Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан

18 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: ЖЭС оның себептерін, мәні мен нәтижелері туралы білімдерін бекіту.
ЖЭС тоқталуының себептерін, еліміздің әрі қарай қарқынды дамуына ЖЭС маңыздылығын анықтау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, салыстыру дағдылары мен зерттеушілік мүмкіндіктерін дамыту. Топта бірігіп жұмыс істеу және өздерінің нәтижелерін көрсете білуге баулу.
Тәрбиелілік: Өздерінің көзқарастарын қалыптастырып, дәлелдей білуге, азаматтылық, тарихқа деген қызығушылықты тәрбиелеу.
Сабақтың тәсілі: ББД пысықтау.
Сабақтың әдісі: репродуктивті, пікір айту, топпен - ізденіс.
Жұмыс түрі: топпен
Пәнаралық байланыс: жалпы тарих, қазақ және орыс әдебиеттері, қоғамтану.
Көрнекілік: презентация.
Құрал жабдықтары: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, карточкадағы тапсырмалар, түрлі - түсті жетондар, рефлексия және бағалау парағы.

Сабақтың ұраны: «Тарихтың өткенін білмейінше, қазіргі және келешекті болжау мүмкін емес» (Әл Фараби)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық тренинг: Қазір назарларыңызға ұсынған сурет кесіндісін таңдап, өз сыңарларыңызды табу арқылы, топқа бөлініп, сол суреттер еліміздің тарихының қай кезеңдерін бейнелейтіндігі туралы пікір білдірсеңіздер.

Суреттің көмегімен топқа бөліну /3 топ /.
1. топ «Әскери коммунизм»
2. топ «ЖЭС»
3. топ «Нұрлы Жол»
/топтағы жұмыс ережесі/.

Топтағы міндеттер:
КӨШБАСШЫ - топты басқаратын адам
ХАТШЫ - негізгі мәліметтерді жазып отырады
ТАЙМКИПЕР - уақытты қадағалап отырады
БАЯНДАМАШЫ - сөз сөйлейді, баяндайды
САРАПШЫ - жұмысты саралап, бағалайды
РЕТТЕУШІ – жұмыс барысын реттейді

Алтын ереже
Жұмыстың нәтижелі орындалуына ықпал ететін, топтың барлық мүшелеріне ортақ болатын, топ мүшелерінің өздерімен сайланатын тәртіп ережелері
Топты бағалау: «дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш» арқылы бағаланады
Сабақта өз жұмыстарының сапасы мен белсенді қатысуын бағалау үшін бағалау парағын ұсынамын.
Тапсырманың өз жауабына топтағы әр оқушы бағалау парағында белгі қояды.
«V» - мұғалімнің сұрауымен жауап бердім, бірақ жауабым дұрыс емес
«W» - мұғалімнің сұрауымен жауап бердім, жауабым дұрыс
«|» - өз ниетіммен жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес
«+» - өз ниетіммен жауап бердім, жауабым дұрыс
«0» - жауап берген жоқпын.

Сабақтың барысы:
ІІ. кезең: сабаққа төселту сәті
1 тапсырма: Тарихқа саяхат сұрақ – жауап әдісі бойынша жүреді.

1 топ. «Әскери коммунизм»
1. Азамат соғысы мен интервенция жылдары Кеңес мемлекетінің жүргізген экономикалық саясаты...
2. 20 - шы жылдары кеңес үкіметінің әйелдерге қатысты жүргізген іс - шаралары...
3. 1921 - 22 жылдары іске асырылған...
4. 9 наурыз 1920 жылы Кеңес үкіметі қабылдаған қаулы:
5. 1921 жылғы ашаршылықтың себептерінің бірі...

2 топ. «ЖЭС»
1. «Әскери коммунизм» саясатымен салыстырылғанда жаңа деп аталған...
2. Жер - су реформасының негізгі мақсаты?
3. 22 - қарашада Қазақстанның Орталық Атқару Комитеті «іс жүргізу қырғыз (қазақ) тілінде жүргізуі» туралы Декрет шыққан жылы:
4. 1921 жылы 14 маусымда енгізілген декрет?
5. «Кіші Қазан» жаппайы ұжымдастыру курсы мен «ауылды кеңестендіру» ұранының авторы...

3 топ. «Нұрлы Жол»
1. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылы 11 қараша айындағы Қазақстан халқына Жолдауы...
2. Қазақстанда жастар қозғалысының жетекшісі болған...
3. 1921 жылы құрылған кедейлер ұйымы?...
4. Қазақстанның екінші астанасы?...
5. Нарықтық қатынастардың нығаюына қарай салық төлеудің тек ақшалай түрі қашан енгізілді?

2 - тапсырма: топта с карточкамен жұмыс
/ Анықтамасын беру/
1. Азамат соғысында жеңіске жету үшін, барлық ресурстарды бір орталыққа яғни мемлекеттің қолына шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік экономикалық жүйенің қолданған әдісі.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы, «Кеңес Одағының Батыры
И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі»КММ
тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі Касымова Улмекен Утегеновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Слайдын жүктеу
5 197
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай
Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы №14 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жанаева Ақкенже
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×