Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері - кесенелер, қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кесенелерді, олардың безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен салыстыру.
Тәрбиелік: Тарихи ескерткіштерді қорғауға, өнерді бағалай білуге, өз ұлтының мәдени өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, кесенелер мен күмбездердің суреттері, слайд.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпқа байланысты берілген рефератқа талдау жасау, тест тапсырмасын орындау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сәндік қолданбалы өнер және архитектуралық құрылыс жүйелері аясында кіріспе әңгіме жүргізу.
1. Сәулет өнері.
Өнердің бұл түрі Қазақстанда X - XII ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді. Оның басты дәлелі – Тараз қаласының маңындағы Айша - бибі, Бабаджа - қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары.
Алайда бұл өнердің дамуына қазақ даласындағы монғол шапқыншылығы нұқсан келтірді.
XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV - XVғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған.
Мәселен, бұл кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне
Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Көккесене, Алаша хан сияқты кесенелер жатады.

2. Арыстан баб кесенесі көне Отырар қаласының батыс жағында 3км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан.(аңыздан үзінді)
XIV - XV ғасырдың аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі - Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі.
Қожа Ахмет – ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын.
Кесене Түркістан қаласының дәл ортасына салынған.(Суретін көрсету)

3. Көккесене. Көккесене – Ақ орданың орталығы болған Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік - батысында 8км жерде орналасқан бір күмбезді кесене.

4. Алаша хан кесенесі. XIV - XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған.
Алаша хан күмбезінің қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою - өрнегі кең қолданылған.

5. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі.
XV ғасырдың екінші жартысында салынған тағы бір ескерткіш.

6. Қолданбалы өнер.
Қолданбалы өнер - сәулеттік құрылыс жүйелерінің ажырамас бір бөлігі. Кез келген күрделі, алып құрылыс жүйелерін, ғимараттарды сәндеп әшекейлемесе,
Олардың іші - сырты көз тартатындай безендірілмесе, оған шығарған қыруар еңбектің зая кеткені.
Сондықтан шеберлер өздері жасаған ғимараттарын сән - салтанатты етіп көрсетуде қолданбалы өнерді пайдаланған.
Сабақты қорыту: Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.

Өскен негізгі мектебі
Орындаған: Амержанова М.

Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері. жүктеу
4 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері Конспект 14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас
Архитектуралық ескерткіштер
Архитектуралық ескерткіштер
Сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы
Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×