Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері

30 мам 2014, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Төлегенова Алтынгүл Мауметқызының іс - тәжірибесінен

Сабақтың тиімділігіне бір - бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.
Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын оқу тобының мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды.
Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін, оқытушының өз сабағында дәстүрлі емес сабақтардың элементтерін пайдалануы дұрыс болар еді.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты топта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сұраққа жауап беру т. б. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.
Өзімнің тәжірибемде бұл сабақтың элементтерін өткен тақырыпты сұрау кезінде, жаңа тақырыпты пысықтау кезінде, тәжірибелік сабақ кезінде пайдаланамын.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Зат туралы көп білетін оқушы сатып алады.
Бұл сабақтың элементтерін қайталау сабағында пайдалану ыңғайлы деп есептеймін, себебі, оқушының осы пән бойынша, осы кезге дейін алған білімін көрсетуге толық мүмкіндігі бар. Мысалы топты кіші топтарға бөліп аукционда сабаққа қатысты керекті мағлұматтарды сатып алуына болады. Осындай сабақта көңілді тапқыштар клубы сабағының элементтерін де пайдалануға болады.
Шығармашылық сабақ, оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 - 15 минут ішінде 1 - 2 топтың оқушылары тақырып бойынша таныстыру жобасын құрса, 3 - 4 топтың оқушылары оларға сұрақтарды дайындайды. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Оқытушы оқушымен жекелей, топтап жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар оқытушының басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3 - 6 оқушы бірге жұмыс пен қамтылады.
Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап, тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Оқытушы оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын тыңдап, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді. Жаппай жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Оқу жұмысын жүргізетін оқытушы топтағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас орнатады; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды анықталған мәселелерді талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады.
Интеграциялық сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан - жақты тұтас, терең және берік білім алуына
мүмкіндік жасайды.
Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасау қажет деп ойлаймын. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырғанда оң нәтиже болатыны сөзсіз. Мысалы: арнайы пәндер мен мамандандырылған пәндер арасындағы байланысты пайдалануға болады.
13 701
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде әлі де болса, шәкірттердің білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде. Физика пәнін игеру, олар үшін тек кітап материалын оқу ғана болып отыр. Шын мәнісінде, физика пәнінде оқушылар табиғат заңдарын оқып, білуі тиіс.
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына
Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақ тілі пәнінен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қызылорда қаласы, Абай ауылы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Модульдік технологияны ағылшын тілі сабағында пайдалану
Модульдік технологияны ағылшын тілі сабағында пайдалану
Т. Жүргенов атындағы № 123 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлжанат Әлиева Қуандыққызы
Қайталау сабақтарын жүргізу әдістемесі (әдістеме)
Қайталау сабақтарын жүргізу әдістемесі (әдістеме)
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Касмедина Б.А
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×