Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зәр шығару жүйесі (Нефрон. Зәрді экспресс тест арқылы анықтау)

22 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ
Пәні: «АНАТОМИЯ»
Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: «ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ»
(Нефрон. Зәрді экспресс тест арқылы анықтау)

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
 Нефрон – бүйректің функционалдық құрылым бірлігі.
 Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі.
 Несепағар, жолы, бөлімдері, құрылысы.

Тәрбиелік:
 Студенттерді – өз ойын анық, дұрыс, дәл жеткізуге үйрету.
 Тақырыптан керекті, маңыздысын реттеп ала білуге үйрету.
 Болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылық:
 Логикалық ойлау қабілеттерін, ізденіспен жұмыс істеуге жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
 Жаңа технологияны игере отырып, студенттің танымдылыққа білмін арттыру.

Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың әдісі: «Студенттердің жеке тұлғалық белсенділікті арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері»
Пән ішілік байланыс:«тіндер», «остеология», «миология», «спланхнология».
Пәнаралық байланыс: биология, физиология, гистология, латын тілі, экология, валеология, мейірбике ісі негіздері.
Сабақтың көрнекілігі: логикалық сұрақтар, плакаттар, компьютер, тақта, проектор, слайдтар, видеоматериалдар.

Қолданылған оқулықтар: А. Қ. Сәтпаева «Адам физиологиясы», С. А.
А. Рақышев «Адам анатомиясы», Ж. К. Ермахан «Тәнтану», М. Дайырбекова «Адам анатомиясы»

Сабақтың уақыты: 80 минут
Өткізілу орны: 205 аудитория

Сабақтың құрылысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут
II. Білім деңгейін тексеру (үй тапсырмасы) – 13 минут
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 минут
IV. Рефлексия» – 2 мин
V. Тәжірибеңді таныт! (зәрді экспресс тест арқылы анықтау) – 20 минут
VI. Білімді бекіту – 7 минут
VII. Бағалау – 3 минут
VIII. Үй тапсырмасы – 2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттердің сабаққа қатысуын, сыртқы пішіндерін, көңіл күйлерін, дайындықтарын тексеру.

II. Білім деңгейін тексеру (үй тапсырмасы)
 Сұрау студенттердің жеке тұлғалық белсенділікті арттыру технологияларын
қолдану арқылы өткізіледі.
 Үйге берілген тапсырманы компьютердің көмегімен тест сұрақтарына жауап беру. Студенттер компьютердің көмегімен тестік бақылау жұмысын жасайды. Үй тапсырмасын орындайды. Өтілген сабақты қайталап еске түсіреді. Компьютердің көмегімен экранында баға және пайыз қойылады (1 қосымшаны қараңыз).

Бүйрек (ren, грекше: nephron) – құрсақ қуысында I - II бел омыртқа тұсында орналасқан безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысының артын ала, ішперденің сыртында байламдарға байланып, жоғарғы жақтары бір - біріне шамалы жақын орналасады. Бауыр қысымында болғандықтан, оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің артқы беттері көкет етегімен және белдегі шаршы бұлшықеттерімен, ал тоқ ішіктің төмен өрлеме және төмендеуші бөліктермен шектеседі. Бүйректің орны жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Олар әйелдерде – төмендеу, ал жаңа туған кезде одан да төмен, жамбас сүйегіне тіреліп жатады. Бүйректің ұзындығы – 12см, ені – 6см, қалыңдығы – 4см, салмағы – 120см. Бүйрек сыртынан жұқа, бірақ тығыз талшықты қабықпен (capsula fibrosa) қапталады. Екі бүйірі мен қақпа бойын май мен ұлпа қаптап, бүйректің майлы қабын (capsula adipose) құрайды. Ересектерде бүйректің беті – тегіс, ал нәрестеде бұдыр болып келеді. Зәр шығару жүйесі: Бүйректің жарып көрсетілгендегі құрылысы: 1 – қыртысты қабат; 2 – милы қабат; 3 – пирамидалар; 4 – бүйрек емізікшелері; 5 – кіші тостағаншалар; 6 – бүйрек қақпасы; 7 – бүйрек астаушасы; 8 – несепағар.
Бүйректің жоғарғы және төменгі ұшы (extremitas superior et inferior), және ортаңғы жиегі (margo laterales et medalis), алдыңғы және артқы беттері (facies anterior et posterior) болады. Бүйректің шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді. Ойыс жағын оның қақпасы (hilus renalis), дейді. Қақпадан артерия, жүйке кіреді, вена, сарысу тамырдан және зәрағар түтігі шығады.
Бүйректің қабаттары немесе орнықты ұстайтын заттары. Бүйректі сыртынан жұқа талшықты қабат қаптайды. Оның сыртында, әсіресе қақпа бойында және артқы бетіне таман бүйрек миының қабаты болатыны жоғарыда сөз етілді. Майлы қабатының сыртында бүйректің шандыр қабығы (fascia renalis) бар, екі талшықты қабатпен байланысып, екі жапырақша түзіледі. Оның біреуі бүйректің алдында, екінші артына қарай бағытталады. Бүйректің шеткі жиегінде екі жапырақша бір бірімен бірігеді де ішпердің сыртында жалғасады. Ортаңғы жиек жағындағы екі жапырақшалар бір - бірімен бірікпей, алдыңғы жапырақша бүйрек алдындағы тамырларға, қолқаға, төменгі қуыс венаға жалғасады. Артқы жапырақшасы омыртқа денесінің алдынан орап, алдыңғы жапырақшаға бірігеді. Бүйректің жоғарғы ұшы жағындағы екі жапырақшалар бүйрек үсті безін қоса жуып, бірімен бірі бірігеді. Бүйректі жоғары жібермей ұстап тұрады, ал бүйректің төменгі жағы ондай жапырақшамен жабылмайды. Бүйректі мекемденіп, қозғалмай тұруына құрсақ қысымы, бүйректің шандыр қабықтары, белдің үлкен бұлшықеттері, қан тамырлары жағдай жасайды. Егер олар бүйрек маңында шамадан тыс азғындап кетсе, онда бүйрек орнында тұра алмай, жылжығыш болады. Оны «Кезбе бүйрек» деп атайды. Мұндай бүйректі көтеріп, тігіп қоюға тура келеді.


Мамандығы 0302000 «МЕДБИКЕЛІК ІС»
Біліктілігі 0302033 «Жалпы практика медбикесі»
Курс: II
Семестр: VI
Тобы: 2 м/c 2
Құрастырған оқытушылар: Адылканова Асель Мадениетовна
Абылкасымова Рысалды Абдиразаковна

Зәр шығару жүйесі (Нефрон. Зәрді экспресс тест арқылы анықтау) жүктеу
33 995
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары
Бүйрек аурулары, олардың алдын алу жолдарын айта отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, тәрбиелеу.
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту;
Жыныстық жолмен берілетін аурулар
Жыныстық жолмен берілетін аурулар
Астана қаласы, Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК оқытушы Абылкасымова Рысалды Абдиразаковна
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×