Білімділер поралы

Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)

(презентациясымен)
Мақсаты: ҰБТ - ге дайындалуға көмек ретінде 6 сынып оқулығының І тарауы бойынша тестте кездесетін материалдар топтастырылып жинақталған. ұстаздарға көмек ретінде презентациясымен берілген.

Тестте кездесетін сұрақтар
Алғашқы адамдардың еңбек құралдары – қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар
Алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған.
Алғашқы адам «епті адам» деп аталды
«Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылды. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Алғашқы адамның бірі питекантроп. Питекантроп 1891 жылы алғаш Ява аралынан табылған. Питекантроп 1 млн жыл бұрын өмір сүрген.
Синантроп Солтүстік Қытайдан табылған. Синантропты «қытай адамы» деп атайды. Синантроп бұдан 500 - 200 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атаған

Неандерталь Германия жерінен табылған.
Неандерталь адамының бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келген.
Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен табылған.
Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100 - 35 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Неандертальдықтар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген.
Неандертальдықтар отты пайдаланған

«Саналы адам» яғни қазіргі адам бұдан 40 - 35 жыл бұрын өмір сүрген.
Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталды.
Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: палеолит, мезолит, неолит
Палеолит – ежелгі тас ғасыры, мезолит - орта тас ғасыры, неолит - жаңа тас ғасыры деп аталады.
Сібірге алғашқы адамдар Еуропа мен Азиядан қоныстанған
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан 1 млн-дай жыл бұрын пайда болған.
Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары.
Алғашқы адамдардың тұңғыш баспанасы үңгірлер болды.
Алғашқы адамдар таяқты ұштау, өлтірген аңдар денесін боршалағанда, терісін сылғанда чоппер қаруын пайдаланған.
Сүйектен ине мен бізді дайындаған.

Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан астам аса еңбек құралдарының бәрі - қашау мен үшкір заттар.
Палеолит дәуірінің хронологиясы – б. з. б 2 млн 500 мың – 12 мың жыл
Мезолит дәуірінің хронологиясы - б. з. б 12 - 5 мың жыл
Неолит дәуірінің хронологиясы - б. з. б 5 - 3 мың жыл бұрын болған

Тастан жасалған құралдар орта ғасыр мезолитте пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.
Б. з. б 5 мыңжылдықта неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді.
Адамдар неолитте тасты жылтырата тегістеуді үйренді.
Неолит кезеңінде еңбек құралдарының жаңа түрлері: дәнүккіш, келі, балта, қайланы ойлап тапты.
Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан айырмашылығы – еңбек құралдарын жасай білуі еді.

Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.
Алғашқы адамдар жіп орнына жануарлардың сіңірлерін пайдаланған.
Алғашқы адамдар ыдыс - аяқты саз балшықты күйдіріп жасады.
Палеолит дәуірі ерте, орта және кейінгі болып үшке бөлінеді.
Ерте тас ғасыры б. з. б 2 млн 500 мың жылдан 40 - 35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыған.
Орта тас ғасыры б. з. б 100 - 40 мың жыл аралығын қамтыған
Кейінгі тас ғасыры б. з. б 40 - 12 мың жылдықты қамтыған.
Ерте тас ғасырының ең көне тұрақтары – Маңғыстау түбіндегі Шақпақата, Қаратаудағы, Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер

Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал
Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік - ойықтар жасау арқылы өткірлеу
Қырғыштардың сыртқы пішіні сопақша, үшбұрышты, ұзынша төртбұрышты болып келген.
Қырғыштардың жүзін ретушьпен өңдеген.
Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 ға жуық тас құралдар табылған. Ортаңғы тас ғасырында неандерталь адамы өмір сүрген.

Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен табылған.
Неандерталь адамдары шақпақ тастармен от жағуды үйренген.
Кейінгі тас ғасырында б, з, б 40 - 12 жылдары қазіргі адамға ұқсас адамдар «саналы адам» қалыптасты. Бұдан 40 - 30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды.
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро - Маньон үңгірінен табылған.
Саналы адамды кроманьондық деп атайды.
«Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан екі есеге үлкен.

