Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақмола тарихы. Ақмола туралы алғашқы мәліметтер

24 қазан 2015, Сенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп - гимназиясы,
Тарих пәні мұғалімі Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы

Қазақстан тарихы 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақмола тарихы, Ақмола туралы алғашқы мәліметтер
Сабақтың мақсаты:
• Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
• Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;
• Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне, эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі - баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест
Көрнекілік: карта, сызба, кітаптар.
Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи - архитектуралық ескерткіштері.
Пәнаралық байланыстар: география, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Сипаттама беру
2. Сұрақ - жауап.
3. Өзіндік жұмыс
4. Кесте толтыру

ІІІ. Өткен материалды қорытындылау.

ІҮ. Жаңа материалды баяндау.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
2. Ақмола - аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.

«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез - келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру.
Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
1 - топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау
• Жалпы мәліметтері
• Рельефі
• Климаты
• Су ресурстары
• Жер бедері
• Халқы
2 - топ. «Ақмола округтік приказы - аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.
• Жаңа басқару тәртібі
• Экономикасы
• Архитектурасы мен қала құрылысы
• Халқы
• Білім беру
3 - топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Қаланың қалыптасу тарихы»
Ақмола бекінісі - Ақмола округтік приказы - Ақмола - Цениноград - Ақмола - Астана.
• Жылдар
• Қаланың мәртебесі
• Архитектуралық ескерткіштер
4 - топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)
Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.

Ү. Үйге тапсырма:
1. Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.
2. «Ұлы істі ұлы халық пен ұлы басшы ғана атқарады» тақырыбы бойынша қысқаша әңгіме жазу.
3. Тақырыпты оқу.

ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Қорытындылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
«Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
«Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
Тақырыбы: «Ақмола облысы» тарихи – өлкетану сайысы
Ақмола бекінісі
Ақмола бекінісі
ОҚО, Түркістан қаласы, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицейінің тарих-география пәні мұғалімі Аубакирова Назгул
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Джандаралова Жанар Ахметқанқызы ШҚО, Күршім ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×