Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

18 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
БАЯНДАМА
Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

Жоспар:
І. Кіріспе
М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі жәнеоның маңызы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері.
2. Монтессори методикасы
3. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.
4. Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете - дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану
ІІІ. Қорытынды

М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала – ата - ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата - ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата - анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата - анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәрдемін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қоры - тындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды. ырғақта дамиды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдістемесін енгізуіміз. Бізде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психофизиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағдарлама бойынша сабақ оқытылады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған медициналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білімдерден құрылған екі Монтессори - педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдістемені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.

Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері.

Мария Мантессори - 1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок, әрі ғалым. Ол балаларды еркін тәрбиелеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М. Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл - ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909ж бастап М. Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды. 1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы - «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Монтессори әдісінің мақсаты:
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори ұстазының міндеті:
балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
ұсақ моториканы дамыту;
алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
зейінін тұрақтандыру;
тәртіпке үйрету;
Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК «Айналайын»ясли бақшасы
Ортаңғы «Жауқазын» топ тәрбиешісі
Жанұзақова Сәнім Жұмабайқызы

Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері. жүктеу
17 523
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының Кемалова Маржан
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Мария Монтессори 1870 жылдың 31 тамызында Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда қайтыс болды. Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар, балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық жаңалықтар ашуына толы болды. Ол
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Павлодар облысы, Май ауданы «Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп»ММ ағылшын тілі пән мұғалімі Майманова Альмира Акылбековна
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×