Шығыс Қазақстандағы Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің жанынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылған.
Мұнда қырғыш құралдар табылған. Хронологиясы 25 мың жыл бұрын.
Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыштар жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ болып келеді.

Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісінің бірі - Батпақ. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б. з. б 30 - 25 мыңыншы жыл. Қырғыштар ұзынша келген тас сынығынан табылған.
Адамдар тобы бірте - бірте туысқандардың ұжымына - рулық қауымға айналды.
Рулық қауым шамамен «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді.
Ру ішіндегі тіршілік пен іс - әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті.
Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады.

Мезолиттің хронологиялық шеңбері – б. з. б 12 - 5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.
Мезолит заманының үлкен жаңалығы - микролиттер.
Микролит ұзындығы 1 - 2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал.
Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тастар.
Мезолит заманының тағы жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.
Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді.

Қазақстан аумағында 20 - дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі.
Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 - 60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзенінің аңғарынан табылған.
Б. з. б 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады.
Мезолит дәуірінің ерекшелігі жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіру.
Мезолит заманында рулық қауым күшейіп, тайпаларға бірікті.
Мезолит заманында ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
Мезолит заманында қауым мүшелерінің құқықтары тең болды. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асты.
Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды.
Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты.
Жаңа тас ғасыры б. з. б 5 - 3 мың жылдықтар аралығын қамтыды.
Неолит заманында адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық ыдыстарға өрнектер сала білді.

Неолит кезеңінің тұрақтары Шығыс Қазақстандағы Усть - Нарым, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан. Олар жаңа тас ғасырының соңғы кезіне яғни б. з б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б. з. б 5 мыңжылдыққа тән.
Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар табылған.
Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары жасалған.

Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған.
Жезқазған өңірінен 150 ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған.
Шығыс Қазақстаннан табылған құрал саймандар құрамалы болып келген.
Тас дәуірінің дамыған кезеңі – неолит

Неолит тұрғындары шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерді, өру мен тоқу ісімен шұғылданды.
Неолит кезеңінде адамдар кен кәсібі және тоқымашылықпен айналысты.
Неолит заманына жататын Сексеуіл тұрағы Қызылорда облысында орналасқан.
Сексеуіл тұрағынан 80 пайызы қой мен сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың қаңқасын тапқан.

Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы - қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі. Бұл дәуірді сондықтан «қыш құмыралар заманы» деп те атаған.
Қазақстан аумағынан неолиттің 500 - ден аса тұрақтар табылған.
Көзе - саздан жасалған қыш ыдыс.

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс - тас ғасырынан (энеолит) басталады. Хронологиясы шамамен б. з. б 3000 - 2800 жылдары өткен.
Ең бірінші қолданылған металл - мыс.

Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.
Энеолит сөзі - мыс - тас ғасыры дегенді білдіреді.
Мыс - тас ғасырында қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.
Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың – егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінді.

Энеолит кезеңінің ескерткіші Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы.
Ботай тұрағы б. з. б 3 - 2 мыңжылдықпен мерзімделеді. Тұрақ 15 гектер жерді алып жатыр. Тұрақтан 158 тұрғын үй табылған. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орналасқан.
Ботай тұрағынан жылқы сүйектері өте көп табылды.

Энеолит ескерткіші Маңғыстаудағы Шебір жерінен табылған. Мұнда тас пен қыштан жасалған еңбек қралдар. Ыдыстары саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ сияқты өрнек пайдаланған.
Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскасының қабықтарын моншақ етіп таққан.
Алғашқы адамдар егінді жинау уақытын аспандағы жұлдыздардың орналасуымен анықтаған.
Айдың қозғалысын бақылау арқылы алғашқы қарапайым күнтізбе жасап, жылды тепе - тең айларға бөлген.
Адамдар өз білімдерін суретті хат - пиктография (тасқа түсірілген хат - суреттер) арқылы хабарлаған.

Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.
өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Мұндай сенімді анимизм дейді.
Тотемизм - адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырған.

Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (гравюра), рельефтер, суреттер үңгірдің қабырғаларында бейнеленген.
Алғашқы қауым суретшілері суретке ағаш көмірін пайдаланған.
Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.
Қарағанды облысынан табылған орындалуы бірегей қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 32
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 32
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика