Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған ортаны қорғау - игілікті іс

25 маусым 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау - игілікті іс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Каспий бойы ойпаты төңірегіндегі экологиялық жағдай, Теңіз кеніші мен Қарашығанақ кен орны маңындағы елді мекендерге, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне кәсіпорындардан шығатын уытты заттектердің залалы мен кеселінің қандай дәрежеде екендігінен мағлұмат беру.
Сабақтың танымдық міндеті: Оқушыларға Батыс өлкеде ашылып жатқан кен орындарының пайдасы мен зиян келтіретін жағдайларына дәлелдер келтіріп түсіндіру, экологиялық жағдайларға мән беру, флора мен фаунаның табиғаттағы таралымына тоқталу, өндірістік қалдықтардың жойылу жолдары мен атмосфера ауасы тазалығы мониторингі жөнінде салыстырмалы түрде түсінік беру.

Сабақтың тәрбиелік міндеті: Оқушыларды өлкедегі алынатын өнімдермен, жануарлар мен құстар таралымымен, өсімдіктер әлемімен, өлкедегі экологиялық жағдай және қойылатын талаптар жөнінде таныстыру.

Сабақтың дамытушылық міндеті: Оқушыларға өлкеміздегі кәсіпорындар, олардан шығатын өнім, таралымы, пайдасы мен зиянды жақтары, оларды шектеу мен жою мақсатында жасалып жатқан жоспарлы жұмыстар, талаптар мен мониторинг, шектеулермен жалпы таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: мультимедия жабдықтары, баспасөз материалдары, интернетті пайдалану.
Пәнаралық байланыс: география, химия, экология, өлкетану, тарих, математика.
Қолданылатын құрал - жабдықтар:
Мультимедия жабдықтары, слайдтар мен фотосуреттер, бейнекамера немесе фотоаппарат, баспасөз бен интернет материалдары.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Жаңа тақырыппен таныстыру
3. Жаңа тақырып бойынша бағыттауыш сұрақтар беру.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5. Жаңа тақырыпты оқушылардың берген сұрақтарымен пысықтау.
6. Оқушыларды берілген тапсырма бойынша бағалау.
7. Жаңа тақырыпты қорытып қайталау,
8. Тапсырмалар беру.
9. Сабақты қорытындылау. Видео

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып болып оларды түгендеу. Келмеген оқушылардың себебін анықтау.
2. Сабақтың тақырыбына тоқталу, таныстыру.
3. Жаңа тақырып бойынша бағыттауыш сұрақтар:
Батыс өлкедегі ірі маңызды кәсіпорындарды атау. Ашылған кен орындары жөнінде айту. Батыс өлкенің пайдалы қазба байлықтарына тоқталу. Мемлекеттік маңызы бар өнімдер түріне тоқталу.
4. Жаңа тақырып материалын түсіндіру.
5. Пысықтау. Оқушылар сұрағына жауап беру.
6. Тапсырма бойынша бағалау.
7. Жаңа тақырыпты қорытып айту.
8. Тапсырмалар беру.
9. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың теориялық материалының нұсқасы.

