Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Планетаның экологиялық күйі

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Планетаның экологиялық күйі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселелердің бірі екендігін, ол біздің елімізде де әсіресе индустриялы дамыған орталықтарда да, оның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарда да, өткір күйінде қалып отырғанын оқушыларға түсіндіріп, ауаның, судың және жердің ластануы нәтижесінде адам өміріне, өмір сүру ортасына қауіп төніп келе жатқанына назар аудару.
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе Арал экологиялық апатты аймағы, Семей аймағы және қарт Каспийге, ғарыш аймағы Байқоңырға тоқталу. Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі туралы әңгімелеу, оқушылардың таным деңгейін толықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін кеңейту, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Өзіндік ұғым қалыптастыра алатын азамат даярлау.
Тәрбиешілігі: Оқушылардың жоғарғы экологиялық санасын қалыптастыру, өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуына ықпал ету, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, жерге деген мейірім мен ықыласын ояту, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: іздену, зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тірек белгілер.
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихи, география, құқық, қазақ әдебиеті, физика, химия, биология.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, журналға белгілеу, сабаққа кірісу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы: §31. Адам және тіршілік аясы.
Сұрақтары: 1. Планетаның табиғи ресурстарына нелер жатады?
2. Адам және табиғат арасында қандай байланыс бар?
3. Ғылыми – техникалық прогресс дегеніміз не?
4. Қоғамдағы адамның алатын орны қандай?
5. Компьютерлік техника адамға қажет пе?

Сабақты, яғни тақырыпты қорытындылау.
Мұғалім сөзі:
Биосфера дегеніміз - жер шарын мекендейтін барлық тірі организмдердің таралу аясы. Қоғамның әр мүшесі ғаламшардағы тірі организмдердің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауы керек.
Қазіргі адамдардың табиғатқа, өздерін қоршаған ортаға тұтынушылық көзқарасы мүлдем басқаша, олардың айналадағының бәрін бүлдірушілік және жойып жіберушілік әрекеттерінің қарқыны жылдам, ауқымы көлемді болып отыр.
Қазіргі кезде биосфераның химиялық құрамының өзгеруіне байланысты жердегі барлық тірі организмдердің өміріне қауіп төніп тұр.
Біздің бүгінгі өткелі тұрған жаңа сабағымыз да осы тақырып төңірегінде болмақ.

Жаңа сабағымыздың тақырыбы: §32. Планетаның экологиялық күйі.
Жоспары: І. Кіріспе
ІІ. Су - тіршілік көзі.
ІІІ. Атмосфера
ІҮ. Топырақтың тозуы.
Ү. Жануарлар, өсімдіктер әлемі.
ҮІ. Адам экологиясы.

Жаңа сабақ: Тоғай еді, Қарасудың ар жағы
Қайда кеткен қамысы мен талдары,
Не күзетіп, нені бағып жүр екен?
Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны?
Тоғай тозған, топалаң боп сиреген
Аяулы еді ата - баба тимеген.
Есек мініп бара жатыр қария,
Қыршын талды қиып алып сүйреген.
Тау орманға, мына титтей тоғайда
Топ - топ киік жайылатын, сол қайда?
Үміт үзіп, үріккен аң, ұшқан құс
Енді қайтып бұл өңірге жолай ма?
Жасауы жоқ жаққа оралу оңай ма?- деп ақын Мұқағали жырлағандай дәл қазіргі табиғаттың күйі адам қолының жылуын аңсап тұрғандай. БҰҰ айқындап, ресми түрде жариялаған. Он үш жаһандық мәселенің ішіндегі ең бастыларының бірі;
- экологиялық проблема.
- ядролық соғыс қаупін сейілту
- ұлтаралық қақтығыстарды шешу
- демографиялық ахуал
- адамдардың денсаулығын сақтау
- халықаралық лаңкестікпен күрес.
Экология - грекше мекен туралы ғылым. Экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

1 - сызба
Республикамызда табиғат байлық қорлары өте көп. Бізде 48000 көл, 85022 өзен бар. Менделеевтің периодтық системасындағы элементтердің 108 – і кездеседі. Осы байлықты дұрыс пайдаланбасақ оның арты үлкен өкінішке ұрындырады. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.

