Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шағын жинақталған мектептің бүгіні мен болашағы

01 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Шағын жинақталған мектептің бүгіні мен болашағы

Қазақстан Республикасы Парламенті еліміздегі саяси идеялардың іске асырылуына, қарапайым адамдардың сұранысына, мұң - мұқтажына, мәдени - өркениетті дамуына баса назар аударуда. Сондай - ақ ел заңнамаларын жетілдіру, жаңа демократиялық үрдістерді енгізу, мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, сыбайлас жемқорлықты жоюда нақты шараларды іске асыруда. Сонымен қатар еліміздің алдында тұрған басты бағыт экономиканың өсуі арқылы білім беру, денсаулықты сақтау және т. с. с. әлеуметтік қамтамасыз етудің осы замандағы жүйелерін дамыту біздердің жұмысымыздың негізі болып отыр.

Соған байланысты білім беру жүйесінде осы күнгі жүргізіліп жатқан жаңарулар қоғамдық - экономикалық қатынастардың ғаламдануы, әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне ену, оны сапалық тұрғыда қайта құруға бағытталған. Бүгінгі күні тарихы, географиялық және басқа жағдайларға да байланысты басым көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан жалпы білім беретін мектептер үшін бұл өте қажет. Ауыл мектебінің мәселесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл – ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі басты құндылық.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев " Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек ғана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді",- деп атап көрсетті.
Қазір ауыл мектебіне тән белгі – олардың шағын жинақтылығы, республикадағы жалпы білім беретін орта мектептердің 52, 1 ℅- ы шағын жинақты мектеп. Шағын жинақты мектептер оқушылардың жалпы орта білімге деген сұранысын қанағаттандырады, мектеп түлектерінің одан әрі кәсіптік білім алуына қажетті бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін шешеді. Сондай - ақ, шағын жинақты мектеп білім беру міндеттерінен басқа әлеуметтік - экономикалық міндеттерді де қоса атқарады: яғни жастарды ауылға тұрақтандыруға, халықтың мәдени деңгейін көтеруге, демографиялық мәселелерді шешуге, түптеп келгенде, экономиканың аграрлық саласының дамуына өз үлесін қосады.

Қазіргі кезде ауыл мектептерінің шағын жинақталған мектептерге айналуының басты себебі: Республикадағы әлеуметтік - экономикалық жағдайымен, дүниеге сәби келуінің азаюымен, миграциямен, қала халқы санының өсіп, ауыл тұрғындарының тұрақсыздануымен сипатталады. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында (1 бап, 58 тармақ) шағын жинақты мектепке " оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып жинақтары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар, жалпы білім беретін мектеп" деген анықтама берілген.

Шағын жинақты негізгі және орта мектеп - бұл ауыл мектебінің ерекше типі. Аталған мектептер мәдени орталықтардан алшақ орналасуымен, ауылда мектептен тыс, мектепке дейінгі білім ұйымдарының жоқтығымен, параллель сыныптардың болмауымен, сыныптағы бала санының аздығымен, оқушылардың әр жастағы топтарымен ерекшеленеді.

Соған қарамастан шағын жинақты мектептер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер туралы құқықтық - нормативті құжаттарында белгіленетін шараларды толық атқаруға міндетті.
Сондықтан шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыру, ондағы оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, құрылымы мен үлгісін, педагогтарды дайындау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Шағын жинақты мектеп проблемалары:
• Бала саны аз
• Лидер сирек
• Бәсекелестік аз
• Сыртқы ортамен байланыс аясы тар
• Сыныптар қосылып оқытылады
• Әдістемелік көмек аз
• Мұғалімнің апталық жүктемесі аз
• Мектептің көлігі жоқ, әр түрлі шараларға көлік жалдайды
• Жақсы кадрлар тұрақтамайды
• Материалдық техникалық базасы толықтырылмайды
Шағын жинақталған мектептің артықшылықтары:
• Бала саны аз, қиын бала жоқ
• Қабілеті бар баламен жұмыс жасау мүмкіндігі мол
• Ата анамен тығыз байланыста
• Елдегі адамдар түгел таныс
• Кәсіпшілікті меңгеру мүмкіндігі бар
• Ауылдық еңбекпен етене араласады
• Табиғатпен етене жақын
Шағын жинақталған мектеп оқушыларының ата - аналарының жағдайы:
• жұмыс көзі жоқ, көбі жұмыссыз
• жеке мал ұстайды
• егін егеді
• кәсіпшілік етеді
• баласын отбасы тірлігіне көп жұмсайды
• баланы еңбекке көп баулиды
• мектеп бітірсе болды деген көзқарас бар
• оқытуға шамасы жетпейді
Қандай ортада болса да, өзінің айтар ойы, өмірге деген өзіндік көзқарасы бар, жан - жақты қалыптасқан білімді оқушыны дайындау басты мақсатымыз. Мұғалім шәкірттерді қаталдықпен емес, Л. Толстойдың "Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу" деп жазғанындай мейірім шуағымен, ағыл - тегіл білімімен, ақыл парасаттылығымен ғана баурап ала алады.
Шағын жинақталған мектеп проблемаларын шешу үшін:
• елдегі қоғамдық мәдени орталықтарды қалыпқа келтіру, жаңадан ашу
• шағын жинақты мектептерде жұмыс істейтін кадрларды даярлау
• ауылды жерлерде кадрларды тұрақтандыру( тұрғын үй беру, түрлі тұрмыстық жағдайларын жақсарту)
• оқушылар шектеліп, тұйықталып қалмас үшін жорықтар, шараларға қатыстыру
• шағын жинақталған мектептер үшін оқулықтар қажет
• ШЖМ мұғалімдері үшін әдістемелік әдебиеттер шығару
• мектеп үйінің жылу мәселесін шешу
• ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету
• материалдық техникалық базасын жақсарту
• штаттық бірліктерді қысқартпау
Осындай шағын жинақталған мектеп жайлы сөз ете отырып өзім еңбек етіп отырған мектепке тоқтала кетсем. Талпын ЖОББ мектебінде 1998 жылдан бері еңбек етіп келемін, аталған жылы мектепте 156 оқушы болды. Мектептегі оқушы саны жыл өткен сайын азайып келеді. 2013 - 2014, 2014 - 2015, 2015 - 2016 оқу жылдары оқушылардың саны күрт азайды.

