Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы

20 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық - жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.

Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік – білім беру – тәрбие –даму – қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Сабақты дамытудың басқа тенденциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектептің сурет және сызу пәнінің мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогикадан тест жұмысы
Педагогикадан тест жұмысы
Педагогика пәнінен тест жұмысы 1. Педагогика ғылымы: А) оқушының даралығын; В) мектептегі оқу - тәрбие процесін; *С) оқыту, білім беру және тәрбиелеу процесінің заңдылығын; Д) оқыту мен тәрбиенің заңдылығын; Е) баланы оқытуды зерттейді.
Сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері
Сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу
Инновациялық әдістер - заманауи талабы
Инновациялық әдістер - заманауи талабы
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Искаков Елубай Сагитович
Педагогика және психология негіздерінен тест
Педагогика және психология негіздерінен тест
Аттестация сұрақтарына дайындаушыларға көмекші құрал 1 вариант Педагогика және психология негіздері 1. Қабілеттің жоғарғы және қайталанбас деңгейдегі дамуы: A) Данышпандық B) Бейімділік C) Талпынушылық D) Нышан E) Іскерлік
Педагогикадан тест жинағы
Педагогикадан тест жинағы
Педагогика 1-вариант 1. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі: A) Жеке тұлғаның даму процесі. B) Мемлекеттің білім беру жүйесі. C) Оқушылар ұжымы. D) Қоршаған педагогикалық шындық. E) Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×