Кез келген өндірістің немесе адамның қызметіндегідей, мұнай өндіру барысында да қоршаған ортаға белгілі әсер етудің негізгі көрсеткіштері ретінде әдетте мыналар қаралады: атмосфералық ауаның ластану дәрежесі, өсімдік пен топырақ жағдайларының бұзылуы, өндіріс қалдықтарының сипаты мен оларды жою нәтижелері, өсімдік пен жануарлар әлеміне әсері. Қандай болмасын заттекпен ластанудың дәрежесін бағалау үшін шектеулі концентрация деген ұғым қолданылады. Белгілі зиянды заттектердің бәріне мемлекеттік санитарлық нормалар бойынша шектеулі концентрация көрсеткіштері белгіленген. Осы жерде ескертетін жәйт, Қазақстан Республикасының санитарлық нормалары көптеген ластағыш заттектердің шоғырлануына қатысты қатаң талаптармен ерекшеленеді, яғни Қазақстанда көрсеткіштер басқа елдерге қарағанда, мысалы, АҚШ пен Канадаға қарағанда төмен. Сонымен қатар, шектеулі концентрация көрсеткіштерін «өлім қаупі бар» концентрация ретінде қарауға болмайды. Мысалы, темекі түтінінде кейбір заттектердің концентрациясы шектеуден ондаған есе жоғары, ал ірі қалалардың (Алматы, Лондон және басқалар) тұрғындары іс жүзінде азот қос оксиді (NO2) мен көміртегі оксидінің (СО) концентрациясы әрқашан шектеулі концентрациядан жоғары болатын ауамен демалады. ТШО - ның өндірістік қызметінің қоршаған ортаға жалпы әсер етуі ЕЛЕУСІЗ деп бағаланды. Бұндай бағаны ТШО - ның арнайы қызметкерлерінің үздіксіз жүргізген бақылауларының нәтижелері де, тәуелсіз мемлекеттік бақылау органдарының қорытындылары да, сонымен қатар бірнеше рет ТШО қызметінің табиғи ортаға тигізетін әсерін бағалау жұмыстарына қатынасқан беделді халықаралық сараптау комиссияларының қорытындылары да растайды. ТШО нысандарының Теңіз кен орнының маңындағы экологиялық жүйеге (құрылықтағы және теңіздегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін қосқанда) жалпы әсер етуіне кешенді бағалау жүргізген қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары да осындай қорытындыға келді. 1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі мұнайгаз конденсат кен орны болып табылады. Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кеніші көлемі 280 шаршы шақырым жер алып жатыр, құрамы 9 миллиард баррель конденсат және 48 триллион куб фут газ, жалпы есеппен 2, 4 баррель конденсат және 16 триллион куб фут газ қорынан тұрады. 1997 жылдан - 2038 жылға дейінгі аралықта шетел компанияларымен бірлесіп игеріп жатыр. Бүгін Қарашығанақта газ өндіру рекордтық деңгейге жетті. Негізгі өнім 2004 жылдан бастап Батыс рыногына экспортқа шығарыла бастады. Негізінен өнім Каспий Құбыржелісі арқылы Қара Теңізге экспортқа шығарылады. Газконденсаты «Атырау – Самара» құбыржелісіне жеткізіледі, ол «Транснефть» Ресей компаниясының транспорт желісімен байланыстырылған.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.»компаниясы 2008 жылы экологиялық бақылау жүйесі халықаралық ИSО 14001 стандарты бойынша сертификатталған. Бұл жүйе Қарашығанақ кен орнындағы әр түрлі экологиялық қауіп - қатерді бағалауға көмектеседі.
Елеусіз әсер деген не? Ғалымдардың айтуынша, табиғи ортаның барлық құрамдас бөліктерінің құрылымы мен құрамында елеулі өзгерістер туғызбайды және олардың арасындағы байланысты бұзбайды.
Жалпы алғанда, адамзат тіршілік ететін кез келген жерде сөзсіз таза табиғи орта болмайды, тіпті адамның өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету салдарының бәрін (көлік, үй - жайларды жылыту, өндіріс, тұрмыс қалдықтары және т. б.) атамай – ақ, оның тыныс алуының өзі қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, ірі қалалар қоршаған ортаға елеулі әсер етеді - ауаның құрамындағы ластағыш заттектердің концентрациясы шектеуден асып та түседі. Қалалардағы су қоймалары, жер асты суы, топырақ сияқты табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің бәрінде де ластағыш заттектер әр түрлі дәрежеде Қазақстандағы шектеулі концентрациядан асады. Cтатистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша – жылу энергетикасы 50%, қара металлургия - 20%, түсті металлургия - 13%, химия және мұнай - 4%, басқа салалар - 13% ластағыш заттектердің шығындарын құрайды. Өндірісті жаңарту ең алдымен өндіріс қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталады. Табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің бәрі – атмосфералық ауа, су, топырақ өсімдіктер мен жануарлар әлемі үздіксіз бақылауға алынған. Қоршаған ортаның барлық негізгі параметрлеріне үздіксіз бақылау жүргізеді - кешенді экологиялық мониторгингіні жүзеге асырады. Атмосфералық ауаның сынамаларын алу және талдау үздіксіз автоматтандырылған тұрақты бақылау бекеттерінде жүзеге асырылады. Күкіртсутектің шығуы немесе жиналуы мүмкін жерлерде күкіртсутекті анықтайтын құралдар қосымша орнатылған. Бұлар ауа сапасын сенімді бақылауға және күтпеген жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бақылау ұңғымаларынан жер асты суының сынамалары алынып, талданады.

