Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

20 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Ақтөбе облысы, Алға қаласы,
«Алға мектеп - бақшасы»ММ тәрбиеші
Айсина Айгул Сансызбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының Кемалова Маржан
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Мария Монтессори 1870 жылдың 31 тамызында Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда қайтыс болды. Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар, балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық жаңалықтар ашуына толы болды. Ол
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×