Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепалды даярлық топтарында инновациялық технологияларды қолдану

10 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Мектепалды даярлық топтарында инновациялық технологияларды қолдану
Өмірдің - негізгі мақсаты өзіңді - өзің жетілдіру.

Қазіргі заманда білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас жаңаша қарым - қатынас пайда болды. Жаңа ғасыр жаңа білім беруді жүктеп отыр.
Педагогтердің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық инновация технологияны меңгеру.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағы
Дамыту мақсатымен аталуының өзі үлкен міндеттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру үшін көптеген жұмыстар жасауда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда инновациялық процесс деп атайды.»
Инноватика ұғымының латынның «in - novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық»деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды бағдарламаларды пайдалануды атайды.

Инновация дегеніміз - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс - тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновациялық білім беру құралдарына; аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер - мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалана алады.

Мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бүлдіршіндердің білім алу кезеңінде оқу іс - әрекетіне белсенділігін арттырады. Мұндай құралдарды балабақша бүлдіршіндеріне таптырмас құрал деп атауға болады
Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға жалпы әдемілікке әуес болады.

Мультимедиялық оқулықтар тәрбиеші үшін де бала үшін де күнбе-күн дамытылып отыратын әдістемелік жүйе болып табылады
Мектепке дейінгі. білім беру үрдісінде ақпараттық, қатынастық технология құралдарын пайдалану - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастырады.
Ал технология дегеніміз - педагогтық білім, біліктілік, интеллектуалдық кәсіптік әдіс - тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білім беру мақсатындағы педагогпен балалардың өзара қарым - қатынас үрдісі
Осы технологияларға ойын технологиясы кіреді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жету. Ойындық іс - әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді. Баланың бойында білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтанда оның мән - мағынасы бала үшін ерекше. Ойын - адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев атамыз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?»деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын ойнау кезінде ең бірінші балаға алынатын ойыншық олар: шелек, қалақ, әр түрлі пішіндер.
Сондықтанда баланың бір - бірімен ара қатынастары құмда болады. Бұл құмда ойналатын дәстүрлі ойындар
Құмдағы ойын - баланың табиғи әрекетінің бір формасы. Құмнан суреттер тұрғыза отырып, түрлі оқиғаларды ойдан шығарады.

Құммен ойналатын ойындар - бұл баланың табиғи белсенділігін көрсетеді.
Сонымен қатар баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау, қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, салауаттылыққа тәрбиелеу бүгінгі күн талабы. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсат жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезіне алады. Ойын барысында бала қуанышы мен ренішін айқын көрсете алады. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды. мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілетін ұштайды.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ақыл ойының қалыптасуына әсер етеді.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.
Дидактикалық ойындар үшке бөлінеді

Дидактикалық ойындар.

• Заттық дидактикалық ойындар
• Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
• Сөздік дидактикалық ойындар
14 194
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×