Ластағыш заттектер жиналмауға орналасқан жердің географиялық және климаттық ерекшеліктері (жел соғып тұратын жазық дала) әсер етеді. Теңіздегі ауа тазалығының сыртқы көрінісі - ауа кеңістігін ластаушы кәсіпорындардың маңында орналасқан қалалар мен елді мекендерге тән уытты түтіннің болмауы немесе қардың қараймауы. Ауаға таратылатын шығарындылардың негізгі көзі - газ өңдеу зауытының алаулары. Ілеспе газдардың нақты кезеңде тауарлық газға өңдеуге және өткізуге мүмкін болмайтын шағын бөлігі тазартылып, осы алауларда жағылады. Кейбір бөлігі қалдық газдарды жағып тастайтын пештің мұржасы және жылыту қазандығы мен газ - турбиналы электр стансасының мұржалары арқылы шығады. Алғашқы жылдары газдарды жағудың бірнеше себебі болған: газ өңдеу зауыты өндірілген газдың барлық көлемін өңдеуге қабілетсіз болған. Тауарлық газдардың (метан, пропан, бутан) сапасы рынокка шығаруға төмен болғандықтан бір бөлігін жағуға тура келген. Қазіргі кезде жаңа озық технологияларды қолдану арқасында ілеспе газдарды өңдеп, алауларда жағылатын газ көлемі 80 % – ға азайған. Атмосфераға тарайтын шығындардың үлес салмағы (яғни өндірілген мұнайдың әр тоннасына шаққандағы шығын көлемі 1997 жылы 10, 4 кг болса 2002 жылы 4, 6 кг болса) қазіргі кезде 1, 6 кг – ға дейін азайған. Қазақстан бойынша атмосфераға тарайтын шығарындылар бойынша Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының көрсеткіштері өте көп мөлшерде. ТШО шығындыларының құрамындағы негізгі ластағыштар бұл кәдімгі газ плитасында тамақ пісірген кезде шығатын жағу өнімдері. Қоршаған ортаны қорғау мен өндіріс қауіпсіздігі Қарашығанақ сияқты техникалық кен орнына сәтті зерттеме жүргізіп, пайдалану үшін ең маңызды фактор болып табылады. ҚПО мұнай - газ өндірісі бойынша республика бойынша көшбасшы ретінде танылып жүр. Өндіру кезінде температураның күрт өзгеруі жиі кездеседі. технологиялық жабдықтардың бүтіндігін қамтамасыз ету керек. Көмірсутегі шикізаты мен су қорын тиімді пайдалану, зиянды шығындылар мен қауіпті қалдықтардың көлемін азайту, газдың атқылауы мен ағуына жол бермеу қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Соңғы үш жыл ішінде ауада өртелетін газ көлемі 2006 жылы - 60млн текшеметр, 2007 ж. 40 млн. Текше, 2008 ж.- 33 млн текше метр. 2008ж. барлық өндірілген газдың шамамен 99, 78% іске асырылды - не сатылды, не жер қыртысына қайта айдалды., не отын ретінде пайдаланылды. Бұндай шығарындылар автокөлік түтінінен әлдеқайда зиянсыз, ал темекі түтіні құрамындағы зиянды заттектермен салыстырғанда тіпті қауіпсіз. Алауларды уақытша пайдалану ақаулар пайда болған кезде газды жоюдың және қызметкерлер мен жақын елді мекен тұрғындарының денсаулығын қорғаудың маңызды құралы болып табылады.

