Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

28 наурыз 2015, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Кеш сценарийі
І жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық - шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде
1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл - талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі Беларусь жерінде қалған.

ІІ жүргізуші
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.
Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.
І - жүргізуші
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

1 минут үнсіздікпен еске алу
Ауыл соғыс ардагерлері

ІІ жүргізуші Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір - түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.

Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған

І жүргізуші
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Ән: «Сарбаздар»

І жүргізуші
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты.
Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.
ІІ жүргізуші
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді.

І жүргізуші
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Көрініс:

І - жүргізуші
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6, 2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған,
20 - дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328 - ші, 310 - шы, 312 - ші, 314 - ші, 316 - шы, 387 - ші, 391 - ші, 8 - ші, 29 - шы, 102 - ші, 405 - ші атқыштар дивиясы, 100 - ші және 101 - ші ұлттық, 81 - ші, 105 - ші, 106 - шы кавалериялық дивизиялар, 74 - ші және 75 - ші теңіз атқыштар бригадасы, 209 - шы Зайсан, 219 - шы минометтік, 85 - ші зениттік, 662 - ші, 991 - ші және 992 - ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.

ІІ жүргізуші
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941 - 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль - ордендермен марапатталса, 500 - дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100 - ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 645
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау қаласы, №9Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы
Қос жұлдыз
Қос жұлдыз
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Атырау облысы, Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Жанылсын Саламатовна
Ерлік мәңгі есте
Ерлік мәңгі есте
Айналамен танысу. Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі есте
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×