Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық

20 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық
Дінтану – діндердің пайда болуын, дамуын, қызмет ету заңдылығын, оның құрылымы мен түрлі компоненттерін, көпқырлы феномендерін, қоғамдағы орнын, діндер мен мәдениеттің салаларымен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін зерттейтін мамандық. Дінтану мамандығы алғашында философия, тарих және дін ілімі ықпалымен дамыған. Ал қазіргі уақытта дінтану мамандығы зерттеу тақырыбына байланысты түрлі ғылыми пәндер кешені ретінде танылады. Ғылым саласымен тығыз байланыстырамыз. Кез келген ғылым даму сатысында өз тарихына үңіледі. Дінтану ғылымы мамандығы да бұл ерекшеліктерден тысқары қалмаған. Әрбір мамандық өз тарихынан ажырамауы керек, бұл зерттеушілерге пікір мен ақпараттар алмасуға мүмкіндік береді. Дінтану мамандығы қазіргі кезеңдегі өзекті сұрақтарға нақты жауап бере алады. Дінтанудың дамуындағы маңызды кезең діни жүйенің өзі болып саналды. Дінтану мамандығында адамның діни өмірі басты назарға ие. Оны зерттеу секулярлық дәуір феномендерін (жаратылыстану ғылымында қарастырылатын құбылыс немесе оқиға феномен ретінде түсіндіріледі) қарастыру жолдарын осы кезеңде қайта пайымдауды талап ететін белгілі бір қиындықтар тудырады. Дінтану саласында болашақ елеулі серпілістерді феноменологиямен, герменевтикамен, әлеуметтанумен, діндер антропологиясымен байланыстырады. Дінтану мамандығы қоғам мен мемлекеттің дүниетанымдық сұраныстары нәтижесінде қалыптасты.

Өзара пікірлесу және ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасу алаңына айналған «Дінтанушылар форумы» негізінде жүргізілетін жұмыс та маңызды болып табылады. 2011 жылдан бері Қазақстандағы діндерді зерттеу саласындағы өзекті проблемаларға өзіндік ықпалын тигізген осындай төрт форум өткізілді. Қазіргі кезеңдегі отандық дінтануды зерттеудің ерекшелігі XVIII ғасырдан тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдегі діни дәстүрлер феноменін ұғынумен байланысты дамуда. Діндерді рухани мәдениет феномені ретінде қарастыру, діни қауымдардың өзара толерантты қарым - қатынастарын және Қазақстандағы дінтанулық білімді дамыту бағыттары ғылыми зерттеу тұрғысынан танымалдыққа ие болып отыр.
Дінтану мамандығы, дінтану ғылымы ой еркіндігі, ғылыми әдеп және зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылғаны жөн деген пікірдеміз.

Авторлары: Қазақ Ұлттық Университеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Тохтарова А. Т.
Қазақ Ұлттық Университеті, Дінтану мамандығының оқытушысы, профессор
Борбасова Қ. М.

Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық. жүктеу
2 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық- Дінтану мамандығы. Бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес. Бесінші пән ретінде
Қоғамға керек мамандық
Қоғамға керек мамандық
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл -
Дінтану мамандығы
Дінтану мамандығы
Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни
Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор
Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор
Дінтанудың дамуындағы маңызды кезең діни жүйенің өзі болып саналды. Полемикалық діни ілімнің дамуы христиан және ислам дін ілімдері аясында ауқымды база қалыптастырды. Дінтану ғылымы әрбір діни жүйенің зерттеуге күрделі феномен екендігін мойындауы
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде Елімізде дінаралық келісімділік пен сұхбатты үйлесімді дамыту үшін елімізде білімді де білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туындады. Міне осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 1999 жылы ҚазҰУ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×