Білімділер поралы

31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап - қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын - сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік - жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

ХХ ғасырда қазақ ұлты тартқан ең ауыр зардап осы зұлматты жылдармен байланысты. 1931 - 1933 жылдың ашаршылығы миллиондаған қазақтың басын жұтты, 1937 - 1938 - дің репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын қынадай қырып салды. Қызыл империяның қаны тамған заманда елімізде 20 - дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам асыл азаматтарымыз азап шекті. 1937 - 1938 жылдар аралығында 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл күні тек қуған - сүргін құрбандарының туған - туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.
Лагерлерде қазақ мәдениеті мен ғылымына, ағарту саласына еңбегі сіңген интеллигенция өкілдері азап шекті.

Бүгін мыңдаған қуғын - сүргін құрбандарын – Ахмет Байтұрсыновты, Әлихан Бөкеейхановты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді, Ілияс Жансүгіровті, Мағжан Жұмабаевты, Міржақып Дулатовты, Тұрар Рысқұловты, Санжар Асфендияровты, Темірбек Жүргеновті, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтарды еске алмауға болмайды.

Жаппай қуғын - сүргін бұрынғы Кеңес Одағының бірде - бір халқын айналып өткен жоқ. Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халқы жер аударылды. Бұл жылдары барлығы 1 млн. 500 мың ұлт өкілдері жер аударылған. Тұрмыс тауқыметіне қарамастан қазақ халқы еріксіз жер аударылған бауырластарымызды жылы қабылдап, соның нәтижесінде тоталитаризмнің қанды шеңгеліне бірлесе төтеп берді.

НКВД - ның ерекше бұйрығымен сол бір зұлмат жылдары қазақтың қамын ойлаған ұлт серкелеріне жөнсіз жала жабылып, аяусыз атылып, итжеккенге айдалса, отбасылары да қуғынға ұшырап, лагерлерге қамалды. Ардақты

арыстарымыздың әйелдері мен балалары «АЛЖИР» - «Ақмоладағы «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагерінде де азап шекті. АЛЖИР лагері 1938 - 1953 жылдар аралығында жұмыс істеді, 20 мыңға жуық әйел қамалып, олардың 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Жұмат Шаниннің, Санжар Асфендияровтың, Темірбек Жүргеновтің, Тұрар Рысқұловтың т. б. әйелдері де бар еді.
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 62
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 61
Роботтар: 2
Аягоз Болатбековна
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика