Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Қостанай қаласы, №5 орта мектебі
Тарих пән мұғалімі
Кокеева Амангүл Сабыржанқызы

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып
Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы сілемі.

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтарымен және сiлемдерiмен таныстыру, Оңтүстiк Қазақстанның Батысқа Шығатын, Жетісудың Шығысқа шығатын басты қақпа ретiндегi маңызын түсiндiру. Жiбек жолының Қазақстан жерiндегi қалалардың дамуындағы рөлі туралы, әлеуметтiк-экономикалық маңызы туралы түciнiктіi қалыптастыру;
Оқиғаларға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту. Өзiндiк жұмыстар жасай бiлуге дағдыландыру;
Барлық салада Отанының iлгерi дамуы үшiн үлес қосуға, ұлтжандылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеу.
Әдісі: Интерактивті, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Слайд – суреттер, интерактивті тақта (флипчарт сабақ)
Пәнаралақ байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы толық әңгімелеп береді.
Ұлы Жібек жолы.
Қытай жазба деректерінде Б. З. Б II-Iғ Үйсін мемлекеті Қытаймен араласты.
Б. З. Б I ғ. ортасы алғашқы рет Қытай елінен батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шықты.
Б. З. Б II ғ орта халықаралық дипломатикалық қатынастар дамыды.
Қытай императоры У Ди 138 ж. батысқа елшілік жібереді.
13 жылдан соң елге оралады. Иран шахына Қытай императорынан жібектен жасалған киімдер жіберген.
VI ғ. бастап Еуразияға, Түрік қағанатына белгілі болды.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.
2. Оңтүстік Қазақстан - Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.
3. Қазақстандағы Қазақстан - Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Оқушыларды топқа бөлу.
1-Ұлы тобы, 2-Жібек тобы, 3-Жолаушылар тобы.
Жоспар бойынша әр тақырыпты топтарға бөліп беру және оқып шығу үшін 5 минут уақыт беру. Уақыт өткеннен кейін әр топқа парақша үлестіріп оқып шыққандарын парақшаға Ұлы Жібек жолының тармақтарын осы парақшаға салып шығу.
1-топ. Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.
2-топ. Оңтүстік Қазақстан - Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.
3-топ. Қазақстандағы Қазақстан - Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Әр топтар өз жұмыстарын қорғап шығады.
Қай топ бірінші болып сөзжұмбақтын жауабын шешіп шығады. Сол топ бағаланады.


"Тарихи домино"ойыны
Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.
Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген
"Көш керуен" ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Жібек жолы қайдан басталады?

2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
3. ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
4. Жібек жолының Жапониядағы сілемі?
5. Жібек жол арқылы таралған діндер?
6. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?
7. Б. з. б. ІІ ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?
8. Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?
9. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?
10. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?
Кртамен жұмыс:
Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы.

Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.
І ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.

Жаңа тақырыпты бекіту сұрағы:Оқушылар (Иә) немесе (Жоқ) деп жауап береді
1 Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан (Жоқ)
2 Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. (Иә)
3 Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. (Жоқ)
4 Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б. з. б. V-II ғасыр аралығы (Иә)
5 VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. (Жоқ)
6 Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа (жоқ)
7 Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. (Иә)
8 Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. (Иә)
9 Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала (жоқ)
10 Батыс елдеріне алғаш керуендер б. з. б. ІІ ғ. Ортасында жолға шықты (иә)

Бағалау:
Үйге тапсырма:16-параграфты оқу. Тестке дайындалу. Реферат.
37 219
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Балалар бізге тегін саяхатқа шығу мүмкіндігі туып тур, Біз «Жұлдыз» туристік фирмасының жолдамасын ұтып алу үшін біз берілген тапсырманы орындауымыз қажет. Алдымен берілген сұрақтарға жауап беріп, оны дүние жүзі картасының үстіне ретімен
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары, керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы жөнінде білім беру.
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×