Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика пәнін оқыту барысында топтық әдіспен оқыту

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
физика пәнінің оқытушысы Жаспанова В. Қ.

Физика пәнін оқыту барысында топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру

Оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру жас ұрпақтарды өмірге, еңбекке даярлау – міне бұл әрбір оқытушының негізгі міндеті.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту мысалы физикалық диктант, тест тапсырмалары, топпен жұмыс істеу арқылы тірек схемаларды пайдалану, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту т. б. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - өткен материалды қайталап бекіту, жалпылау жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді.

Жалпы өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен білім беретін оқу орындарында - оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып оларды қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл - ой белсенділігін дамыту қажет.
Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдылық белсенділігімен ізденпаздығын арттыруға негізделген оқу - танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілетімен шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыға түсуіне, олардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін арттырып, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде игеруге бірсарындылықтан құтылуға, ұмтылысын, ізденісін арттырудың бірден бір әдісі топпен оқыту.
1. Топқа бөлімді бірнеше әдістермен жүргізуге болады.
А) оқушылардың білім деңгейіне қарай орналастыра білу жақсы және өте жақсы оқитын оқушылар қалғандарына консультант бола алады.
Ә) білім деңгейіне қарай топтау. Өте жақсы меңгергендер, жақсы меңгергендер орташа және нашарлар біртіндеп сатылап көтеріле алады.

Топтау әдістерінің тиімділігі.
1) оқушының бір - біріне жолдастық, достық қарым-қатынастары арта түседі.
2) Бір - біріне бар ынта жігерлерімен көмектесуге, үйретуге болады, үйрете жүріп өзіде үйренеді.
3) топтың жарыстары кезінде, ұйымдастырушылығының қабілеті арта түседі.
4) Бір сабақтың үстінде бірігіп, материалдарды толық қамтуға мүмкіншілік туады.
5) Бағалау жүйесін салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аламыз.
6) Оқушылардың өз бетінше ізденістері туындайды, қосымша оқулықтарын немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
7) Өз білімі мен жолдастарының білімін, саралай білуіне толығырақ мүмкіншілік туады.

Осы мақсатта физика пәнінен сабақ беретін топтарда топпен жұмыс істеп біршама жетістіктерге жетуге болады. Атап айтқанда сөйлеу қабілеттері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп мүмкіндіктерін салып топқа өз үлестерін қосады.
Мысалы. «Тұрақты тоқ заңдары» тақырыбындағы сабақты өткізу тәжірибемнен.
Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін берілген қағазға ақылдаса отырып жазады. Осыдан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды.

I топ. Электр тогына сипаттама жазады.
II топ. Тұрақты токтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазады.
III топ. Өткізгіштерді қосу туралы жазады.

«Кубизм»
Жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде «кубизм» әдісі пайдаланылады.
Әр топтың ортасында кубик тасталады, түскен қырына сәйкес сұрақтар беріледі.
Ой ашар. Оқушының есеп шығару дағдыларын дамыту мақсатында есептер беріледі.

Толық нұсқасын жүктеу
7 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнін оқыту барысында топтық әдісін қолдану
Физика пәнін оқыту барысында топтық әдісін қолдану
Физика пәнін оқыту барысында топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекбосынова Бахыт Нурмахановна
Физика және астрономия пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту
Физика және астрономия пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту
Мұғалжар ауданы, Қ. Жұбанов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мустакова Динара Жомартовна
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдабергенова А.Қ.
Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы
Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрәмов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Бурамбаева Айнур Шамшадинқызы «Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану - білім сапасын арттыру құралы» «Адам байлығының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×