Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1937 - 38ж. жаппай жазалау шаралары

24 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: 1937 - 38ж жаппай жазалау шаралары (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1 Оқушыларға жаппай жазалау - реппрессия, лагерьлер жүйесі, халық жауы, тоталитарлық, казармалық социализм ұғымдарын ұғындыру.
2 Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу
3 Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік туғыза отырып білім алуға деген құлшынысы мен қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың барысы
II Ой қозғау:

Хронологиялық журнал:
1920 жыл 26 тамыз -
1921 ж
1925 жыл -
1931 - 33ж -
1936ж -
1937ж - 1938жж

Оқушыларды топқа бөлу:
1 топ «Тарих» - Аренова Ә «20 - 30ж қоғамдық өмір
2 топ «Алдаспан» - Оңғаршиева А «Алаш қайраткерлерін қуғындау»
3 топ «Талап» - Құтымова А « Әдебиет өкілдерін қуғындау»
4 топ « Ғалымдар» - Тынысов Т « Қазақ ғалымдарын қуғындау»
5 топ « Ұрпақтар» Халықов Д « Қазақстан - лагерьлер өлкесі»
6 топ « Ақиқат» - Қайыр А « Сталиндік қуғын - сүргіннің ақиқаты»

III Жаңа сабақ:
Жоспар: 1 Сталиндік казармалық социализм
2 Зиялы қауымды жаппай жазалау
Алаш қайраткерлерін қуғындау.
Қазақ әдебиеті жазушылары мен ақындарын қуғындау
Ғалымдарды қуғындау
3 « Халық жауларын» жазалау.
4 Қуғындауға қарсылық
5 Қазақстанда орналасқан лагерьлер жүйесі
Гулаг, Степлаг, Алжир
Сұрақ: 1930ж Қазастанның қоғамдық – саяси өмірі қандай болды?
Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінісіңдер? Жеке адам құқығы барған сайын тарыла берді? жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау, жер аудару. Геноцид саясаты кезеңдері.
1 кезең - 1929 - 33ж.
11 кезең - 1937 - 38ж.
111 кезең - 1947 - 53ж

2 Қазақ тарихының өткеніне үңілсек бұрмаланбаған беттері кемде - кем. Кім батыр? Кім сатқын? Кім халық үшін қам жеді? Кім жеке басының қамын ойлады? Кім өз өмірін туған елі үшін қиды? Кім қасақана халқының қанын төкті? Әрине, бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.
Бұл – қазақ тәңірге зар еткен қазақ!
Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.
Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,
Оқыған азаматын күткен қазақ.
“Ұлы тұлғаларды білмейінше бірде - бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес”.
Тарихымызды ақтаңдақтардан арылту бүгінгі таңда айырықша маңыздылығына, аса қажеттілігіне біріміз де күмәнданбайтын бірігей міндеттер ортасынан орын алады. Тарихтың уақыт табынан сарғыш тартқан парақтарына жаңаша көзқараспен көз жүгірткенде, сол кезеңдердің орны толмас опынысты оқиғаларына бүгінгі талап биігінен баға бергенде, біз сол тарихта азды - көпті бедер қалдырған жеке адамдардың ұрпақ алдындағы жауапкершілігін де жадымыздан шығаруға тиісті емеспіз.
Қазақстан тарихында із қалдырғандар қатарында сталиндік зұлматтың құрбаны болған, жарық жұлдыздай жарқырап халық жүрегінде қалған Алаш қайраткерлері мен ақын - жазушылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің де аттары аталады.
Сұрақ: Қазақ зиялыларының озық тобы неліктен қуғындауға ұшырады?
Алаш қайраткерлерін қуғындау.
Қазақ әдебиеті жазушылары мен ақындарын қуғындау
Ғалымдарды қуғындау

3 « Халық жауларын» жазалау. С Сейфуллин, С Садуақасов, Т Жүргенов, С Қожанов,
4 Қуғындауға қарсы
5 Қазақстанда орналасқан лагерлер жүйесі Гулаг, Степлаг, Алжир
Қазақстан - тоталитарлық лагерьдер өлкесі. 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жарияланған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ, социализм, тоталитарлық казармалық сипат алды. Қазақстанда жазалау лагерлері құрыла бастады. Солардың бірі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) 1930 жылы құрылды. Карлагта 30 жылдардың басында тұтқын саны 37 мың адам болды. Оған қамауға алынғандардың төрт жасқа дейінгі 980 балалары қосылды, олар лагерьдегі балалар үйінде тәрбиеленді. Ұлы Отан соғысы қарсаңында лагерьдегі тұтқындар саны 50 мыңға жетті.

Алжир лагері.
Ақмола лагерінде, «Отанына опасыздық жасағандардың жарлары ұсталған лагерьде» халқымыздың белгілі ақын, жазушылары С. Сейфуллин, Б. Майлин секілді қазақ, орыс т. б. ұлт өкілдерінің әйелдері болды. Ақмола лагерінде 30 мыңға тарта әйел болды.
Акмолинский лагерь жен изменников Родины.
СтепЛаглагері. 1940 жыл басында большевиктер партиясы орталық комитетінің шешімімен Жезқазған комбинаты мен Жезқазған қаласының құрлысы КСРО ішкі істер халық комиссариатының \НКВД\ Лагерьлер бас басқармасының \ГУЛАГ\ қарамағына берілді. 1947 жылы «№4 ерекше лагерь немесе Степлаг» деп аталды. 1940 жылдың соңына қарай мұнда 7 мыңға жуық тұтқындар жиналды. Оның тек 10 %- ы ғана қылмыскерлер де, қалғаны «халық жаулары» болды. Лагерьдің негізгі міндеті қысқа мерзім ішінде мыс балқыту комбинатын салу болып есептелді. Соғыс аяқталар алдында Жезқазған жеріне алғашқы әскери тұтқындар жеткізіле бастады. Олардың құрамында: неміс, жапон, қытай, венгр, румын, поляк, украин, орыстар болды. Сталиннің өлімі, одан кейін Л. Берияның әшкереленіп атылғаннан кейін, лагерьдегі құлдық өмірге қарсы наразылықтар күшейді. Тұтқындарды ғана емес, бүкіл Гулаг жүйесін дүр сілкінткен атақты Кеңгір қарулы көтерілісіне ұласты. 1954 - 1956 жылдары 8 мыңдай тұтқын ақталып шықты. Степлаг азап лагері 1957 жылы мүлдем жабылды.
IV. Сәйкестендіру кестесі:
«Сандар сөйлейді». Ойынның шарты бойынша көрсетілген сандарда қандай тарихи оқиға болғанын анықтау.
«Тұлғаны таны» ойыны. Ойынның шарты бойынша көрсетілген тарихи тұлға кім екенін анықтап, тарихта қандай із қалдырғанын табу.
«Білімге жорық» ойыны. Ойынның
V. РАФТ « Енді бізге қайта оралды заңғарлар. Сталиндік тозақтарда жанғандар»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 949
0
  • 100
7 дауыс


Жаңалықтар
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия. Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде - кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Шаруашылық есеп - КСРО - да енгізілген шаруашылықты жоспарлы жүргізудің әдісі. Несие - бағалы заттарды (ақша, тауарлар) қарызға беру. Дағдарыс - қандай бір нәрседегі шұғыл, тіке бетбұрыс
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжінің оқытушысы: Айтбекова А. Б.
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қиянова Илаш Қалымқызы
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×