Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Белдемше тарихы

17 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сыныбы:6
Тақырыбы Белдемше. Шығу тарихы (презентациясымен)
Мақсаты:
1) Білімділік: оқушыларды белдемшенінің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру. Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімді сипаттауды үйрету;
2) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
3) Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірме, көрнекілік.
Көрнекілігі: дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
VI Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Сарамандық жұмыс
VІІ. Қорытынды
VIII. Жұмыс орнын жинастыру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Кесте түрлері: біз кесте, шым кесте, айқас, моншақтап тіге
2. Тігін машинасымен жұмыс жасағанда жарық қай жақтан болу керек?
3. Киімге қандай талаптар қойылады?
4. Сүт тағамдарына не жатады?
5. Қазақтың ұлттық бас киімін ата
6. Киім неше стильден тұрады? Классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық.
7. Қалың мата үшін машинаға қандай нөмірлі ине қажет?
8. Тігін машинасын жобасын алғаш кім ұсынды?
9. Арнайы киім түрлеріне қандай киімдер жатады?
10. Ұлттық тағамды ата

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Интерактивті тақтада ребус беріледі. Белдемше
Белдемшенің шығу тарихы

1. Белдікті: белдемше, шорты
2. Иықты: қамзол, күртеше, халат
Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.
ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин - каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.
XVII ғасырда бүрмелеу, түлі - түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.
XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша - тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті - жиырылған немесе қатпарлы болады.

Мата таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.
VІ. Сарамандық жұмыс.
Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу.

V. Жаңа сабақты бекіту.
Сәйкестендіру тесті

Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді? тік, етегі кең, етегі тарытылған.
1. Киімге қандай талаптар қойылады?
2. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады?
3. Қыстық белдемшенің матасы қандай болу керек?
4. Жылы түстерге қайсы түстер жатады?

VIІ. Қорытынды.
1. Жақсы салынған эскиздерді көрсету(), мадақтау.
2. Бағалау. Бағаларын күнделікке қойып беру.
3. Үйге тапсырма беру. Сантиметрлік таспа, қалам, қағаз, ызба алып келу.
әр оқушы өзіне ұнайтын бір белдемше моделін салып келу.
VII. Жұмыс орнын жинастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 269
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Екі таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Екі таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу, көбейту тәсілдерін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Екітаңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Екітаңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу, көбейту тәсілдерін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; Балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан орта мектебінің технология пәні мұғалімі Хабаев Араб Малдыбайұлы
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжі тігін технологиясы пәні мұғалімі Саркеева Ғазиза
Былғарымен жұмыс
Былғарымен жұмыс
Өміржанов Сәрсенбек Қаукенұлы № 7 мектеп, Рудный қаласы
Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М.Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×