткені...
Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
Оқушылар бірге қол ұстасып, мұғалім соңынан мына өлеңді қайталайды.
Қазақстан, туған жерім - киелім,
Қастерлеймін басымды да иемін.
Табиғатың - таптырмас жан байлығым,
Бәрін - бәрін аялаймын, сүйемін.
54 726
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Туған жерімді сүйемін
Туған жерімді сүйемін
Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс! Ал қанекей, сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп алайық (балалар 3 топқа бөлінеді) енді әр топқа арналған орындарға жайғасайық.
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Ғажайып алаң
Ғажайып алаң
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп Адильгереева Жания Наурызбайқызы
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×