Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топтық жұмыстың тиімді түрлері

11 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Топтық жұмыстың тиімді түрлері
Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдер көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш - ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

Неге педагогикалық технологияларға ерекше көңіл бөлеміз? Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын. Сұрақ - жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым - қатынас жасауға дағдыланады. Сұрақ - жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір - бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.

Казіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты. Көзбен көрген ақпараттың 30% есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану мен үшін маңызды. Бүгінгі заманда сандық сауаттылығымыз жоғары болу керек, себебі балалар алдында өз беделімізді нығайтамыз.

Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дәлірек айтсам, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту мен үшін маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс - тәсілерді қолдануға тырысамын. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады.

Оқытылатын ережені есте сақтап, өмірде қолдана алатындай етіп ұғындыру үшін ойын элементтерін де жиі қолданамын. Мысалы, мәтінмен жұмыс істегенде топтың ішіндегі оқушылар рөлге бөлініп талқылайды. «Оқушы»- мазмұндайды, «сыншы»- оқушының жіберген қатесін айтады, «жақтаушы» - оқушының жауабын қолдап, ұтымды шыққан тұсын айту керек. Әр бала өзіне жүктелген рөлді атқару үшін, мәтінді толық меңгеріп, өз ойларын айтуға міндеттеледі. Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды жетік дайындыққа, сөйлеу дағдыларын, сыни көзқарасын қалыптастырады.

Казіргі кезде Қазақстанның білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Ол балаға өзін - өзі тануға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Сондықтан оқушының дамуына жағымды жағдай тудырып, оқу процесіне қатыспай қалуы мүмкін болмайтындай етіп сабақты құрастыратын біз – мұғалімдер. Ал, бүгінгі мұғалім қандай болу керек? Менің ойымша, өз - өзін реттей білетін, жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болу керек. Мұғалім тағдыры - өмір бойы іздену, оқу - тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет.

«Оқушы – толтыратын құмыра емес, тұтататын алау», - деп Д. Ховард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру – біздің мақсатымыз.
9 581
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Оқушыларды математика факультативтерінде олимпиадаға дайындау
Оқушыларды математика факультативтерінде олимпиадаға дайындау
Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру, әдіс - тәсілдерді насихаттау арқылы күрделі есептерді шешуде негізгі ұғымды меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, өз тәжірибелеріне
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Ақтасты селосы, Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Султанова Асем Атабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×