Дегенмен де мектеп шағын жинақты мектеп болғанымен кадр тапшылығы кездескен жоқ, мұғалімдер тұрақты жұмыс істеп келеді. Мектептің жетістігі де аз емес, атап айтар болсақ мақтана да, марқая айтуға болады мектебіміздің 2006 жылғы түлегі Нықмұқанова Маншук Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетін бітіріп, магистратураға оқуға түсіп, қазіргі таңда Пакистан Республикасының Карачи қаласында әдіс алмасу үшін бес айлық іс сапарға барып келді. Мектептің 2012 ж түлегі Хамзин Еділхан А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің "Ақпараттық жүйелер" факультетін бітіріп, қазіргі таңда аталған университеттің 2 курс магистранты.

Бұл шағын ғана ауыл мектебінің ауыз толтырып айтарлық жетістіктерінің бірі ғана.
Сонымен бірге шағын мектептің проблемалары да жоқ емес. Мысалы: мектептің материалдық техникалық базасының жеткіліксіздігі, компьютерлердің ескілігі, интерактивті тақтамен қамтылмағандығы, спорт залдың жоқтығы, ауыл қала іргесінде тұрғанымен газбен қамтылмағандығы т. с. с шағын жинақты мектептерге тән проблемалар да бар.
Мектеп әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ауыл мектебінің мәселесі - қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлеуметтік даму үрдісінен хабардар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе.
Біз бәріміз де бүгінгі ұлы Мұхтар Әуезовтің "Ел боламын десең, бесігіңді түзе",- деген ұлағат сөзін реті келгенде еске түсіріп жатамыз.

Ел бесігі - мектептің беталысы, бағыт - бағдары айқындалмай, аяқ алысы бекіп, көші түзелмей, мемлекеттің көші түзелмесі анық, өйткені ауыл мектебінде Республиканың жергілікті халқы - қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата - ана, халық арманын арқалаған жас жеткіншек ұрпағы оқып, тәрбиеленіп, өсіп жатыр.
Болашақта да шағын жинақты мектептердің қабырғасы берік, еңсесі биік болуы біздің еңбегімізге байланысты.

Сонымен Жұбан ағамыз айтқандай:
Барлық үйдің мектеп неге сұлуы?
Барлығынан неліктен ол жылуы?
Бөбектерді мәпелейді ол неге?
Қадірлейді халық не үшін бұл үйді?- деп жырлауға лайық шағын жинақты мектепті тұрғыза алсақ, ұрпақ алдындағы, заман талабына сай міндетімізді атқарғанымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27. 07. 2007
2. Білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақты мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару. ( Халықаралық семинар материалдары. Астана. 2009)
3. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
4. Шағын жинақты мектептің мәселесі мен болашағы (Білім беру саясатын зерттеу сериясы Алматы. 2005)
5. Шағын жинақты мектеп жайлы ақпарат (Білім және ғылым министрлігі, Астана. 2009)

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Талпын ЖОББ мектебі Капезова Салтанат Салимовна
7 332
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас
Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енудің батыл қадамдары жасалынуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.
Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі
Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Білім беруді ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандыру
Қарағанды облысы, «Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×