Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы

26 қазан 2023, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Картотека "Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы"
№1 «Күрекше».
Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.

№ 2 «Чашечка» «Шәшке».
Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.

№ 3 «Иголочка» «Инеше»
• «Инеше» - ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10 - 15 секунд ұстап тұру керек.

№4 «Горка» «Төбешік»
• «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

№5 «Трубочка» «Түтікше».
Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6 - 8 рет орындалады.

№ 6 «Часы» «Сағат»
• «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
• «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

№ 7 «Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере. 2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек. 3. Тіл оңға - солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек. 4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя - пя - пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

№ 8 «Ат шауып келеді»
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады

№ 9 «Грибок» «Саңырауқұлақ»
• «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

№ 10« Гармошка»
Ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.

№ 11 «Әткеншек»
Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.
Осылай тілдің қалпын 4 - 6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек. Осылай тілдің қалпын кезекпен 4 - 6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.
Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.

№12 «Жылан»
«Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу.

№13 «Сылақшы»
ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10 - 15 рет қайталау.

№14 «Параход»
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл - қозғалысын жетілдіру.
Қысқаша сипаттамасы: ауызды кішкене ашып ы дыбысын ұзақ айту.
Әдістемелік нұсқау. 1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.

№ 15 «Күркетауық»
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру
Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап ашып, тілді жлғарғы ерінге, қойып тілдің жалпақ ұшын алға - артқа жылжыту керек. Тілді еріннен ажыратпау керек - ерінді сипағандай. Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.
Әдістемелік нұсқау. 1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа - алға болуын қадағалау керек. 2. Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.

Еріннің қозғалу қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:
С/р
Жаттығу атауы
Орындалу әдістемесі
№16
Қаша
Тістер біріктірілген, ерін күлімдейді
№17
Тоқаш
Еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады
№18
керней
Біріктірілмеген еріндер алға қарай созылады
№19
Пілдің тұмсығы
Еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады
№20
үйректің тұмсығы
Еріндер біріктірілген, алға қарай созылады – жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі төмен қарай түсірілген
№21
терезе
«Ыстық» — ауыз үлкен болып ашылады, ауызды жабу – «суық»
№22
шар
Ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау

Тілдің қозғалғыштық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:
С/р
Жаттығу атауы
Орындалу әдістемесі
№23
құймақ пісіреміз
Жымиып, ауызды ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге саламыз. Тілді бірқалыпты, жағдайда санау арқылы 1 - ден 5 - ке дейін, дан кейін 1 - ден 10 - ға дейін ұстап тұру керек.
№24
ұн илейміз
Жымиып, «пя - пя - пя…» деп тілмен еріндер арасында шалпылдату.
№25
тісімізді тазалаймыз
Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан - жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.
№26
тіліміздің күші көп
Тістер біріктірілген, тіл төменгі, одан кейін жоғарғы тістерге күшпен басады.
№27
баспалдақтар
Тілдің ұшы кезек - кезек біресе жоғарғы, біресе төменгі тістерге тиеді.
№28
тарақ
Жоғарғы тістер тілді «тарайды».
№29
дәмді тосап
Жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау.
№30
құлыншақ
Еріндерді созып, ауызды ашып, жіңішке тілмен тырсылдату.
№31
саңырауқұлақ
Жымиып, ауызды ашып, тілдің жалпақ бөлігін көтеріп, таңдайға керіп, ұстап тұру.
№32
кеме келе жатыр
Жымиып, ауызды ашу, күшпен «ы - ы - ы…» деп айту.

Дыбыс артикуляциясын дамытуға арналған әзіл - жаңылтпаштар.
№33
аз - аз - аз
Құдықты қаз.
Қаңқылдайды қаз.
Келіп қалды жаз.
Болып қапты жаз.
Атаңа хат жаз.

№34
ақ - ақ - ақ
Астында болсын тақ!
Алла болсын жақ!
Басыңа қонсын бақ!
Атам маған жақ.
Гүлденіп кетті бақ
Әжем маған жақ.
Боларсың өркез сақ.
Секіреді лақ.
Шұнаңдайды лақ.
Сылдырайды бұлақ.

№ 35
ер - ер - ер
Қасиетті жер.
Төгілді көп тер.
Жемістерді тер.
Аға соңынан ер.
Сұрағанын бер.
лау - лау - лау
Желбірейді жалау
Лапылдайды алау.

№36
ән - ән - ән
Қамба толы дән.
Әжем айтқан ән.
Құрып жүргін сән.

Толық нұсқасын жүктеу
26 868
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер, Ш дыбысын жеке, буында дұрыс айтуға машықтандыру
Жемістер, Ш дыбысын жеке, буында дұрыс айтуға машықтандыру
Сабақтың мақсаты: Тіл бұзылыстарын түзету, сөздік қорларын молайту, сөйлеу қабілетін жақсарту. Білімділік: Сөйлеу тілін фонетикалық жағын таза, лексикалық жағын мол, грамматикалық жағынан дұрыс пайдалану, біліктері мен тәжірбелік дағдыларын
Н дыбысы
Н дыбысы
Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
Ш дыбысын (буын, сөзде, сөйлемде) машықтандыру.
Ш дыбысын (буын, сөзде, сөйлемде) машықтандыру.
дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Р дыбысын буын, сөз ішінде бекіту
Р дыбысын буын, сөз ішінде бекіту
Жезқазған қаласы. № 10 орта мектептің логопеді Р. Ж. Сейтказинова
Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңақала аудандық психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті Логопед: Мендешева Жадыра Маратовна
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×