• Су барлық тірі организмдердің аса маңызды материалдық негізі болып табылады. Биосферадағы судың жалпы аумағы 1, 5 млрд км3, оның не бары 3% - ы ғана тіршілікте қолдануға жарайтын тұщы су. Жер тұрғындарының тең жарымынан астамы су тамшылығын тартып отыр. Жердің сулы қабығын гидросфера дейміз. Соңғы жылдары мұхиттар мен өзен - көл суларының ластануы су сапасын нашарлата түсуде. Мұхиттарда мұнай тасымалдайтын кемелер мен танкерлердің көбеюі, атом қаруларын сынау, радиоактивті қалдықтардың тасталуы тіршілік ырғағын өзгертіп отыр. Біздің республикамызда су ресурстарының ластануы Арал, Балқаш, Каспий, Ертіс, Жайық, Нұра, Тобыл, Іле, Шу, Талас өзендерінде байқалып отыр.
• Атмосфера негізінен газ тектес ластанушылармен бүлінеді. Олардың бастыларына көмірқышқыл газы және басқа улы газдар жатады.

2 - сызба
• Топырақтың тозуы. Топырақтың адам үшін аса маңыз қасиеті оның құнарлығы. Ал қазірде кейбір аймақтарда топырақтың құнарсыздануы және жарамсыз жерге айналуы байқалуда.
Жарамсыз топырақтан еш уақытта мол өнім ала алмаймыз. Ал өнім аз болған жағдайда халықты азық - түлікпен қамтамасыз ете алмау проблемасы туады. Топырақтың ластануы сол аймақтарда егін шаруашылық өнімдері мен жеміс – жидек, көкөніс түсімін күрт азайтты.
Жануарлар әлеміне төнген қауіп. Адамзат қауымы пайда болғаннан бастап оның жануарлар дүниесіне әсері уақыт еткен сайын күшейіп келеді.
Америка бизаны
Кезбе кептер
Африка пілі
Атлас аюы
Алжир құланы

Қазіргі дүние жүзінде шамамен 850 зоологиялық сабақ бар. Олардың жойылып кету қаупі бар аң - құстар түрлерін көбейтудегі маңызы зор. Біздің республикамызда Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларда зоологиялық сабақ бар.
3 - сызба

4 - сызба
Алматы
Барсакелмес
Ақсу - жабағылы
Наурызым
Қорғалжын
Марқакөл
Үстірт
Батыс Алтай
Алакөл
Осы табиғаттағы барлық байлық көздерін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауда. Қызыл кітаптың орны ерекше «Қызыл кітап» туралы пікірі ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 ж халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы жарық көрді.
«Қызыл кітапқа» енгізілген аң мен құстарды, өсімдіктерді біле тұра аулауға, жоюға тыйым салынған.
Мақал - мәтелдер
1. Көлдің көркі құрақ
Таудың көркі - бұлақ
2. Орман ел дәулеті, өнер сәулеті
3. Сулы жер - нұрлы жер
4. Бағбан болсаң бақ өсір
Балама деп тағы өсір
5. Арманымен ел сұлу
Орманымен жер сұлу
6. Ағаш ексең аялап
Басыңда болар саябақ
7. Өрісіңе қарай мал өсір
Өзеніне қарай тал өсір.

Адам экологиясы
Ғасырлар бойы адам табиғатта өмір сүріп, оның туындысы ретінде дамып келеді. Адам баласы салауатты өмір сүру үшін денсаулығын сақтаудың түрлі жолдарын іздестіріп, аурудың алдын алу үшін күресіп келеді.
Денсаулықтың кепілі - табиғаттың тазалығы мен азық - түліктің сапасына байланысты. Халық даналары адам баласының ауруы табиғат әсерінен екенін біліп, одан қорғану үшін түрлі дәрі - дәрмек ойлап тапты. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын іздестіріп, емдеу тәсілдерін зерттеді.
Тапсырма:
1. Эколог
2. Дәрігер
3. Демограф
4. Тарихшы
5. Географ
6. Психолог
7. Экономист
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
1. Экология дегеніміз не?
2. Салауатты өмір салтын ұстану дегенді қалай түсінеміз?
3. Экологиялық проблемаларды шешудің қандай тиімді жолдары бар?
4. Адам денсаулығын қалай қалыпты деңгейде сақтап қалуға болады?
5. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалай қорғауға болады?
6. Жер планетасын қалай қорғаймыз?
7. Қоршаған ортаны қорғауға қандай үлес қосып жүрсіз?
Үй тапсырмасының зерттеу тақырыптары:
1. Арал проблемасы
2. Каспий теңізі
3. Байқоңыр
4. Қазақстандағы қорықтар
5. Құстар әлемі
6. Жануарлар дүниесі
7. Өсімдіктер әлемі
8. Қазақстандағы демографиялық ахуал
Үйге тапсырма: 1. Тақырыпты оқып мазмұнын түсіну, сұрақтарға жауап іздеу.
2. Сызбаларды дәптерге түсіріп, мағынасын ашу.
3. Зерттеу тақырыптары бойынша іздену.
Қорытынды, бағалау.
8 313
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология
Экология
Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады.
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Аралдың ежелгі мәдениеті
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Аралдың ежелгі мәдениеті АННОТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×