Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

15 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақ тақырыбы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?
Сабақтың мақсаты • Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
• Х – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
Жетістік критерийлері
• Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жеткендігін біледі;
• Әскери жетістіктерін біледі;
• Карта бойынша саяси үдерістерді түсінеді;
Тілдік міндеттер Пәндік лексика мен терминология:
1. «Яса» заңдар жинағы арқылы моңғол мемлекетінің идеологиясы, басқару жүйесі, әлеуметтік құрылымын талдайды (оқылым дағдысы);
2. Кешіктен - Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл
3. Құрылтай – моңғол империясының жоғары басқару органы
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Әскер, әлеуметтік, саяси жағдай, қосылу, ақсүйек, қарасүйек, заң, әскери жүйе, біріктіру.
Алдыңғы білім
Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Тақырып ашу. Бірнеше оқиғаларды мағынасы бойынша сәйкестендіру.
2) Терминдермен жұмыс. Интерактивті тақтада үш термин анықтамасымен шығарылады. Оқушылар дәптерлеріне жазып, мұғаліммен бірге мағынасын талқылайды.
3) Видео роликке анализ жасау. Шыңғыс хан туралы видео ролик қосылады. Видеороликті тыңдай отырып, зерттеу сұрақтарына жауап береді.
• Моңғолия жерінде өмір сүрген тайпалар?.............
• Көшпелі түркі тайпаларын өз территорияларынан ығыстырған қай мемлекет?............
• Шыңғысхан құрған мемлекет территориясы бұған дейін болған қай қағанаттың шекарасымен бір немесе ұқсас?...........
• Қытайлықтар қандай сылтау айтып дала көшпенділеріне жорықтар жасады?...................................
• Сырдария мен Әмудария аралығындағы жерлер қай мемлекеттің қол астында болды?................
4) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, мынандай зерттеу сұрақтарына жауап береді:
1. 1211 жылы моңғолдар Қазақстан жеріне не себепті келеді?....................
2. Күшлік хан қай мемлекеттің билеушісі болды?................
3. Керейлер билеушісі кім болды?.....................
4. ХІІІ ғасырда Керей, Найман, Жалайыр тайпалары неліктен Қазақстанға қоңыс аударды?..........
5) Картамен жұмыс. Оқушылар картаға қарап отырып, саяси өзгерістерді біледі.
6) Темүжін. (Шыңғыс хан) саяси портрет. Қысқаша ақпарат беріледі.
7) Мозайка. Мозайкалық суретті хат арқылы сөйлем құрастыру.
Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? жүктеу
5 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
X – XIII ғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?
Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?
X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
Моңғол шапқыншылығы
Моңғол шапқыншылығы
Қысқа мерзімді жоспар Қазақстан тарихы 5 сынып
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жетті?
Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жетті?
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Зейнулла Айгүл Қонысбекқызы
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұмаева Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×