Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түркістан – екі дүние есігі ғой

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Түркістан – екі дүние есігі ғой (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Түркістан, ондағы орта ғасырларда салынып, біздің заманымызға жеткен тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Ахмед Иасауи кесенесі, оның салыну тарихы жайлы мағлұматтар беру
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып жеткізе білуге үйрету, рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескерткіштерін қадірлеп, қастерлей білуге үйрету, имандылыққа тәрбиелеу, отанды сүюге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүктеме, Қазақстанның саяси картасы, ән «Ғасыр әлдиі», бейнефильм «Түркістан»
Сабақтың түрі: Драмалық - композициялық сабақ
Сабақ өту әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, көрініс, қосымша деректермен жұмыс

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды орындарына жайғастыру
ә) үй тапсырмасын сұрау
Арыстан баб кесенесінің ерекшелігі қандай? Ол қай ғасырда салынған еді? Кесене қай жерде орналасқан?
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары арқылы еске түсіре отырып, жаңа сабақты бастаймын.
2. Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
1. Ежелгі қала Түркістанның географиялық орны, тарихы жайлы
2. Тарихи мәдениет ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмед Иасауи кесенесі
3. Ахмед Иасауи – ақын, ісләм дінін таратушы және оның әулие атануы
4. Әмір Темірдің көрегендігі
5. Көрініс: «Әмір Темірдің түсі»
6. Ахмед Иасауи кесенесінің салынуы жайлы
7. Түркістан кеше, бүгін, ертең

Ең алдымен оқушыларды үш топқа бөліп, алдын - ала тапсырмалар беріліп, зерттеу нысаналары белгіленді.
I - топқа: Ежелгі қала Түркістанның географиялық орны және тарихы жайлы
II - топқа: Мәдениет ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмед Иасауи кесенесі жайлы; Ахмед Иасауи – ақын, ісләм дінін таратушы және оның әулие атануы
III – топқа: Әмір Темірдің көрегендігі; Ахмед Иасауи кесенесінің салынуы жайлы; Түркістан кеше, бүгін және ертең қандай болмақ.
Осы жерде оқушыларға мынандай сұрақ қоямын:

Сұрақ: 1. Түркістан қандай қала, ол қай жерде орналасқан?
2.«Түркістан» деген сөздің мағынасы нені білдіреді?
Осы сұрақтардың көлемінде оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылардың жауабы тыңдалып болған соң Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі оқылады.
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
Осы жерде тағы да оқушыларға сұрақ беріледі.
Сұрақ: Тарихи – мәдениет ескерткіштері деген не? Оқушылардың жауабы тыңдалады. Содан кейін мұғалімнің өзі кесене жайлы өзі айтып өтеді.
Оқушыларға сұрақ:
1. «Мәдинеде – Мұхамед, Түркістанда Қожа Ахмед» деген сөз неден қалған?
2. Қожа Ахмед Иасауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы қандай еді?
3. Ахмед Иасауиге зәулім кесене салдырған Әмір Темір кім еді?

Оқушылардың жауабы тыңдалып болған соң, «Әмір Темірдің түсі» деген көрініс көрсетіледі. (үнтаспада баяу қобызда күй орындалып тұрады )
Көріністен соң оқушыларға мынандай сұрақтар беремін.

Сұрақтар:
1. Неліктен бірінші Арыстан баб кесенесі салынды?
2. Қазіргі кезде осы сәулет өнері ескерткіштерінің сақталып бізге жетуінің қандай маңызы бар?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді және басқа оқушылардың да пікірлері тыңдалып, мұғалім сабақты өзі қорытындылайды.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар түгел бағаланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері - кесенелер, қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік қалыптастыру. Кесенелерді, олардың безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен салыстыру.
Қазақстан қалалары
Қазақстан қалалары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Мұнайшы селосы, №5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтмағамбетова Айткүл Мергенбайқызы
Түркістан қаласы. Зат есімнің жалғаулары
Түркістан қаласы. Зат есімнің жалғаулары
Астана қаласы, «Құрылыс техникалық колледжі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы: Нұрғожина Назгүл Аманболғанқызы
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Қазақ халқының мәдениеті
Қазақ халқының мәдениеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы № 241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×