Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих пәнінен ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолдары мен тәсілдері

08 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Тарих пәні мұғалімі Досетова Анаргуль Адхамовна

ОҚУШЫЛАРДЫ ТАРИХ ПӘНІНЕН ҰБТ – ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
"Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен, тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі". (Н. Ә. Назарбаев)
"Тарих толқынында"

Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа сапалы білім беру үрдісі қай қоғамда, қай мезгілде болмасын бірінші кезектегі міндет екені белгілі.

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Оқушының он бір жыл бойы мектеп қабырғасында алған білімі мен білігі сараланатын, оқушыларға білгенін үйретуден жалықпаған ұстаздарымыздың асыл еңбегі бағаланатын жер де осында анықталады. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындауда оқушы, ата - ана, ұстаз байланысы үлкен рөл атқарады. Сондай - ақ жыл сайынғы ҰБТ - ге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар әр мұғалімнен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындау маңызды болып табылады. Қазақстан тарихы пәні ұзақ уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі көптеген хронология, адам аттары, тұрақтар, термин сөздер, сандар көптеп кездеседі. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік ұтымды әдіс - тәсілдері болады. Менің де тестіге қатысты тәжірибеде күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс - тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. 11 сынып оқушыларына алдымен ҰБТ - ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Оларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін.

1. Тақырыпты алдымен оқулықтан зейін қойып оқып шық.
2. Керекті жерлерін дәптерге түсір.
3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.
4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ - жауап әдісін пайдалан.
5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып таста.
11 - сынып оқушыларын ҰБТ - ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәннен қосымша сабақ кестесі бекітілді. Тарих пәнінен қосымша сабақ әр аптаның сейсенбі күні. Қосымша сабақ - Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ - ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбексүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ - да жоғарғы нәтиже көрсету.
Оқушыларды ҰБТ - ге дайындауда "Тесттік технология" әдісін күнделікті сабағымда пайдаланамын. 11 жылдық білімнің сыналар шағы, өтілген тақырыпты кімнің қаншалықты меңгергендігі анықталар сәт те осында байқалады. Осы мақсатта тестке дайындық барысында оқу жылы басталғаннан оқушыларға үлкен қалың дәптер арнатқан болатынмын. Сол дәптерге сынама тестілеуде келген нұсқаларды дұрыс жауабымен толық жаздырып, жаттауды талап етемін. Әр сабақ сайын оқушылардан сұрақ - жауап әдісі арқылы жаздырған нұсқаларды жатқа сұраймын. Және көптеген нұсқаларды компьютерге теріп, көбейткен болатынмын. Соларды қосымша сабақта оқушыларға орындатып, өздеріне жұмыстарын тексертіп, сол жерде қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ - жауап әдісін пайдаланамын. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету - әр мұғалімнің басты міндеті.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 1 - нұсқа

1. "Күміс олардың елінде болмайды, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі" деп сақтар туралы жазған грек тарихшысы:
А) Полиэн
В) Страбон
С) Диодор
Д) Прийск
Е) Ктесий
2. ХV ғасырдың соңына қарай Сыр бойындағы қалаларға шабуыл
жасаған қазақ қолына басшылық жасағандар:
А) Керей, Жәнібек
В) Бұрындық, Қасым
С) Шығай, Мамаш
Д) Тахир, Жәдік
Е) Бұйдаш, Қожа Махмұт
3. Орта жүз рулары ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Самарқан төңірегіне ойысуының себебі:
А) Темір шапқыншылығы
В) Монғол шапқыншылығы
С) Қытай шапқыншылығы
Д) Ұйғыр шапқыншылығы
Е) Жоңғар шапқыншылығы
4. Жоңғар хандығының тарих сахнасынан жойылған жылы:
А) 1759 жылы
В) 1756 жылы
С) 1757 жылы
Д) 1758 жылы
Е) 1754 жылы
5. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінде құрылған облыстар:
А) Шелек, Талғар
В) Сырдария, Жамбыл
С) Сырдария, Ферғана, Самарқан
Д) Жетісу, Жаркент
Е) Ташкент, Отырар, Ферғана

Толық нұсқасын жүктеу
13 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Білім алушылардың дайындығын тәуелсіз бағалануы негізінде жалпы білім берудің сапасын мемлекеттік бақылау және басқарумен қамтамасыз ету; Кәсіптік білімді таңдауға дайындау мақсатында білім алушыларды саралау;
Тарих пәнін оқытуда - түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Тарих пәнін оқытуда - түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
«Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс - әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек». (К. Ушинский)
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×