Жер серіктерінен жасалған суреттер мен аэрофотосуреттер көрсеткендей, Теңіз кен орнын игерудің бастапқы кезеңінде, 1980 жылы көптеген жолдар салынғанда және мұнай ұңғымаларында бұрғылау жұмысы қарқынды жүргізілген кезде топырақтың өсімдік өсетін қабаты толық бұзылған. Жолдарды қатты материалдармен төсеу арқылы автокөлік қозғалысы қатаң реттелді. 1993 жылғы жасалған аэрофототүсірілімдердің материалдарын салыстырғанда кен орнының аумағындағы экологиялық жүйенің едәуір қалпына келгенін растаған. Жануарлар түрі де қазіргі кезде молайып келеді. Қосмекенділер мен жорғалаушылар қайта қоныстануда. Жорғалаушыларға Каспий теңізінің тасуы мен тартылуы әсер етеді. Теңіз деңгейі көтерілгенше кеніштің аймағы жыл құстарының қысқа мерзімге аялдайтын тұрағы болады. Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі салдарынан біршама жем қоры пайда болып, құстардың жазғы фаунасы құрамы жағынан өзгерді. Қазір ТШО аумағында жақын жердегі қалың қамыстар арасында құстардың шамамен 40 түрі, соның ішінде қоқиқаз да ұя салған. Сонымен қатар құстар ТШО - ның су жинақтау тоғандарында да ұялаған, бұл тоғандардың тазалығын айғақтайды. Потенциалды қаупі бар өндірістік қалдықтары өнеркәсіп қалдықтарының арнайы жабдықталған полигонында орналастырылады. Қалдықтарды орналастыратын нысандардың топырақ пен жер асты суына әсер етпеуіне көз жеткізу үшін әр полигонның айналасында жер асты суын бақылау ұңғымалары орналасқан. Қайта пайдалану бағдарламасы химиялық заттектерді, металл бөшкелерді, автокөлік шиналарын, аккумуляторларды және т. б. қайта пайдалануды қамтиды. Мұнай кеніштерін Каспий теңізі деңгейінің көтерілуінен қорғау мақсатында 1990 - 92 жылдары ұзындығы 160 км бөгет жүйесі салынды. Судың тасуынан қорғайтын бөгет мұнай өнімдерінің теңіз жағалауының акваториясына, суда жүзетін құстар мекендейтін және балықтардың көптеген түрі уылдырық шашатын ну қамыстарға шығып кетуіне жол бермейтін маңызды экологиялық тосқауыл қызметін атқарады. Қазақстандық Балық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты (Атырау) мен Зоология және жануарлардың тектік қоры (генофонды) институтының мамандары теңіз суының негізгі көрсеткіштері қалыпты жағдайда екенін анықтады. Қазіргі кезде Қазақстанның бірнеше институтының қатысуымен Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу мақсатында зерттеулер жүргізілуде. Жыл сайын тікелей немесе жанама мақсаты өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің дәрежесін төмендету болып табылатын жобалардың жүзеге асырылуына қомақты қаржы жұмсауда: газ тазарту және ауаға тарайтын шығарындыларды азайту жөніндегі кешенді - технологиялық желілерді жаңарту, суды қайтадан пайдалану есебінен су тұтынымын азайтуға мүмкіндік берген жаңа кәделеуіш қазандық орнату, газ тарату жүйесін жаңарту жөніндегі бағдарламаға сәйкес оны жүзеге асыру үшін өндірілетін сұйытылған газдардың сапасын еуропалық деңгейге көтеруге және оларды өткізуге мүмкіндік беру нәтижесінде алауларда жағылатын газ мөлшерін азайту. Сонымен қатар, күкіртті газдан айыру, иісі жоқ күкірт өндіру, бутанды сусыздандыру, күкіртті түйіршіктеу қондырғысы, газды коллекторға қайта айдау сынақтары және екінші буын зауытын қосу, жаңа полигондар, қоршаған ортаны бақылау жөніндегі жаңа бекеттер, қатты қалдықтарды орналастыратын жаңа полигон және шикі мұнай сақталатын резервуарларды жаңарту арқылы атмосфераға тарайтын шығарындыларды азайту. Каспий теңізінің экологиялық зерттелуі, ақаба суды тазартатын қондырғылар салу, атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын зертханалар жабдығы сияқты жобалар енгізілуде. Экологиялық жобаларға бюджеттен қомақты қаржылар бөлінуде.
5. Материалды пысықтау:
Оқушылар! Тақырып бойынша толығырақ түсінік алу үшін маған сұрақ қоюларыңа болады. Жауап берейін, сұраңыздар.
6. Тапсырмалар бойынша жұмыс жасайық.
1 - ші тапсырма: Батыс өлкемізде мекендейтін жануарлар әлемі жөнінде айту.
2 - ші тапсырма: Өлкемізде өсетін өсімдіктер жайлы айту.
3 - ші тапсырма: Өлкеміздегі пайдалы қазбалар және өндірілетін өнімдер жөнінде айту.
4 - ші тапсырма: Ауыл шаруашылығы өнімдері және мал шаруашылығы.
5 - ші тапсырма: Экологиялық проблемаларды шешудегі көмегіміз.
7. Жаңа тақырыпты қорытып айтатын болсақ: экологиялық мәселелер немесе қоршаған ортаны қорғау шараларына осы Теңіз кенішін, Қарашығанақ кен орнын мысалға ала отырып, батыс өлкемізде қазіргі стратегиялық маңызы бар, мемлекетіміздің мақтанышына айналған кәрі Каспий бойы ойпатында орналасқан мұнай мен табиғи газ өндірілетін нысандар маңындағы территориялар мен олардың маңында қоныстанған жануарлар мен өсімдіктердің қазіргі хал - жағдайы жөнінде хабардар болу, әсіресе, осы пайдалы қазбаны өндіруде адамға қандай пайдасы мен зиянды әсерлері болуы мүмкін деген ойды ортаға салып ойлану. Болашақта іске асырылуға тиісті жобалар жөнінде біле жүру артық болмас деген ниетпен таныстырылып жатқан сабақ.
8. Үйге тапсырма: Батыс өлкеміздегі немесе басқа да аймақтардағы экологиялық мәселелер жөнінде баспа беттерінен оқу және қоршаған ортаны қорғау жөнінде ойлана жүру.
9. Сабақты қорытындылау: оқушыларды бағалау, тапсырма беру.
3 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда.
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюі жан – жақты ластануға әкеп соқтырды. ҚР - да қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде – бір аймақ қалған жоқ.
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгүл
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
"Қоршаған орта" авторлық бағдарлама
"Қоршаған орта" авторлық бағдарлама
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×